Тағы бір ұсыныс - жабысқақ болған жерге, жабысқақты кеспей ішектің ішіндегі затты босату үшін екі ішекті шет-шетін қосып анастомоз қою, бұл операция да кейін ішек стазына алып келеді. Хирургтар жиі ішек ілмектеріне резекция жасайтын, бірақ жабысқақ үдерісі одан да өршігені аңғарылды. 1937 жылы Noble пликацияны ұсынған. Бұл операцияда қабынуға қатысқан ішек ілмектерін бір- біріне тігіп, жайылған пликация жасайтын. Бірақ бұл ұсынысқа басында ғалымдар қарсылық білдірген. 1956 жылы Nobleаш ішекке 1000 пликация жасап, осы операциядан кейін науқастардың жағдайы жақсарғаны байқалған. Казіргі уақытта көп хирургтар осы операцияны қолданады.
Трансмезентериалды интестиноплекация (Чайлдс Филлипс операцисы) жіңішке ішектің вертикалды шажырқайына тамыр жоқ жеріне 4–-5 п-тәрізді тігіс салады. Пликацияланған ішек ілмегін жоғарғы жақтан жіңішке ішектің бастапқы бөлімі, төменгі жақтан мықын ішегінің терминалды бөлімі қоршайды. Ішек ілмектерін қоршалған ішек аймағына сірлі бұлшықетті тігіс салады. Содан фибрин жабыспау үшін (қайтадан жабысқақ болмас үшін алдын-ала емдеу) полиглюкин, новокаин, гидрокортизон (100мл 0,25% новокаин, 125мг гидрокортизон, 0,2% новокаин 1кг дене массасына 4–-5мл-ден), фибринолизин ерітіндісін(10-–20 мың Б поливинилпирролидон, 100мл полиглюкин, 75–-100мг гидрокортизон) полиглюкин қоспасы 100мл гепарин 5000 Б, гидрокортизон 50мг, диоксидин 100-–200мг, 100мл новокаин ерітінділерімен ішпердені шаяды.