Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар



бет50/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

5 Адамды клондау (ҚР ҚК 129 б.)

Адамды клондау қылмысы отандық қылмыстық заңнамаға тұңғыш рет енгізіліп отырған қылмыс түрі болып табылады. Берілген қылмыс түріне қатысты тергеу, сот тәжірибесінің әлі де болса қалыптаспағандығы қылмыстың құрамдық белгілерін талдауда бегілі бір қиындықтарды туындатады.
Клондау дегенді биологияда табиғи түрде немесе генетикалық тұрғыдан ұқсас келетін бірнеше ағзаларды жыныстық емес жолмен көбейту арқылы алуды түсінеді. «Клондау» терминін осындай мәнінде көп жасушалы ағзалардың жаушаларына қатысты түрде де жиі қолданады. Сонымен қатар тұқым қуалаушы молекулалардың бірнеше ұқсас көшірмесін алуды да клондау деп атайды (молекулярлық клондау). Ақыр соңында, ағзалардың, жасушалардың немесе молекулалардың клондарын жасанды жолмен алу үшін пайдаланылатын биотехнологиялық әдістерді де клондау деп жиі атайды.
Бастақыда клон сөзін (ағылышын. cloning  ескі грек. κλών — «бұтақша, тармақ, атпа бұтақ») вегетативті (тұқымдық емес) тәсілмен бір өндіруші өсімдіктен алынған өсімдіктер тобы (мысалы, жеміс ағаштары) үшін қолданыла бастады. Аталған өсімдік ұрпақтар өздерінің түпкі тектерінің барлық қасиеттеріне ие болып, жаңа сұрыптарды шығаруға негіз қызметін атқарды.
Кейіннен клон деп осындай топтың барлығын ғана емес, ондағы әрбір жеке өсімдіктерді де атай бастады, ал осындай ұрпақтарды алу клондау деп аталды.
Ғылымда адамды клондау деп эмбрионды жасаудан және кейіннен эмбрионнан қазіргі өмір сүріп жүрген немесе бұрын өмір сүрген әлдеқандай жеке тұлғаның генотипіне ие, адамды өсіріп шығарудан көрініс табатын болжамды әдістемені айтады.
Басқаша айтқанда, клон бұл мерзіміне мұрсат берілген басқа адамның ұқсас егізі деп айтуға болады. Клондау барысында ДНК көшіріп алынады, оның нәтижесінде өмір сүріп жүрген адамның дәл егізі тағы да бір адам пайда болады.
Доктор Ян Вильмуттың және оның Ұлыбританиялық әріптестерінің тарихи ғылыми табыстарының нәтижесінде адамды клондау шындыққа айналуға жақын. Заңи мәнісінде бұл жаңа, зерттелмеген құқықтық өріс, ол асыра пайдалануларды болдырмау үшін кейбір заңнамалық реттеулерді талап етеді.
Адамды клондауға халықаралық деңгейде тыйым салу биомедицинадағы адамның құқықтары туралы Европа Кеңесінің 1996 ж. Конвенциясына адамды клондауға тыйым салу туралы 1998 ж. Қосымша хаттамасында көрсетілген.
Тұлғаның адами қадір-қасиетіне және тұлғаның тұтастығына деген құқықтарын қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі ретінде атап көрсетуге болады. Жоғарыда атап өтілген Қосымша хаттаманың преамбуласында «генетикалық тұрғыдан бірдей адами жаратылыстарды жасау жолымен адамды құралдау адамның лайықтылығымен сыйыспайды және осылайша биология мен медицинаны теріс пайдалану болып табылады» адамды клондау бұл процеске тартылған жеке тұлғаларды медициналық, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы айтарлықтай қиындықтарға тап қылады.
Қосымша хаттаманың 1-бабында «Тірі немесе өлі болса да, өзге адаммен генетикалық тұрғыдан бірдей адамды жасау мақсатында кез келген араласуға тыйым салынады»-деп көрсетілген.
2000 жылы Ниццада қол қойылған Европалық Одақ Хартиясының 3-бабында жеке тұлғаның тұтастыққа деген құқығы жарияланған. Аталған құқықтың жүзеге асырылуының кепілі ретінде адамды репродуктивті клондауға тыйым салынған.
Қылмыстық заңнаманы әлемдік тәжірибемен сәйкестендіру мақсатында Қазақстанның жаңа қылмыстық заңнамасында адамды клондау үшін қылмыстық жауаптылық бекітілген. 
Мәселен, ҚР ҚК-нің 129-бабында адамды клондау немесе адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану, сол сияқты жыныстық жасушаларды немесе адам эмбрионын дәл осы мақсаттарда Қазақстан Республикасынан әкету үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Эмбрион дегенді ағза дамуының ең бастапқы сатысы ретінде түсіну қажет. Эмбрион еркектің жыныстық жасушасымен ұрықтанған аналық жасушада дамиды өзі анасы мен әкесі туралы ақпараттардың тасушысы болады. Діңгектік жасушалар адам тәнінің барлық ағзалары мен тіндеріне бастау болады. Діңгектік жасушалардан кейіннен жыныстық жасушалар пайда болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы жыныстық жасушалар мен адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда елден шығаруға тыйым салады.
Алайда адамның немесе жануардың тірі ағзасын клондаудың негізіне діңгектік жасушалар алынады. Нақ осы діңгектік жасушалар адам ағзасының белгілі бір жасушасына (бауырдың жасушасы, қан тамырларының жасушасы, жүрек бұлшық еттері) айналу мүмкіндігіне ие болады және бұзылған тіндерді қалпына келтіруге қатысып, емдеу арқылы қалпына келтіруге пайдаланылады.
Осыған байланысты, мамандардың пікірі бойынша, коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салу 129-бапта айтылғандай жыныстық жасушаларға емес, діңгектік (ствол) жасушаларға салынуы тиіс. Әйелдің жыныстық жасушасындағы және еркектің ұрығындағы жыныстық жасушылардың өзі клондаудың объктісі ретінде қарастырылмауы тиіс, себебі осындай ағзаларға әрбір индивид мысалы, донор өз қалауынша билік жүргізе алады.
ҚК 129-бабының 2,3-бөліктерінде адамды клондаудың ауырлатылған белгілері бекітілген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер (129 б. 2 б.).
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген қылмыстық топ жасаған әрекеттер жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады ( ҚР ҚК 129 б. 2 б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет