Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Тақырып 9. Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстардың түсінігі және оларды саралау



бет89/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Тақырып 9. Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстардың түсінігі және оларды саралау
Лекция жоспары
1.1. Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері
1.2. Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстардың түсінігі және құрамы
1.3. Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстарды жүйелеу
1.1. Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері
Қылмыстардың жекелеген түрлерін саралау оларды саралаудың жалпы және жеке, сондай-ақ дербес ережелеріне негізделеді. Олардың соңғысы жалпы және жеке ержелерге сүйене отырып, олардан бастау алады және қылмыстардың жекелеген нақты түрлеріне қатысты айқындалады. Қылмысты саралаудың дербес ережелері мазмұны тұрғысынан алғанда, қылмыстардың жекелеген түрлерін онымен аралас құрамы бар өзгелерінен ажыратудың негіздемесі болып табылатын ережелер ретінде қарастырылады.
Өзара бір немесе бірнеше белгілері бойынша айырмашылықтарға ие болатын және ажыратуды қажет ететін қылмыстарды аралас қылмыс құрамдары деп қарастырған негізді және дұрыс болып табылады. Қылмыстарды саралаудың дербес ережелері дегеніміз өзінің мәнісі мен маңызы бойынша бұл – аралас құрамды қылмыстарды саралау ережелері болып табылады. Қылмыстарды саралаудың дербес ережелерінің маңыздылығы ең алдымен мынада, олардың болуы мен қолданылуы берілген нақты қылмыс құрамын аралас құрамдардан негізді, қылмыстық заңнамаға және қылмыстық құқықтың теориялық концепцияларына сәйкесті түрде ажыратуды қамтамасыз етеді.
Қылмыстың әрбір нақты құрамын онымен аралас құрамдармен ажыратудың қажеттілігі қылмыстық заңнама нормалары жүйесі құрлысының мәнісімен және оның Ерекше бөлімінің нормаларының диспозицияларының тұжырымдалуымен айқындалады.
Қылмыстық заңнаманы талдау көрсеткендей, оның Ерекше бөліміндегі қылмыстардың жекелеген нақты түрлері үшін жауаптылық туралы нормалардың жиынтығы күрделі және өзіндік ерекше өзара байланысты жүйе болып табылатындығымен және аталған нормаларда көзделген қылмыс құрамдарының араластығымен ерекшеленеді.
Қылмыс құрамдарының араластығы тәрізді негіздеме бойынша, берілген жүйені өздеріне қылмыстың аралас құрамдарының топтарын біріктіретін шағын жүйелерге теориялық негізде бөліп қарастыруға болады. Берілген шағын жүйелер қылмыс құрамдарын олар қарастырылған нормалардың қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің бір немесе әртүрлі тарауларында орналасқандарына тәуелсіз түрде біріктіре алады. Қылмыстардың аралас құрамдарының және оларға сәйкесті нормалардың тұтастай жүйесі осындай көптеген шағын жүйелерге бөлінеді. Қылмыстың әрбір нақты құрамына ең болмағанда біреу де болса қылмыстың аралас құрамы сәйкесті болады, сондықтан кез келген нақты құрам өзіне тиісті болып табылатын шағын жүйеге ие болады. Шағын жүйелерді ажырату практикалық маңызға ие болады, себебі қылмыстың әрбір нақты құрамы үшін онымен аралас құрамдарды құрастыруға мүмкіндік жасайды, бұл өз кезегінде тергеу және сот қызметкерлері үшін олардың қылмыстарды саралаудағы қызметтерін жүзеге асырудың белгілі бір «бағдарламасы» болып табылады.
Қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің әртүрлі тарауларында орналасқан нормаларында көзделген, бір шағын топқа біріктірілген қылмыс құрамдарының ҚР КҚ-нің бір тарауында орналасқан алайда әртүрлі шағын топтарда көзделген қылмыс құрамдарымен салыстырған көптеген ортақ белгілерге ие болатын жағдайлары сирек кездеспейді.
Қылмыстардың жекелеген құрамдары әртүрлі шағын топтарға бола тұрып оларды бірі-бірімен байланысуына жағдай жасайды. Қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлігіне осындай шағын жүйелердің тұтастай тән болатындығын атап көрсету қажет және қылмыстарды саралаудың дербес ережелері осындай әрбір шағын жүйедегі қылмыстардың нақты құрамдарын айыруды, ажыратуды, дербестендіруді қамтамасыз етеді. Қылмысты саралаудың кез келген дербес ережесі бір жағынан, берілген нақты қылмыс құрамын екінші жағынан, онымен аралас қылмыс құрамын қарастыратын қылмыстық құқықтық нормаларды талдаудың және салыстырудың негізінде анықталады. Саралаудың әрбір дербес ережесі қылмыстың нақты құрамын онымен аралас құрамнан ажырататын барлық белгілерді кірістіреді, яғни осындай белгілердің жиынтығынан, кешенінен құралады.
Қылмыстардың аралас құрамдарының кез келген шағын жүйесінде олар өзгелерінен ажыратылатын қылмыстың қаншалықты құрамы аралас болса, қылмысты саралаудың соншалықты дербес ережесі болады. Тергеу және сот тәжірибесінде экономикалық қылмыстарды саралаудың қиындықтар келтіріп және қателіктерге ұрындыратын жағдайлары сирек кездеспейді.
Жоғарыда көрсетілгендер бір жағынан, экономикалық қылмыстарды саралаудың дербес ережелерін қарастырудың, екінші жағынан – аталған қылмыстарды саралау мәселелерін қарастыру барысында, біріншіден, барлық экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігін және түрлерін сипаттаудың мақсатқа сай келетіндігін көрсетеді, бұл өз кезегінде осындай саралаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады, екіншіден, берілген қылмыс құрамдарының мазмұнын ашуға және оларды бірі-бірінен ажыратуға жағдай жасайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет