КСРО өндірісінің дамуына қосқан Қазақстанның үлесі. Экономикадағы дағдарыс құбылыстарының өршуі
1990 жылы КСРО-ның орасан зор кеңістігінде экономикалық дағдарыс бодды. КПСС басшылары басқаруға қабілет-сіздігін көрсетті. Орталықтың іс-қимылы белең алып келе жатқан әрі алдарында кедейлік пен ең қажет тауарлардың,
Қазақ ССР-нің "Қазақ ССР Президенті қызметін тағайыңцаужәне Қазақ ССР Констшуциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сөйкес Қазақстанда президенттік институтының іргесі қаланды.
Қазақстан Конституциясы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Басшысы алты жыл мерзімге сайланып Қазақ ССР-інің Президенті болып табылады деп жария етті. Мемлекет басшысы республика аумағында азаматгардың қүқықтары мен бостандықтарын, Қазақ ССР-інің Конститу-циясы мен заңдарын сақтаудың кепілі болып табылды, республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық түтасты-ғын қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдады, Қазақстан атынан ел ішінде және халықаралык қатынастарда, сондай-ақ КСРО Федерация Кеңесінде өкілдік етті.
Конституцияға сәйкес Қазақ ССР Президенті Резиденция-сының орналасатьш жері мемлекет астанасы — Алматы қаласы болып айқындалды.
Президент сайлауы Қазақ ССР-інің "Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Заңының негізінде жүзеге асырылды.
Мемлекет басшысы жоғары қызметке сайланысымен реформаланып отырған КСР Одағының шеңберінде Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған белсенді қадамдарды қолға алды және сонымен бірге халықтар арасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және тарихи байланыстардың ыдырауына жол бермеу үшін ерік-жігер мен табандылық танытты.
Егемендік жарияланғаннан кейін Мемлекет басшысы бірінші кезекке елдің мемлекетгік басқару оргаңдарын нығайту жөніндегі шараларды қолға алды.
1990 жылғы 20 қарашада Қазақстан Президенті "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік билік пен басқару құрылымын жетілдіру және Конституцияға (Негізгі Заңға) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, оған сәйкес Қазақ ССР-інің Президенті жоғары атқару және өкім жасау билігінің басшысы болып табылады деп белгіленді; ел вице-президенті қызметі тағайындалды. Министрлер Кеңесі таратылып, Қазақстанның Министрлер Кабинеті құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |