Таќырып: Химия пјнінен жаѕа оќулыќтар бойынша



бет3/3
Дата16.05.2020
өлшемі106,5 Kb.
#68914
1   2   3
Байланысты:
ЕСЕП окулык (1)

Қорытынды
Бұл бағдарлама химия ғылымына оқушылардың қызығушылығын арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, олимпиада тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне жағдай жасау мақсатымен оларға әр түрлі іс тәсілдерін үйрету. Бағдарламада оқытудың әр түрлі ғылыми деректерді іздеп, жинақтау мақсатында оқулықтармен жұмыс істей білу біліктерін қалыптастыру, есептерді шығару әдістері көрсетілген.

Оқулықтардағы жаттығулар, есептер әр- түрлі деңгейлерде. Бұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушы өз білімін шынайы бағалайды. Сонымен бірге тақырып бойынша типтік есептер шығару дағдысы қалыптасады.

Сондықтан бұл басылымда 8-сынып жаңа буын оқулығы бойынша есептер шығару әдістемесі ұсынылып отыр. Бұл әдістемеге енген есептердің күрделілігі әр түрлі.сондықтан, деңгейлік тапсырмалар, оларды құру критерийлері берілген. Тақырыптарына сәйкес орындау алгоритмі және шығару жолдары көрсетілген.

Оқушы білімін бағалауда, жаңа тақырыпты бекітуде сан есептердің маңызы зор.Есеп шығарып машықтанған оқушы кез келген сыннан қиналмай өтеді, білім мен білік нығайтылады.

Химия ғылымының негізі 8-сыныпта қолданатындықтан оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып,есеп шығаруға баулу қажет. Сол себепті осы басылым оқушылар мен студенттер үшін көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде, ой өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептеу шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады.



Қолданылған әдебиет:
1. «Химия» 8-сынып оқулығы.

Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

2. «Химия» есептер мен жаттығулар жинағы.

Ә.Е.Темірболатова.

3. Ю.М.Лабий. «Решение задач по химии с помощью уравнений и неравенств»

4. Г.И.Штремплер, А.И.Хохлова «Методика решения расчетных задач по химии» 8-11

5. Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998

6. Қ. Бекишев. Химия олимпиада есептері.- Алматы: Рауан, 1997



7. А.С. Егоров. Все типы расчетных задач по химии для подготовки к ЕНТ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет