3. Жазуға қойылатын талаптар
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуі тиіс: материалдың тәртіппен өтіліп, жазуға берілетін текст алдын ала таңдалады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға оқушылардың дәптерлеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырады. Айына бір рет болсада байқау жұмысы жүргізіледі.
Баланы жазуға үйрету дайындық кезенінен басталады. Мектепте оқып, білім алуы кезеңінде жазуға үйретіп, жазу дағдыларын қалыптастыру – оның өміріндегі ең күрделі процестердің бірі. өйткені бала мектептегі оқуды алғаш кіріскен күннен бастап, оны бітіріп шыққанша оқып білім алумен қтар, жазбаша түрде ойлауға және сол ойын жазбаша жеткізуге төселеді.
Бұл дағды үнемі үздіксіз жұмыстарының түрлері арқылы іске асырылады. Ол үшін мынадай талаптар жүзеге асырылуға тиіс:
Әріптер мен әріп элементтерін бұзбай, дұрыс жазу:
Әріптер мен әріп элементтерінің биіктігі, көлемі, ара қашықтығы және көлбеулігі бірдей, біркелкі болу:
Әріптерді өзара дұрыс байланыстыра білуді жетілдіру:
Жазу тазалығын сақтау, артық сызықтаржасамау.
Әріпті ауамен жазу.
Жазу жылдамдығы (тез жазу) жұмысының сапалы көрсеткіші болып табылады. Ол, шын мәнінде, жазуғаүиретудің негізгі бір түрлі мақсаты екенін ұмытуға болмайды. Тәжірбиеде тез оқудың маңызды қандай болса, тез жазудың мәні де сондай. Жазу жылдамдығы әріп көлемнің ірі ұқсастығына ғана емес, сонымен қатар оқушылардың жалпы жазуға және әріптерді өзара жедел байланыстыра білу іскерлігіне тікелей байланысты. Таза жазудың негізгі бір мүмкіндігі – үзіліссіз жазу. Көптеген әріптер бірнеше элементтен тұрғанмен, олар қол үзбей, бірден жазуды керек етеді. Үзіліс элемент сонына байланысты емес.
Ол нәтиженің негізі, түп қазығы алғашқы ұғым оқу сабағынан басталады. Оқу сабағында оқушылар сол әріптің баспа түрімен, ал жазу сабағынажазба түрімен танысады. Оқушылар әріптерді алғаш өте жай үлкен қиындықпен жазады. әріптерді жазбаша меңгеруден гөрі, ауызша меңгеру жеңіл. Сондықтан алғашқы әріптердіжазу оқудан гөрі біраз қиындықтар келтіреді.
Жазуға үйрету нәтижесінде оқушылардыбысты әріппен таңбалай біліуге (фонетикалық – графикалық жазуға), әріпті, сөзді, сөйлемді дұрыс, анық, таза жазуға, оларды кітаптан тақтадан, дұрыс көшіріп, не есту бойынша жазуға, жазғанын тексеріп, қатесін түзете алатын болуға тиіс. Оқушылардың жазу жұмысын бес болдық бағамен бағаланбайды, көтермелеу мен мадақтау арқылы жазу жұмыстарының нәтижесі бағаланады. Ауызша мадақтау: өте жақсы, жақсы, орташа, нашар т.с.с.
Көтермелеу бағасы дәптерді мұғалімнің тексеруі арқылы, әр жұмыстың орындалу дәежесіне сай жұлдызша, жалауша (не төрт бұрыш), үшбұрыш белгілерінің бірі дәптерге қойылуы арқылы көрсетіледі. Балдық баға қоюды оқу жылының екінші жартысынан бастауға да болады.
Оқушыларды өз ойын жазба түрде жеткізуге үйрету, мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмұндау, шығарма жұмыстары, берілген тақырып, тірек сөздер суреттер, саяхатта көргендері бойынша жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың кебір жеңіл түрлерін 1 – сыныптан бастап – ақ жүргізуге болады. Жұмыс түрлері жеңілден ауырға қарай біртіндеп күрделенеді мазмұндамаға арналған мәтіндегі сөз саны 1 сыныптың II жарты жылдығында 20 – 30 сөз.
Әріпті жазып үйренудің тәртібі төмендегіше:
Сөзге дыбыстық талдау жасату жеке дыбыстау сөз ішінде дыбыстау, сөз ішінде орнын анықтау:
Жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету:
Жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету:
Жаңа әріптің элементтерін дәптерге түсіру:
Жаңа әріпті тұтас жазу:
жаңа әріпті басқа әріппен жалғастырып жазу:
Құрамында жаңа әріп бар буын,сөз жазу:
Сөйлем жазу.
Баланың жұмысына талдау жасау.
Қорыта келгенде – 1 сынып оқушылары көшіріп жазу: бақылау диктанты: сөздік диктанты, творчествалық диктант т.б мазмұндама және шығарманы жазба түрде жеткізуге үйрету. Диктант көлемі: сөздік диктант 5 – 8 сөз: бақылау диктанты жыл аяғында 25 – 30 сөз: жазба жұмысқа арналған мәтіндердің мазмұны жағынан оқушыларға білімдік және тәрбиелік мәні болу керек.
Бағдарламада белгіленген білімді ойдағыдай меңгерту оқыту әдістеріне және сол берілген білімді игертуге (бекітуге) арналған оқу материалдары мен жаттығулардың мазмұнына байланысты. Оқытудың ең тиімді әдісін таңдап пайдалану мұғалімнің міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |