Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері



бет12/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні

Софистік мектеп.«Софистика» және «софист» терминдері ежелгі гректің «даналық» сөзінен бастау алады. Софистерге тән сипат: 1..Қоршаған дүниеге сыны қатынас; 2.Барлық нәрсені, процесті іс жүзінде тексеруге ұмтылыс, қандай да болмасын ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық тұрғыдан дәлелдеуге ұмтылыс;3.Ескірген дәстүрлі мәдениет негіздерін қабылдамау (нигелизм);4.Сүйенетін негізі жеткіліксіз көне дәстүрлерді, дағдыларды ережелерді терістеу;5.Мемлекет пен құқықтың шарттылығын, олардың жетілмегендігін дәлелдеуге ұмтылыс;6Моральдік нормаларды абсолютті деп емес, сынау, жетілдіру объектісі ретінде қабылдау;7..Пікірлер мен баға берудегі субъективизм; 8.Объективті болмысты терістеу және барлық нәрсенің тек адам ойында тірішілік ететінін дәлеледеуге талпыныс. Негізгі еңбектері. Белгісіз софисттің «Қосмәнді сөздер» («Двоякие речи») трактаты ғана жеткен. Философиялық көзқарастары. Субъективизм. Барлық нәрсенің салыстырмалылығы туралы ой – софистердің дүниетанымдық негізі болды. Барлық нәрсе салыстырмалы болса және барлығы әрбір адамның субъективті талғамына байланысты болса, ақиқаттың жалғыз ған өлшемі бар, ол – адамның сезімдері. Ал адамдар түрліше ойлайды. Демек, әркімнің өз шындығы бар, сұлулық пен ұсқынсыздық туралы пікірлер – салыстырмалы. Және ол пікірлердің бәрі ақиқат. Протагор.Аға софистердің ішіндегі көрнектісі Протагор болды . (б.д.д. V ғ ) Ақыға үйрететін дәрістері үшін «Сатулы Сөз» атанған ол өзінің философиялық кредосы ретінде: «Адам – барлық заттардың өлшемі: тіршілік етушілердің – олардың бар екендіктерінің, және тіршілікте жоқтардың – олардың жоқ екендіктердің өлшемі» дегенді жариялады.Бұл – қоршаған дүниені бағалаудың, жақсы мен жаманның өлшемі ретінде адамның субъективті пікірі алынуға тиіс дегенді білдірді.Софистік бағыттың келесі өкілі – Эмпедоклдың шәкірті Горгий ( б.д.д 483-375).Афиныға 427 жылы келген ол кез-келген тақырыпқа еш дайындықсыз, сол тақырыпты әрі дақтап, әрі қарсы пікір айтып сөйлей алатын шешендігімен таң қалдырады. Оның сөздері негізінен басты үш скептикалық қағидаға саятын болған:1.Егер бар болса, ол танылмайды; 2.Болмыс танылған күнде де ол туралы ақиқат пікір болмайды; Сократ философиясы.Ғұмыр тарихы. Сократ (б.д.д 470-399 жж.) өз өмірі – философиялық ілімінің айнасы болған афинылық философ. Әкесі тасқалаушы, анасы кіндік шешелікпен айналысқан. Сократ өз әкесі сияқты сұнғатшы болғанмен, өз анасының кәсібін иеленгенің: сәбилердің дүниеге келуіне көмектескен сияқты, ақиқаттың туылуына көмек беретіндігін айтуы ұнатады екен. Сократтың әйелі Ксантиппа - әлемдік мәдениет тарихына шайпаулықтың үлгісі ретінде енді. Негізгі еңбектері. Сократ өз өмірінде бірде – бір еңбек, сөз жазып қалдырмаған. (әдейі). Философиялық көзқарастары. Сократ ілімі бізге оның шәкірттері арқылы жеткен. Олардың әрқайсысы Сократ ілімін өздігінше баяндайды. Ал күмән туғызбайтын мәліметтер қатарына мыналар жатады: -Сократ «философияның басты міндеті – табиғатты зерттеу емес, адамды тану» екенін бірінші болып айтты. -Сократ жанның денеден – денеге көшуі идеясын жақтаушы. Сократ этикалық реализмді жақтады: 1.«Кез-келген білім – ізгілік»; 2.«Кез-келген зұлымдылық білімсіздіктен туады» деп түсінді; Сократтың диалог түрінде өтетін ашық әңгімелерінің тақырыптары: ізгілік, байлық, даңқ, денсаулық, сұлулық, махаббат, адамшылық, зұлымдық т.б. Ол әңгімелерді өткізу тәсілін Сократ өзі «маевтика» («кіндік шешелік»-«ой туғызу өнері») деп атады. Оның мәні - әңгімелесушіге дайын ойларды үйрету емес, оған жетекші сұрақтар беру арқылы ойландырып, ақиқатты іздеуге итермелеу. Сократ ілімінің тарихи мәні: 1.білімді насихаттады. 2.адамзатты толғандырған мәңгілік сұрақтарға (ізгілік, зұлымдық, махаббат, ар-намыс т.б) жауа іздеді. 3.Маевтика әдісін ашты, пайдаланды.

Платон.Ғұмыр тарихы. Платон (б.д.д 427-347жж.) – (шын Аристокл(«Платон»-«кең иықты»)).Сократтың шәкірті болған және Сократты өзіне өмір бойы ұстаз санап өткен ежелгі грек философы.Негізгі еңбектері. Бізге Платон шығармаларының түгелге дерлігі жеткен. Бірақ кейбіреулерінің оны шынымен Платонның жазғандығына күмән бар. Платон енбектеріне: 1 монолог («Сократ апологиясы»), 34 диалог (23 шынайы Платондікі,11 күмәнді), 13 хат (көпшілігін Платонның өзі жазбаған) жатқызылады. Маңызды философияылқ шығармаларының қатарына «Протагор», «Пир», «Менон», «Федр», «Мемлекет», «Заңдар», «Сократ», «Пармелид», «Горгий», «Федон» жатады. Платон еңбектрінің барлығы көркем формада диалог түрінде жазылған. Диалогтарының басым бөлігінде Сократ атты кейіпкер – шешуші ой, кесінді сөзді айтатын басты қатынасушы. Философиялық көзқарастары. Платон объективті идеализмнің негізін қалаушы: Платон философиясының орталығында идеялар туралы ілім тұр. Платон философиясындағы онтологиялық ілім. Платон дүние, тіршілік барлық нәрсе 3 субстанциядан құралатындығын негіздетін триадалық ілімді ұсынды. Оның іліміне сәйкес 3 негізден тұралды: 1.«тұтастық» 2 «ақыл» 3. «жан»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет