Сократты жанап өткен ғасырда, уақытта және ұрпақта болған емес: У.Шекспир, И.Кант, Жан Жак Руссо мен Л. Толстой, А.Эйнштейн және тағы басқалар Сократ ілімін адам баласының ақыл ойын, сана - сезімін қозғайтын құдыретті ілім, қандай болмасын уақыт пен ғасыр өтпесін адам баласының қайтып оралып отыратын, адам жаны құлазығанда жаны нәр алатын, рухани дүние екенін айтты. Асыл дана Абайда өзінің жиырма жетінші қара сөзін Сократқа арнады. - Сократың ойынша, ізгілік (даналық, әділеттілік, тұрақтылық, қанағаттылық т.с.с.) әрқашанда білім, ал залымдық - надандық.
- Ешкімде саналы түрде жамандық жасамайды, ал жамандық жасайтындар оны білмегендіктен жасайды.
- Ізгілік дегеніміз жақсылықты білу және соның негізінде іс-әрекет ету; батылдық – ол қауып төнген жағдайда не істеу керектігін білу; әділетті адам өзінің мемлекет пен қарым-қатынасын біледі т.с.с. Оның себебі, ізгіліктің табиғаты жөнінде адамдар ойланбайды, өйткені, олардың көпшілігі әдет-ғұрып арқылы беріледі. Ал егерде біз оларды ақыл-оймен танып білсек, онда біз өзіміздің жан-дүниемізді байытып жамандыққа бара алмаймыз.
- Әрине, ізгіліктен ауытқу, күнәға бату – ол тек қана білмегендіктен шықпайды, ол адамның еркімен де тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |