Тақырып: Жабысқақты ішек түйілуі. Диагностикасы,емі


Аномалияларда жабысқаққа әкеледі. Лейна жабысқағы, Джексон мембранасыт.б



бет2/6
Дата11.04.2023
өлшемі2,92 Mb.
#174162
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Топилдиев С ХАН
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

Аномалияларда жабысқаққа әкеледі. Лейна жабысқағы, Джексон мембранасыт.б.

Патологиялық анатомиясы

Іш қуысы жабысқағы бірнеше түрге бөлінеді: жарғақты, жалпақты, жіп тәрізді, шарбылық, тракционды, жалпақты - жалпақ бағытта жайылу. Жарғақты - дәнекер тінді мембрана, қиғаш бағытта өседі, жіп тәрізді - ағза аралығындағы жіңішке созылу, тракционды - жабысқақ жабысқан орны воронка тәрізді, шарбылық жабысқақтар тракционды жабысқақтан пайда болған. Көбінесе жабысқақтар ішек ілмектері, операциядан кейінгі тыртықтар арасында кездеседі.

Клиникалық көрінісі

Ауру сезімі барлық науқастарда кездеседі. Жабысқақ ауруы кезінде бір мезетте болатын тесіп, сыздап, шаншып ауыратын ауру сезімі мазалайды және олар сипатын тез өзгертіп тұрады. Ауру сезімі тек іш қуысымен ғана шектеліп қалмайды, бел аймағына беріледі, кейде белдемелі ауру сезімі тән. Ауру сезімі ауырған адамдарды мазалайды. Ауру сезімі ауыспалы, ол іш қуысы, бел аймағын қамтиды. Жабысқақтың өзі нерв талшықтарымен жалғанған, сондықтан жабысқақ орналасқан жерде ауру сезімінің күші ерекше болып табылады. Жабысқақтың орналасқан жерінде өзгеше ауру сезімі сезіледі, өйткені, жабысқақтың өзі өріммен қамтамасыз етілген. Ішектің қысылуынан асқазан аймағындағы ыңғайсыздық сезімі, асқазан атониясына әкеледі. Тағам массасының асқазан -ішек жолдарына өтуі қиындаған сайын, компенсаторлы жауап жүреді. Науқастың тәбеті төмендейді, тағам қабылдағаннан кейін толу сезімі байқалып, науқас құсуды өзі шақырады. Тәбеттің төмендеуі, дәм сезудің жоғалуымен бірге жүреді.

Созылмалы іш қату аурудың басында болмайды. Көптеген науқастар нәжістің болмауына шағымданады. Іш қату тоқ ішектің перистальтикасының төмендеуінен болады. Периодты түрде іштің кебуі жіңішке ішек өткізбеушілігімен байланысты. Егер науқаста жалған шақырулар болса, ол аурудың ауыр ағымын көрсетеді. Жіңішке ішектің түйілуі іштің кебуіне әкеледі. Іш перденің алдыңғы қабырғасы жұқа болса, антиперистальтикалық толқынды көруге болады. Бұл кезде іш перде бұлшықеті қатаймайды. Ішек шулары, шалпылы естіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет