Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (ҚР ҚК 218 б)



бет95/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (ҚР ҚК 218 б).
Қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру құрамын құрайды.
Қылмыстық табыстарды заңдастыру экономикалық қылмыстардың барынша қауіпті түрлерінің бірі болып табылады және негізгі пайдакүнемдік қылмыстарды анықтауда және қуғындауда, сондай-ақ қылмыстық қызметтің нәтижесінде алынған кірістерді мемлекеттің пайдасына алуда үлкен қиындықтар пайда қылады. Заңсыз, қылмыстық жолмен алынуы мүмкін ақшаны, мүліктерді айналысқа, экономикалық қызметке енгізу заңдастыру болып табылады. Ол кәсіпкерлік (экономика) өрісіндегі ұйымдасқан қылмыстылықтың орын алуының қажетті шарты болып табылады.
Ол өзінің барынша қауіпті нысандарында наркотикалық заттардың саудасымен, қорқытып алушылық, жалған ақша жасау, астыртын қару-жарақ саудасы, құмар ойындар және порнобизнес сияқты қылмыстардың аса қауіпті түрлерімен тікелей байланысты болады. Қылмыстық сипаттағы бизнестен түскен қаражатты кейіннен қылмыскерлер әшкере болмайтындай етіп айналысқа жіберу үшін оның заңды негізде бүркемелеу қажет болады. Ол қылмыстық жолмен алынған ақшаны банкіге салым ретінде орналастыру не жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе қайта сату жолдарымен жүзеге асуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызмет өрісіндегі несие-ақша айналысын реттейтін қоғамдық қатынастар қылмыстың тікелей объектісі болып табылады. Заңсыз жолмен алынған ақша құралдары немесе өзгедей мүліктер қылмыстың заты болып табылады. Ақша құралдары валюта ретінде де көрініс табуы мүмкін. Мүліктер жылжымалы немесе жылжымайтын болуы мүмкін, сондай-ақ жеке меншікке немесе жалға алынған жер учаскелері түрінде бола алады. Қылмыстың объективтік жағы іс-әрекетті заңда көзделген нысандардың бірінде жүзеге асырумен сипатталады. Іс-әрекет үш түрлі нысанда көрініс табады: - ақша құралдарымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операцияларды жасау; мәмілелер жасасу; ақша құралдарын немесе өзге мүлікті қәсіпкерлік қызметте пайдалану.
Мүлікті немесе оған деген құқықты қажетті құқықтық негіздерсіз, атап айтқанда жарамсыз мәміле, қылмыстық жолмен, негізсіз баюмен, заңсыз қайта өңдеумен, тиісті рұқсатсыз өз бетінше тұрғызумен (құрылыс салу) және өзге де тәсілдермен иеленуді көрнеу заңсыз иелену деп бағалаймыз. Заңсыздық қылмыстық құқықтық тыйым салуды бұзудан көрініс табуы тиіс. Олай болмаған жағдайда берілген бапты қолдану заңсыз болып табылады.
Тұлғаның ақша құралдарын немесе өзге мүліктерді алу тәсілдерінің заңсыз екендігін айқын білуі және оларды алудың барысында тікелей қасақаналықпен әрекет етуін көрнеу заңсыз алу дегенді білдіреді.
Сонымен, қаржылық операцияларды жасау берілген қылмыстық іс-әрекеттің көрініс табуының бірініші нысаны болып табылады. Қаржылық операциялар түсінігі қаржылық қызмет ұғымында құқықтық маңызға ие болады ол атап айтқанда, есеп айырысу, депозит операциялары, несиелеу, сату, мүлікті кепілге, жалға беру және өзге операцияларды қамтуы мүмкін. Ақша құралдары немесе мүлік заңсыз жолмен алынған кезде оларды заңдастырудың объективтік жағы жүзеге асады. Өзге нысаны – мәмілелер жасау азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтардың және заңды тұлғалардың әрекеттері білдіреді.
Ақша құралдарымен немесе өзге мүліктермен мәміле жасау азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Олай болса, талданып отырған қылмыстың объективтік жағының бұл нысаны заттары заңсыз жолмен алынған ақша құралдары және мүлік болып табылатын мәміле не келісім шарттар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың мүмкіндігін қарастырады. Өзінің көлемі бойынша болмашы мәмілені, мысалы, отбасы иесінің отбасы мүшелерінің бірімен заңсыз жолмен алынған қаражат есебінен пәтерақыны төлеуін қаржылай операция ретінде тану берілген баптың мақсаттарына сәйкес келмейді.
Үшінші нысанын – ақша құралдарын немесе өзге мүлікті кәсіпкерлік немесе өзгедей экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануды – экономикалық қызмет субъектісінің қылмыстық жолмен алынған капиталды кәсіпкерлік немесе өзге экономикалық қызмет нәтижесінде заңдастыруға бағытталған кез келген әрекеттері құрайды. Коммерциялық құрылымды құру, инвестициялау, несиелеу және т.с.с. осындай әрекеттер болады. Қылмыстың объективтік жағын анықтау барысында ақша қаражаттарының заңсыз жолмен алынғандығын анықтау қажет.
Қылмыс өздерінің нәтижесінде қатысушылар үшін тиісті нәтижеге алып келетін қаржы операциясын немесе өзге мәмілені жасаған (ақшаны аудару, конвертация жасалатын валютаны алу және т.б.) немесе сипатына тәуелді түрде азаматтық заңнамамен айқындалатын мәміленің жасалу сәтінен аяқталған болып есептеледі.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталады. Қылмыс субъектісі өзінің әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін сезінеді, ақша құралдарының немесе мүліктердің заңсыз, қылмыстық жолмен алынғандығын біледі және олармен мәміле жасауды тілейді.
16 жасқа толған және қаржылық операция немесе өзге мәмілені жасаған тұлға қылмыстың субъектісі болады. Қылмыстың затын заңсыз жолмен алған тұлға осы іс-әрекеттері үшін жауапты болады.
ҚР ҚК 218 бабының 2 бөлігінде қылмыстың келесідей ауырлататын белгілері тұжырымдалған
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер.
Осыған дейін де атап көрсеткеніміздей, егер қылмыстық құқық бұзушылыққа оны бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан екі немесе одан да көп адамдар қатысса, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
Қылмыстың субъектісі мемлекеттік билік немесе жергілікті билік органының лауазымды тұлғасы немесе коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адам болған кезде адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған болып танылады. Бұл жағдайда көрсетілген әрекеттердің мүліктің меншік иесінің, кәсіпкермен немесе ұйым қызметкерімен жасалуы ҚР ҚК 218 б. 2 б. бойынша мекемені басқаратын тұлғаның жасауымен бірдей мәніске ие болады.
ҚР ҚК 218 б. 3-бөлігі бойынша жоғарыда көрсетілген әрекеттер:
1) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;
2) қылмыстық топпен жасалса;
3) iрi мөлшерде жасалса берілген қылмыстың ерекше ауырлатылған құрамын құрайды.
Көрсетілген әрекеттердің ұйымдасқан топпен жасалуы, яғни қаржылық, кәсіпкерлік немесе өзге экономикалық қызмет заңдастыру мақсатындағы осындай қызмет үшін күні бұрын біріккен қылмыстық топпен жүзеге асырылады. Көрсетілген әрекеттерді ірі мөлшерде жасау дегенді қаржылық операцияларды және өзге мәмілелерді жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасау болып табылады
ҚР ҚК 218 б. 3 бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырлған, яғни қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет