Тақырып: Гериатриялық пациенттердің күтімін ұйымдастыру және жүргізу.
Тест тапсырмалары
1. Остеопароздың алғашқы сатысы мына жаста жиі кездеседі:
етеккір тоқтағаннан кейін
30-40 жаста
12-14 жаста
8-9 айда
15-17 жаста
2. Тамыр деменциясында мейірбикелік үрдістің қай сатысында жоспарды жүзеге асырамыз?:
I кезең
I кезең
III кезең
IV кезең
V кезең
3. Ұзақ өмір сүру жасы:
45-59 жас;
60-74 жас;
75-80 жас;
81-89 жас
90 және одан жоғары
4. Қартайып бара жатқан ағзаны қолдау үшін еңгізеді:
ферментер
дәрумендер
ақуыздар
майлар
көмірсулар
5. Қарт адамдарда омыртқаның мына бөлігі жиі зақымданады:
мойын омыртқасы
кеуде омыртқасы
бел омыртқасы
құймышақ омыртқасы
сегізкөз бөлігі
6. Қария адамдардың денсаулығын нашарлататын факторлар:
дұрыс тамақ ішпеу
стрестік жағдайлар
ауыр физикалық еңбек
тұрақты тұратын мекен- жайын ауыстыру
аталғандардың барлығы
7. Егде жастағы адамдарға қандай тағамдарды шектеу керек?
кептірілген өрік, мейіз, қара алхоры;
алма, алмұрт, банан;
қант, кәмпит, бал, тосап;
картоп, қырыққабат, сәбіз;
қарақат, шие, құлпынай.
8. Остеопарозы бар науқаста байқалады:
гиперазотоемия
гиперкалиемия
гиперкальциемия
глюкозурия и гипогликемия
гипокалиемия
9. Қарттық жас болып саналады:
45-59 жас;
60-74 жас;
75-80 жас;
81-89 жас
90 және одан жоғары
10. Қартаюға қандай факторлар әсер етеді?:
туылудың төмендеуі
жүрек-қантамыр аурулары
ісік аурулары
стрес, уайымшылдық
аталғандардың барлығы
11. Егде жас болып саналады:
45-59 жас;
60-74 жас;
75-80 жас;
81-89 жас
90 және одан жоғары
12. Егде және қарт жастағы науқастарда дамыған пневмонияда сирек кездеседі:
әлсіздік
шаршағыштық
ентігу
айқын қызба
жөтел
13. Егде жаста инсультті кешірген науқастарға бейімделу:
қозғалысты
интеллектуальды
акустикалық
сенсорлы
травматологиялық
14. Зейнеткерлік кезеңге тез бейімделеді:
ерлер
әйелдер
егде жастағы адамдар
орта жастағы адамдар
ұзақ жасаушылар
15. Қарт адамдардағы диастолалық қан қысымының қандай көрсеткішін артериалды гипертензия деп есептеуге болады?:
85 мм с.б. жоғары
100 мм с.б. жоғары
90 мм с.б. жоғары
80 мм. с.б. жоғары
70 мм.с.б. жоғары
16. Гериатрия – бұл:
мед қызметкерлерді кесірінен туындайтын аурулар жайлы ғылым
қарт адамдардың аурулары және олардың емі жайлы ғылым
шөптермен емдеу туралы ғылым
психикалық аурулар туралы ғылым
балалар ауруларын емдеу туралы ғылым
17. Науқас 60 жаста, 4 ай ішінде 10 кг. Арықтаған, тітіркенгіштік пайда болған қалқанша безін қарағанда бұдырлы, қозғалысы шектелген, оң бөлігінде 2 түйін пальпацияланады. Мойын түйіндері пальпацияланады. Дәрігер қолқанша безінің ісігіне күдіктенген. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек:
қалқанша безін ультрадыбыстық зерттеу
қанда Т3, Т4, ТТГ тексеру
зәрдегі йод деңгейін тексеру
қолқанша безінің жінішке инелік аспирациялық биопсиясы
сцинтиграфия
18. Қарт адамдарды тамақтандыру мынадай қағидаға сәйкес ұйымдастырылады:
ақуыздар мөлшерін азайту;
жануар тектес майлар мөлшерін азайту;
өсімдік майлар мөлшерін азайту;
тамақ рационында көмірсуларды көбейту;
жануар тектес ақуыздар қолданба
Ситуациялық есептер
І. Жүйке аурулары бөлімінде 80 жастағы Иванов С. жатыр, ол үзак төсек тәртібінде, ол төмендегідей шағым жасай бастады: қакырықты жөтел, ентігу, дене температурасының 38,5 С көтерілуі, әлсіздік, кірбің
Науқасқа не болды?
Сіздің тәсілідіз (тактика)
IІ. Қабылдау бөліміне 70 жастағы науқас Васильев келіп түсті, диагнозы : аденома. Наукастың өткір зәр бөгелісі.
1. Сіздің тәсіліңіз (тактика)
2. Қуықты катетеризациялау техникасы қандай ?
3. Науқасты қай бөлімге жатқызу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |