Тақырып «Физика – табиғат туралы ғылым»
Оқу мақсаттары: 7.1.1.1 - физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
Тапсырма
Төмендегі суреттерде қандай физикалық құбылыстар бейнеленген?
Жауаптарыңызды әр нұсқаның тұсына жазыңыз.
a)_________________
|
b)_______________
|
c)______
|
d)____________
|
Дескриптор
Білім алушы
дыбыс құбылысын анықтайды;
жылу құбылысын анықтайды;
механикалық құбылысты анықтайды;
жарық құбылысын анықтайды.
|
Тақырып «Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері»
Оқу мақсаттары 7.1.1.2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату
Тапсырма
Айнұр мен Марат Галилейдің түрлі денелердің құлауы туралы тұжырымдарын тексеруге ұйғарды. Айнұр төбеден мұз сүңгілерінің қашан құлайтынын күтті, ал Марат биік көпірден ұсақ тастарды лақтырды. Балалардың қайсысы эксперимент, қайсысы бақылау жүргізді? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
Дескриптор
Білім алушы
бақылауды көрсетеді;
экспериментті көрсетеді;
жауабын түсіндіреді.
|
Тақырып «Скаляр және векторлық физикалық шамалар»
Оқу мақсаттары 7.1.2.2 - скаляр және векторлық физикалық шамаларды
ажырату және мысалдар келтіру
Тапсырма
Мына шамалардың скаляр немесе векторлық болатынын анықтап, сәйкес бағанға белгі қойыңыз.
Физикалық шама
|
Векторлық шама
|
Скаляр шама
|
Жылдамдық
|
|
|
Жол
|
|
|
Көлем
|
|
|
Масса
|
|
|
Күш
|
|
|
Дескриптор
Білім алушы
скаляр шамаларды анықтайды;
векторлық шамаларды анықтайды
|
Тақырып «Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)»
Оқу мақсаттары 7.1.2.1 - физикалық шамаларды олардың SI-жүйесіндегі
өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
Тапсырма
Келесі физикалық шамаларды олардың (SI) (Халықаралық Бірліктер Жүйесі) ХБЖ-індегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңіз:
|
|
км\сағ
|
|
кг
|
Жылдамдық
|
м\с
|
Масса
|
г
|
Уақыт
|
м3
|
Көлем
|
сағ
|
|
с
|
|
см3
|
Дескриптор
Білім алушы
уақыттың өлшем бірлігін анықтайды;
көлемнің өлшем бірлігін анықтайды;
массаның өлшем бірлігін анықтайды;
жылдамдықтың өлшем бірлігін анықтайды;
|
Тақырып «Физикалық шамаларды өлшеу»
Оқу мақсаттары 7.1.3.1 - дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу,
өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу
Тапсырма
Т өмендегі суреттерде түрлі аспаптармен физикалық шамалардың өлшенгені туралы ақпарат берілген. Аспаптар шкалаларының бөлік құндарын және көрсетулерін анықтап, кестені толтырыңыз.
Аспап аты
|
Өлшенетін физикалық шама
|
Аспап шкаласының бөлік құны
|
Аспап қателігі
|
Нәтиже
|
Мензурка
|
|
|
|
|
Секундомер
|
|
|
|
|
Сызғыш
|
|
|
|
|
Дескриптор
Білім алушы
аспаптардың бөлік құнын анықтайды;
өлшенетін шамалардың мәнін анықтайды;
алынған нәтижелерді қателікті ескеріп жазады.
|
Тақырып «Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы.Санақ жүйесі»
Оқу мақсаттары 7.2.1.1 - келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру
материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы,
траектория, жол, орын ауыстыру
Тапсырма 1
Гүл арасы бал жинау кезіндегі өз қозғалысын А гүлінен бастады. Содан кейін В гүлінде аялдама жасады. Ең соңында өз С ұясына ұшып келді.
Тапсырмалар:
a) ара траекториясына сипаттама беріңіз.
b) араның орын ауыстыруын суретте сызып көрсетіңіз.
c) араның жүрген жолы мен орын ауыстыруының модулдері тең бе? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
d) араны материялық нүкте ретінде қарастыруға болады ма? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
ара траекториясын сипаттайды;
араның орын ауыстыруын сызады;
араның жолы мен орын ауыстыруын салыстырады;
материялық нүктені сипаттайд
|
Тақырып «Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар»
Оқу мақсаттары 7.2.1.3 - түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
Тапсырма
Сурет бойынша қай дененің қозғалысы бірқалыпты, қайсысының қозғалысы бірқалыпсыз екенін анықтаңыз.
Дескриптор:
Білім алушы
бірқалыпты қозғалатын денені анықтайды;
бірқалыпсыз қозғалатын денені анықтайды.
|
Тақырып «Қозғалыстың салыстырмалылығы»
Оқу мақсаттары 7.2.1.2 - механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру
Тапсырма
Суретте берілген денелердің қозғалыста не тыныштықта екенін берілген санақ денелеріне қатысты анықтап, жауап беріңіз.
Қозғалыс басталған кезде
Қозғалыс аяқталған кезде
a) 1-бала ағашқа қатысты ________________________
b) 1-бала шыршаға қатысты ________________________
c) 2-бала 1-балаға қатысты ________________________
d) 2-бала арбаға қатысты ________________________
e) 2-бала шыршаға қатысты ________________________
f) 1-бала 2-балаға қатысты ________________________
Дескриптор Білім алушы
берілген санақ денесіне қатысты қозғалыстағы денелерді анықтайды;
берілген санақ денесіне қатысты тыныштықтағы денелерді анықтайды
|
Тақырып «Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу»
Оқу мақсаттары 7.2.1.4 - қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу
Тапсырма
Кестедегі белгісіз шамаларды анықтаңыз.
|
|
|
|
|
|
Жылдамдық
|
0,18 км/сағ
|
|
7 м/с
|
2,3 м/с
|
63 км/сағ
|
Жол
|
|
150 см
|
|
2300 мм
|
35 м
|
Уақыт
|
0,5 мин
|
1 мин
|
10 с
|
|
|
Дескриптор:
Білім алушы
Өлшем бірліктерді ХБЖ-ға айналдырады.
Дененің жылдамдығын анықтау формуласын қолданады.
Жүрілген жолды анықтау үшін жылдамдықтың формуласын түрендіреді.
Уақытты анықтау үшін жылдамдықтың формуласын түрлендіреді.
|
Тақырып «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері»
Оқу мақсаттары 7.2.1.5 - s-тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде
және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу
Тапсырма
Дененің бір қалыпты қозғалысының теңдеуі .
кестені толтырыңыз;
кестедегі мәндерді пайдаланып, координатаның уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңыз
Дескриптор
Білім алушы
кестені толтырады;
графиктер осьтерінде шамалар мен өлшем бірліктерді белгілейді;
кестедегі мәліметтер бойынша координатаның уақытқа тәуелділік графигін тұрғызады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |