Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


ОТБАСЫНЫҢ МҮДДЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР



бет59/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

ОТБАСЫНЫҢ МҮДДЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР


  • 1 Бала асырап алу жөніндегі заңсыз әрекет (137 б.)

Материалдарды баяндаудағы бірізділікті сақтау үшін қарастырылып қылмыстардағы негізгі ұғымдарды, атап айтқанда «отбасы» және «кәмелетке толмағандар» ұғымдарының маңызын ашып көрсету қажет болады.
Қазіргі уақыттағы «отбасы» ұғымы объективтік себептерге байланысты отбасы құқығы арқылы түсіндіріледі және ол онда базистік маңызға ие. Қылмыстық құқықта отбасы ұғымына түсінік берілмегенімен, отбасының мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау қылмыстық құқықтың маңызды міндеттерінің бірі саналады. Жалы алғанда, отбасы ұғымы құқықтық емес әлеуметтік сипатқа ие болады. Отбасы ерікті, жеке және қол сұғылмайтын қоғамның негізгі ұяшығы ретінде танылады. Құқықтық актілерде, ең алдымен ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексінде отбасы түсінігі, негізінен алғанда, оның құрамын құрайтын отбасы мүшелерінің шеңберін анықтаумен байланысты.
Отандық құқықтық доктрина отбасын жеке мүліктік емес, сондай-ақ мүліктік құқықтар және міндеттермен байланысты тұлғалар шеңбері ретінде анықтайды. 
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің анықтамасы бойынша, отбасы қоғамның және мемлекеттің тарапынан қорғауға алыну құқығына ие, қоғамның табиғи және негізгі ұяшығы болып табылады және қалады.
Осындай негізгі қағидалар ҚР Конституциясында да бекітілген мәселен, 27-бапта неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатындығы және балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті болып табылатындығы атап көрсетілген.
Аталған қағидалар мемлекетпен оның құзіретті органдары арқылы, отбасының, ана мен баланың мүдделерін қорғау бойынша, осындай қорғауға алудың, сондай-ақ, салауатты отбасын, қоғамды және тұтастай алғандағы мемлекетті қалыптастыруға бағытталған шарларының құқықтық тетіктері үшін базис болып табылады.
Жоғарыда аталған қағидаларды жүзеге асыруы қамтамасыз етуге бағытталған нормалар отандық заңнаманың басым көпшілік: азаматтық, отбасылық, еңбек әрине, қылмыстық салаларында бекітілген.
Жалпы алғанда, азаматтық, отбасылық және қылмыстық заңнама дербестіктің, әрекет қабілеттіліктің, тұлға өзінің құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауап бере алатын жас шамасының бірегей мөлшерін айқындаған деп те айтуға болады.
ҚР ҚК 137-бабы бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөніндегі заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық бекітеді.
Бала асырап алу бала мен оны асырап алушының арасында ата-ана мен баланың арасындағыдай құқықтық (жеке және мүліктік) қатынастардың пайда болуына алып келетін заңи акт болып табылады.
Бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру барысында заңның қатаң сақталуы туралы талап, балаларды өздерінің моралдық-өнегелік қасиеттері бойынша балаларға дұрыс тәрбие бере алмайтын адамдарға беруге тосқауыл қоюға бағытталған.
ҚР ҚК 137-бабының нормасы бланкеттік сипатқа ие. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың заңдылығын қамтамасыз ететін, бала асырып алудың, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге берудің шарттары мен тәртібі ең алдымен ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексімен реттеледі.
Бала асырап алу оны асырап алуға ниетті адамдардың өтініштері бойынша сот арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Олар кәмелеттік жасқа толған және асырауға алынатын баладан жас айырмашылығы 16 жастан кем болмауы тиіс адамдар болып табылады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған адамдардың баланы асырап алуға беру туралы келісімі қажет болады. Ереже бойынша, бала 10 жасқа толған ретте баланы асырап алуға оның ата-анасының және асырауға алынатын баланың өзінің келісімі талап етіледі, сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алуға тілек білдірген ретте оған жұбайының келесімі қажет болады. Жалпы ереже бойынша, бір туған ағалы-інілі, апалы-сіңлілі балаларды әртүрлі адамдардың асырап алуына жол берілмеуі тиіс. Шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдарға тек балаларды ҚР азаматтарының асырап алуына берудің мүмкіндігі болмаған жағдайларда немесе олар баланың туысқандары болған реттерде жол берілуі мүмкін.
Өзара некеде тұрмаған адамдардың бір баланы біріккен түрде асырауға алуына жол берілмейді.
Қолданыстағы заңнама бойынша төменде көрсетілген санаттағы адамдарға бала асырап алуға жол берілмейді:
- сот арқылы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғандар;
- олардың біреуі сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған ерлі-зайыптылар;
- сотпен ата-ана құқығынан айырылғандар немесе сотпен ата-ана құқықтары шектелгендер;
- заңмен өздеріне жүктелген міндеттерді талапқа сай орындамағандары үшін қорғаншы (қамқоршы) міндеттерін атқарудан шеттетілгендер;
- олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күші сотпен жойылған бұрын бала асырап алғандар;
- өздерінің денсаулық жағдайлары бойынша ата-аналық міндеттерін орындауға қабілетсіз тұлғалар.
Әдетте қорғаншылық 14 жасқа дейінгі балаларға, ал қамқоршылық 14 жастан 18 жасқа дейін оларды асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орнатылады. Қорғаншы (қамқоршы) ретінде тек кәмелеттік жасқа толған әрекетке қабілетті тұлғалар ғана тағайындала алады. Мына адамдар қорғаншы (қамқоршы) бола алмайды:
- ата-ана құқығынан айырылғандар;
- созылмалы маскүнемдікке немесе нашақорлыққа салынғандар;
- қорғаншы (қамқоршы) міндеттерін атқарудан шеттетілгендер;
- ата-аналық құқықтары шектелгендер;
- олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күші жойылған бұрын бала асырап алғандар;
- өздерінің денсаулық жағдайлары бойынша баланы тәрбилеу міндеттерін жүзеге асыра алмайтын тұлғалар.
Жетім балар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар келісім шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілуі мүмкін. Ондай келісім шарттар әдетте қорғаншылық (қамқоршылық) функцияларын жүзеге асыратын органдар мен баланы (балаларды) тәрбиелеуге алуға тілек білдірген отбасының арасында жасақталады.
Шартта баланы (балаларды) бағып-қағу, тәрбиелеу және білім берудің шарттары, қабылдап алған ата-аналарының құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қорғаншылық (қамқоршылық) функцияларын жүзеге асыратын органдардың ондай отбасына қатысты міндеттері және осындай келісім шарттың тоқтатылуының негіздері мен салдарлары көрсетілуі тиіс.
Патронат ретінде балаларды тәрбилеуге ала алмайтын тұлғалардың санаттары жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес келеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың заңда бекітілген шарттары мен тәртібінің бұзылуы баланы асырап алудың заңсыздығының куәсі болып табылады. Баланың мүддесін, оның қалыпқа сай дамуы мен тәрбие алуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар ҚР ҚК-нің 137-бабында көзделген қылмыстың объектісі болып табылады. Бала асырап алу немесе тәрбиеге беру жөніндегі заңсыз әрекеттердің жәбірленушісі болып кәмелетке толмағандар, яғни 18 жасқа толмаған тұлғалар танылатын болса, қорғаншылық тағайындаудың барысында жас балалар, яғни 14 жасқа толмағандар, ал қамқоршылыққа алудың барысында 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар танылады.
Қылмыстың объективтік жағы балаларды асырап алу, оларды қамқоршылыққа (қорғаншылыққа)беру, патронаттық тәрбиешіге беру бойынша заңсыз әрекеттердің жасалуынан көрініс табады. Сонымен бірге қылмыстың объективтік жағы бала асырап алудың шарттарын бұзудан өз көрінісін табуы мүмкін – яғни олардың нәтижесінде мысалы, сотпен ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-аналық құқықтары сотпен шектелген, сондай-ақ денсаулық жағдайларына сәйкес баланы тәрбилеу бойынша міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдардың бала асырап алуы, қамқоршы, қорғаншы болуы.
Балаларды қорғау және олардың бақуаттылығы, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейде тәрбиелеуге беру және оларды асырап алуға қатысты әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы 1986 ж., 03 желтоқсандағы Декларацияның 13-бабына сәйкес, бекітілген ережелердің негізгі мақсаты оларға ата-аналары қамқорлық жасай алмайтын балаларды тұрақты отбасымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бекітілген тәртіпті бұза отырып жүзеге асырылған бала асырап алу аталған мақсаттарға қайшы келеді. Мемлекетаралық деңгейде жүргізілетін бала асырап алу тәртібі Балаларды қорғау және мемлекетаралық бала асырап алу өрісінде бірігіп әрекет ету туралы Конвенцияда (Гаага, 29 мамыр 1993 ж.) бекітілген.
Бала асырап алу кезіндегі заңсыз әрекеттер мынадай жағдайлардан көрініс табуы мүмкін:
- оларға қатысты орналастырудың берілген нысаны жол берілмейтін балаларды асырап алу;
- оларды тиісті емес субъектілердің жүзеге асыруы;
- заңмен және заңға сәйкес актілермен бекітілген нормативтік ережелердің бұзылуы;
- балаларды асырап алу бойынша делдалдық қызмет жасау.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды бағып-қағу, тәрбиелеу және білім беру, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қамқоршылық немесе қорғаншылық тағайындалатындығы туралы біз жоғарыда атап көрсеткен болатынбыз.
Заңсыз қамқоршылық (қорғаншылық) келесідей әрекеттерден көрініс табуы мүмкін:
- оған қатысты қамқоршылық (қорғаншылық) жасауға жол берілмейтін балаға жүзеге асыру;
- қамқоршылықты (қорғаншылықты) тиісті емес субъектінің бекітуі;
- қамқоршылықты (қорғаншылықты) заңда бекітілген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру.
Баланы патронаттық тәрбиеге заңсыз беру ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды орналастырудың өзге де нысандарындағыдай көрініс табады:
- патронаттық тәрбиеге беруге жатқызылмайтын баланы беру;
- баланы қабылдап алушы ата-анасы болуға құқығы жоқ тұлғаларға беру;
- баланы патронаттық тәрбиеге берудің заңда бекітілген тәртібін бұзу
Тараптардың бір жағының ата-анасының келісім беруі берілген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын жоққа шығармайды. Екі тараптың ата-анасының баланы асырап алуға келісім беруі жағдайында баланы асырап алу қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрамайды, себебі бұл жерде өз баласынан бас тарту нақты орын алады. Баланың анасы қаза тапқанда және әкесі немесе өзге туысқандары болмаған реттерде баланы асырап алуда кінәлінің әрекеттерін осы нормаға сәйкес саралау қажет болады.
Өзінің құрылысы бойынша қылмыс құрамы формальдық құрамға жатады. Баланы асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөніндегі заңсыз әрекеттер жасалған сәттен қылмыс аяқталған деп саналады.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналық, яғни тұлға баланы асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз жасайтынын біледі және осындай әрекеттерді жасауды тілейді.
Пайдакүнемдік ниетпен немесе лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған сол іс-әрекеттер ҚР ҚК 137-бабының 2-бөлігімен сараланады. Кінәлі адамның баптың диспозициясында атап көрсетілген іс-әрекеттерді материалдық пайда табу мақсатын көздеп жасауы пайдакүнемдік ниет деп саналады. 
Кінәлі тұлғаның лаузымына байланысты және нақ осы лауазымның ойластырылған қылмысты жүзеге асыруды айтарлықтай жеңілдетуінің барысында, берілген баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы адамның қызмет бабын пайдалана отырып бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөніндегі заңсыз әрекеттерді жасауы деп бағаланады.
ҚР ҚК 137-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттердің субъектісі болып бала асырап алу туралы ресми құжаттарды жасақтау міндетті жүктелген адамдар манылады. Бұлар балалар үйлерінің, интернаттардың, медициналық мекемелердің, білім беру органдарының қызметкерлері болуы мүмкін.
ҚР ҚК 137-бабының 1-бөлігінде көзделген бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөніндегі заңсыз әрекеттер қылмыстық теріс қылық қатарына жатқызылатын болса, аталған баптың екінші бөлігімен қамтылатын іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстар санатына кіреді.
Соңғы уақыттарда (әсіресе, біздің елімізде асырап алынып және шетелдерге әкетілген балдардың тағдырына алаңдаушылыққа байланысты) бала асырап алуға байланысты қатынастарды ретеудің үлкен маңызға ие болып отырғандығын атап көрсету қажет. Бұл орайда мемлекеттің қазақстандық балалардың қауіпсіздігіне деген қамқорлығы бірінші кезектегі маңызға ие болады. Баланы асырап алудың барысында басымдық ҚР азаматтарына беріледі. Балаларды еліміздің аумағында тұрақты түрде тұратын ҚР азаматтарының отбасына тәрбиелеуге берудің мүмкіндігі болмаған реттерде ғана балалар шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға асырап алуға берілуі мүмкін.
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет