1. Сот бақылауының ведомстволық бақылаумен және прокурорлық қадағалаумен арақатынасы қандай? 2. Соттық бақылау сот төрелігі болып табыла ма? 3. Сот бақылауының дамуының негізгі тенденциялары қандай. 4. Сот бақылауының шегі немен анықталады? Оларды атаңыз.
Есептер
Азамат А. ҚР ҚПК-нің 31 бабына сай сотқа шағым береді. Ол өзіне қатысты жүргізілген жауап алу тергеу әрекетін жүргізуде психологиялық әсерге ұшырады деген негізбен заңсыз деп тануды сұрады, атап айтқанда: тергеушінің кабинетінде: «Сіздің әлі түрмеде емес екеніңіз сіздің еңбегіңіз емес, бірақ ол біздің кемшілігіміз» деген жазумен плакат ілініп тұрды.
Сотқа жәбірленуші К-азаматына қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы тергеушінің қаулысына шағымданды. Сот шешімінің мерзімінен бұрын шығарылғанын, ал жиналған дәлелдемелер К.-ның қылмысқа қатысы бар екенін көрсетеді деп тергеушінің қаулысының күшін жойды.
3. Қорғаушы М.-ға қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы тергеушінің қаулысына сотқа шағым түсіріп, шешімнің тек жасырын тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша шығарылғанын, және сол кезде де олардың заң бұзушылықпен алынғанын алға тартып шағым береді.