Тақырып «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері»
Оқу мақсаттары 7.2.1.6 - дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
(1) дененің тыныштық күйін,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын
Тапсырма
Суретте дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигі берілген. Графикпен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
a ) Графиктің әр бөлігіне сәйкес дененің жылдамдығын анықтаңыз.
АВ бөлігінде: _____________
ВС бөлігінде: _____________
СD бөлігінде: _____________
b) Дененің барлық жолдағы (графикте АD аралығы) орташа жылдамдығын анықтаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
график бойынша жолдың АВ бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді;
график бойынша жолдың ВС бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді;
график бойынша жолдың СD бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді;
орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады;
АD бөлігіндегі орташа қозғалыс жылдамдығын есептейді.
«Тығыздық» бөлімі
Тақырып «Масса және денелердің массасын өлшеу»
Оқу мақсаттары 7.2.2.11 - электронды, серіппелі, иінді таразылардың
көмегімен дененің массасын өлшеу
Тапсырма 1 (Практикалық тапсырма)
Берілген жүктің массасын суретте көрсетілген таразылардың көмегімен анықтаңыз. Алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасаңыз: қай таразы көмегімен алынған мән дәлірек болды? Неліктен?
|
Дескриптор
Білім алушы
дененің массасын электронды, серіппелі, иінді таразыларды қолданып өлшейді;
таразылардың өлшеуі қателігін анықтайды;
алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |