Аурудың анамнезін сұрағанда, операция жасалғанын немесе гениталий ауруы, тағы басқа аурулар болғанын айтады.
Рентгенограммада Клойбер табақшалары, жіңішке ішекті аркалар, Керкринг қатпарларының қалыңдауы, ішек ілмектерінің созылуы болады. Клойбер табақшалары ішек саңылауын жапқанда, бірен-саран аркадалар іштің төменгі бөлігінде қарауыту көрінеді. Барий сульфатының пассажын жасағанда, мынандай жабысқақты ішек түйілу көріністері байқалады: арка жоқ болса, горизонталды деңгейлі сұйықтық (горизонталды деңгей симптомы), тартылған сым темір симптомы, барийдің ұсталуы, (ішек ілмегінің салбырау симптомы), бұл мықын ішек ілмегінің іш қуысының төменгі бөлігіне түсуінен білінеді. Негізгі симптом барий сульфаты-ның жіңішке ішекте 4–-5 сағаттан артық ұсталуы.
Емі
Перитонит белгілеріболмаса, бастапқы 1,5–-2сағатта консервативті ем тағайындалады. Егер нәтиже болмаса, операция жасалынады.
Оперативті кірісулер. Кең таралған операциялардың бірі жабысқақты бір- бірінен босату. Бұл операцияда жабысқақтың қайта пайда болуы мүмкін, сондықтан толығымен ауру жазылмауы, ішек түйілуіне әкелуі мүмкін. Ішек ішіндегі затты босату үшін энтеротомия,энтеростомия қолданылады.
Нобль бойынша жіңішке ішекке аппликациялық тігіс салу сызбасы
Тағы бір ұсыныс - жабысқақ болған жерге, жабысқақты кеспей ішектің ішіндегі затты босату үшін екі ішекті шет-шетін қосып анастомоз қою, бұл операция да кейін ішек стазына алып келеді. Хирургтар жиі ішек ілмектеріне резекция жасайтын, бірақ жабысқақ үдерісі одан да өршігені аңғарылды. 1937 жылы Noble пликацияны ұсынған. Бұл операцияда қабынуға қатысқан ішек ілмектерін бір- біріне тігіп, жайылған пликация жасайтын. Бірақ бұл ұсынысқа басында ғалымдар қарсылық білдірген. 1956 жылы Nobleаш ішекке 1000 пликация жасап, осы операциядан кейін науқастардың жағдайы жақсарғаны байқалған. Казіргі уақытта көп хирургтар осы операцияны қолданады.