«Мемлекет туралы» трактатында Платон оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жүйесін жасады, ол «идеалды мемлекеттің» нығаюына қызмет ету керек болды. Платонның тұжырымдамасына сәйкес барлық адамдар үш кастаға бөлінеді. Тәрбиелеу мен білім беру жүйесі әрбір кастаға өз функцияларын жақсы орындауды да қамтамасыз етуі тиіс еді. Ал жер өңдеушілер тобы өндірістік тәжірибелерді қабылдаулары қажет болды. Тәртіп сақшылары (батырлар) және басшылар, ең алдымен, физикалық, дене тәрбиесі курстарын өтуін, гимнастиканы, содан кейін оқу, хат, есеп пәндерін игерулері талап етілді. Бұл — поэзия мен ән сабақтарына дайындық кезеңі. Жаттығулар, ән және математика жиынтығы сақшылар үшін қажетті білім шеңберін анықтайды.

Білім шыңы деп, — Платон, — диалектикамен айналысуды санады, оны игеру жаттығуды, әуенді және математиканы меңгергеннен кейін ғана басталады. Сонымен қатар ол диалектиканы, әсіресе басшылар игеруі керек деп санады.