Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері



бет13/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні

«Біртұтас» («Единое»): 1.Біртұтас – бүкіл болмыстың негізі 2.Біртұтас – ешбір қасиеттке ие емес (басы- аяғы, формасы, мазмұны, бүтін - бөлшегі, т.б жоқ)

3.Біртұтас - қандай да бір болмыстан, ойлаудан, сезімнен жоғары 4.Біртұтас – барлық нәрсенің, барлық заттардың, идеялардың, құбылыстардың, қасиеттердің, (жақсы мен жаманның негізі). Ақыл: 1.«біртұтастан» - туындайды;2.«біртұтастан» - ажыратылған;3.біртұтасқа қарама-қарсы;4.барлық заттың мәні болып табылады;5.жер бетіндегі тірі тіршілік. Жан:1.Барлық заттар мен құбылыстарды өзара байланыстыратын қозғалғыш субстанция. 2.Жан ажалсыз; 3.Адам жаны (заттың жаны) - әлемдік жанның бөлшегі;4.Жан: әлемдік және жеке адамның жаны болып бөлінеді;5.Заттар мен өлі табиғаттың жаны болуы мүмкін (гилозоизм);6.Адам тәні өлгеннен соң жер асты патшалығында өз әрекетіне жауап беріп болғаннан кейін қайтадан жаңа формаға (тәнге) енеді;7.Жанның тұрақтылығы мән тәннің алмасуы – Космостың табиғи заңы. Платонның гносеологиясы (дүниенің идеалистік картинасы): 1.материалды дүние – «идеалар әлемінің» бейнесі ғана; 2.Таным объектісі ең алдымен «таза идеялар» болуға тиіс; 3.«таза идеяларды» сезімдік таным арқылы тану мүмкін емес (сезімдік таным ақиқат білім бермейді (тек пікір – «докса» ғана )); 4.«таза идеаларды» жоғары рухани әрекет нәтижесінде ақыл арқылы ғана тануға болады. (идеалистік таным); 5.Жоғары рухани әрекет – дайындығы бар адамдарға: білімді, интелектуалды философтарға ғана тән. Тек солар ғана «таза идеаларды» көре және тани алады. Платонның мемлекеттік теориясы. Өзіне дейінгі ойшылдардан ерекшелігі: Платон өз философиясында мемлекет мәселесінде айрықша тоқталды. (Сократқа дейінгі философтар: Фалес, Гераклиттер, т.б қоғам, мемлекеттер теориясымен емес дүние негізін анықтау және табиғат құбылыстарын түсіндірумен айналысты). Платон мемлекетті 7 түрге жіктейді: 1.Монархия – бір адамның әділетті билігі. 2.Тирания – бір адамның әділетсіздік билігі. 3.Аристократия – азшылықтың әділетті билігі. 4.Олигархия – азшылықтың әділетсіздік билігі. 5.Демократия – көпшіліктің әділетті билігі 6.Тимократия – көпшіліктің (армия, әскербасылдардың) әділетсіз билігі 7.Платон «болашақтың мемлекеті» деген атпен - әлі болмаған, бірақ келешекте орнайтын, мемлекеттік билікпен заңдардың қажеттілігі болмайтын идеалды мемлекетті сипаттайды.



Аристотель.Ғұмыр тарихы. Аристотель (б.д.д 384-322ж.) – Платонның шәкірті, Македондық Александрдың тәрбиешісі болған классикалық кезеңдегі ежелгі грек философы.Аристотель философиясының дамуы 3 кезеңге жіктелді: 1.б.д.д. 367-347 жж. (20 жыл) 17 жаста Платон академиясына келіп, Платон өліміне дейін шәкірт болды.2. б.д.д. 347-335 жж. (12 жыл) – Македония мемлекетінің астанасы Пелле қаласында Филипп патшаның шақуырымен оның ұлы Александрдың тәрбиесімен айналысады. 3.б.д.д. 335-322 жж. - Өзінің философиялық мектебін – Ликейді (Перипатикалық мектеп) ашып өмірінің соңына дейін сонда шұғылданды.Негізгі еңбектері. Аристотельдің негізгі еңбектер қатарына мыналар жатады:Аспан туралы, Физика, Пайда болу мен жойылу туралы, Метеорология, Хайуанаттар тарихы, Жануарлар мүшелері туралы, Жануарлар қозғалыс туралы, Жануарлардың шығу тегі туралы, Жан туралы, Никомах этикасы, Үлкен этика, Афинылық саясат, Саясат, Экономика, Поэтика, Риторика, Метафизика, Бірінші аналитика, Екінші аналитика, Топика, Софизмдерді терістеу, Категориялар, Түсіндірмелер туралы, Философия туралы, Эвдем, Протрептик.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет