Тақырып. Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті. Оқу мақсаты



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі29,61 Kb.
#119805
1   2   3
Байланысты:
Сақ-сармат өркениеті.
тәжірибелік сабақ 3
2. Сақтар туралы деректер.

"Сақ әйелдері ержүрек келеді".

Ктесий.

Азиялық скифтер.

Гректер.

"Сақтар қыста ағаштан салынған үйлерде тұрған, темір мен күмісті пайдаланбайды".

Геродот.

"Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас".

Геродот.

"Скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбінесе дайлар деп атайды".

Страбон.

"Олардың бәрі ақ көңіл және уәдеге берік".

Страбон.

"Сақтар жақсы шабандоз, садақпен, қылышпен, қола балталармен жақсы қаруланған, сауыт киген" деп жазды.

Страбон.

"Дұшпанға–қатал, досқа–адал", "әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық".

Гректер.

"Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген сөздерді Бехистун жазбаларында айтады.

I Дарий.

Құдіретті еркектер.

Парсылар.

Жүйрік атты турлар.

Парсылар.

3. Сақ тайпаларының қоныстануы.

Тиграхауда (шошақ бөріктілер).

Жетісу-Тарбағатай, Сырдарияның орта ағысы.

Парадарайа (теңіздің арғы жағындағы сақтар).

Арал бойы, Сырдарияның төменгі ағысы.

Дай, массагет.

Арал маңайы.

Аргиппей: "ақ жалды жүйрік аттардың иелері".

Солтүстік Қазақстан.

Исседон.

Орталық Қазақстан.

Аримаспы.

Шығыс Қазақстан, Павлодар.

4. Сақтардың қоғамдық құрылысы.

Жауынгерлер.

Патшалар, тайпа көсемдері. Үнді–Иран тілінде "ратайштар" деп атады (арбада тұрғандар).

Абыздар.

Танымал белгісі болып тостаған мен айырықша бас киімдер саналды.

Малшылар, егіншілер.

Сегізаяқтылар деп атады (екі өгізі бар). Халықтың басым көпшілігін құрады.

5. Сақ қалаларының сипаттамасы.

Бәбіш–Молда.

Жері: Жаңадария бойы. Тұрғындары егіншілікпен айналысты.

Ақтау.

Жері: Есіл өзенінің оң жағалауы. Ерте темір дәуіріне жататын, бес қорғаныс қалқасынан тұрған қала.

Шірік–Рабат.

Жері: Қызылордадан 300 км жерде. Күзет мұнарасы-цитадель, темір қаруы мен сауыты болған сақ жауынгері, суару каналдардың іздері табылды.

6. Мәдениет. Сақ қорымдары. Алтын бұйымдар, темір қанжар, қылыш, найзалар, тері, ағаш бұйымдары, киім қалдықтары табылды.

Есік.

17-18 жастағы сақ ханзадасы табылды ("Бірінші алтын адам"). Оны 1969 ж Ақышев тапты. Алтын ұшты жебе, қамшы, жібек қоржын, қола тегенелер, 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша табылды. Алтын әшекей бұйымдардың саны: 4000.

Шілікті.

Қазақстандағы ең көне патша жерлеу орны). №1 обадан "Бәйгетөбе алтын адамы" табылды ("Үшінші алтын адам"). Оны Төлеубаев тапты. 13 қола жебе, алтын бесжұлдыз, құс түріндегі алтын қаптырма табылды. Алтын түймешіктерінің саны: 4303.

7. Сарматтардың жалпы сипаттамасы.

Жері.

Еділ-Жайық, Батыс Қазақстан, Орал алқаптары.

Хронологиясы.

Б.з.б. 8 ғ–б.з. 5 ғ.

Деректер.

Сарматтар туралы Рим тарихшылары Диодор, Плиний, Полибий жазды. Геродоттың хабарлауынша савроматтар скиф тіліне жақын тілде сөйледі. Арал-Каспий аралығын мекендеген тайпалар туралы Геродот және парсы патшасы Ксеркс жазды.

Басқару жүйе.

Қауымның ішкі, сыртқы мәселелерін тек әскербасылар мен қолбасшылар шешті. Әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де қатысты болды, әйелдердің қоғамдағы рөлі жоғары болды.

Саяси тарихы.

Сарматтар Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады. Б.з.б. 248-247 жж Арсақ бастауымен сарматтар Парфия мен Гирканияны басып алды. Б.з.б. 2 ғ сарматтар Қара теңізге дейін жетті. Б.з.б. 1 ғ сарматтардың роксолан тайпасы Мидияға дейін жетті. 4 ғ сарматтардың Қара теңіз жағалауындағы үстемдігіне ғұндар тойтарыс берді.

Мал шаруашылығы.

Қыстаулары Оңтүстік Үстірт пен Маңғыстауда, жайлаулары Оңтүстік Жайық пен Солтүстік Қазақстанда болды.

Егіншілік.

Маңызды шаруашылық түрі болды.

Қолөнері.

Қолөнердегі стиль-аң стилі.

Саудасы.

Сарматтар коршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатты. Шыны ыдыстарды өздері жасамады, шығыс елдерінен алғызды. Саудаласқан елдері: Сирия (фаянс), Балтық бойы (янтарь). Отырар аймағында Иран мөрлері табылды.

8. Мәдениет. Сармат қорымдары.

Аралтөбе.

Соңғы сармат кезеңінің ескерткіші. Қолбасшы-абыз және оның әйелі жерленген. Көсемнің қару-жарағы, абыз асатаяғының бөліктері табылды. "Екінші алтын адам" саналады.

Лебедевка.

Археологиялық олжасы көп әрі қызықты қорым. Алтын көйлекті әйел жерленген. Дионистің басы бейнеленген құмыра табылды.

Тапсырмалар.
1. Жартылай көшпелі мен көшпелі мал шаруашылығын салыстырыңыз (10).

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

Ұқсастығы.

Көшпелі мал шаруашылығы.






2. Сақтар мен сарматтарға салыстырмалы талдау жасаңыз (10).

Сақтар.

Мәселе.

Сарматтар.




Аумағы.







Қоғамдық құрылысы.





Соғыстары.







Шаруашылығы.







Мәдениеті.




Қорытынды (тайпаларды не біріктіреді).


3. Сақ-сармат өркениетінің белгілерін анықтаңыз (алып тастаймыз, қосамыз) (10).
Дәстүрлі (аграрлық) өркениеттің ерекшеліктері:
1. табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділік;
2. техникалық прогрестің шектеулігі;
3. өз қажеттілігі үшін ғана өнім өндіру;
4. әлеуметтік негіз-қоғам мен отбасы;
5. басқару формасы-деспоттық;
6. құқық пен заңға қарағанда, билік-үлкен құндылық;
7. адам саясаттан алшақ, саясат-азғантай ақсүйектер тобының ісі;
8. мемлекеттің жеке адам мүддесімен санаспауы;
9. дәстүр мен салттың, жазылмаған заңдар мен нанымның ықпалымен қоғамдық қатынастарды реттеу;
10. білім алу ақсүйектердің ғана маңдайына жазылған деп есептелінді.


4. Несімен келіспейміз (10).
18 ғасырдағы француз философы Ш. Монтескье «Парсы жазбалары» еңбегінде: «Әлемдегі бірде бір халық монғолдардан өзінің ұлықтығымен немесе жаулаушылық даңқымен асып түсе алмады. Бұл халық шынымен де Жаһанның билеушісі болып табылады; ал қалған халықтар оған қызмет ету үшін жаралғандай тәрізді, ол империяның негізін құрушысы және жоюшы; барлық уақытта ол жер үстінде өз қуаттылығын айқындайтын, барлық заманда ол халықтардың қамшысы болған еді» деп жазды.


Қорытынды (алған білімді жинактау) (10)
Көшпелілікке жалпы екі көзқарас бар: біреулері оны жабайы, варварлық деп бағаласа, екіншілері керісінше, ешкімге ұқсамайтын, жеке өркениет деп қарастырады. Қайсысымен келісесіз?
Сонда тарих толқынында көшпелілер отырықшы жер өндеушілерден неге артта қалды?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет