Жазу дағдысының кезеңдері
Сауатты адамдар жазғанда есінде тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланысты, жүйелі бір қозғалысты (импульсті) іске асырады. Мысалы, бір сөз жазғанда бір импульс жүзеге асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысында (таяқша, ілмек т.б.) бір-бір импульс жұмсайды. Мұнда да көптеген ерік күшін жұмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана ұзақ уақыт жаттығу жұмыстарының нәтижесінде барып дағды қалыптасады: саусақ дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемнің мазмұның ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады да, оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады.
Оқу – жазу процестерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды: 1) оқушы оқуға, жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісті ең басты процестер: сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше , дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрастыру. Егер мұғалім талдау-жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әрбір әріпті, дыбысты, сөзді жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді. 2) Сауат ашу бастаған бала оқу-жазуға үйрену барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір сөзді жазу үшін нерв жүйесінен бірнеше толқын (импульс) жасалады). Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұқсан келтірмей, кү-жігерін мұқалтпай алып шығу мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.
Графикалық дағдыларды қалыптастыруды мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1-кезең: фигураларды штрихтау, трафарет арқылы сызық жүргізуде және де басқа сызықтарды сызу іскерлігін дамытуға жүргізілетін жаттығулар, жазу құралдарын дұрыс жағдайда қолдану және орналастыру, түзу жолақ және оны дөңгелектеу сияқты жұмыс түрлері жүргізіледі.
2-кезең: әріп элементтерін жазу; ұзын және қысқа таяқшалар, сопақша, жартылай сопақша, т.б.
3-кезең: жеке әріптерді жазу- баспа және жазба түрлерін- әріптерден бөлек жазылу.
4-кезең: әріптердің жиынтығын, буынды, тұтас сөзді жазу мақсатымен әріптерді қосу дағдысын қалыптастыру.
Графикалық дағдының қозғалыс жағын қалыптастырудың түпкі мақсаты; тез және бір қалыпты дағдының қалыптасуы. Жазудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру процесінде дыбыстармен сонымен қатар әріптердің белгілерімен және олардың жан- жақты сапа белгілерімен байланысты болады. «Бала әріпті байланыстыра алады, тек егер сол әріпке талдау жүргізілетін болса,- дейді П.Г.Ананьев,- тек қана сөздің дыбыстың құрылымы ғана емес, талдау негізінде жүргізілетін жұмыстар арқасында әріптік белгіні толық қабылдауы, яғни жинақтауы жүзеге асырылады.» Осының негізінде төменгі класс оқушыларын жан-жақты сапалы әріптік белгілерін арнайы жинақтау іс- әрекетіне бағыттау қажет. Оқу процесінде оқушыларды жазуға үйрету кезінде әріптерді негізгі элементтерге жіктеудің ғасырлық тарихы бар. Көптеген әдіскерлер үйрету мәселесінде әріптерді элементтеп үйрету приципін негізге алады. Әріптердің элементтері екі категорияға бөлнеді: көру және қозғалыс элементтері.
Көру элементтері- бұл әріптердің саналы, аяқталған бөлігі, олар оны көру негізінде қабылдау процесінде жіктейді.
Қозғалыс элементтері - қағазға түсірілген әріптік белгінің қол қозғалыстары арқылы толық аяқталғанын көрсетеді. Көру және қозғалыс элемнттерінің әрдайым сәйкес келе бермейтінін көруге болады. Мысалы: ”Ж”әрп деңгейде балаларда әріптік белгілері бойынша көру элементтерінен тұрады. Бұл көру элементтері мен қозғалыс элементтерінің қағазға түсірілген әріптің жазылу процесінің объективті түрдегі сәйкес келмеуі. балаларды жазуға үйрету әдістемесінде тек қана көру элементтері, яғни белгілі бір деңгейде балаларда әріптік белгілері бойынша көру элементтерін меңгеру арқылы үйретіледі. Бірақ көру- мүшелеу элементтерінің өзіндік маңызы бар. Көру - мүшелеу элементтері -қозғалмалы үздіксіз және тербелмелі түрде әріптерді жазу және оларды қосып жазуда жүзеге асырылады. Мұның бәрі бұрынғы қолданып жүрген жазуға үйрету методикасында көру- мүшелеу элементтерінің қағазда қайта қайталауын терістейді. Психа методикалық зерттеулер 6-7 жастағы балалардың (сауатылық үйретпеген жағдайда) әріптік белгілерді жалпылама және бүтіндей қабылдамайтынын дәлелдейді. Олар қажетті жағдайда әріптерді құрайтын көру элементтерін мүшелейді. Әріпте олар “дөңгелекті’’ (сопақша) және “ілмекшені’’ (төменгі жағы дөңгеленіп келетін сызық) ажыратады. Бірақ оқушы әріптік белгіде жалпылама және сапалы қатынастарды арнайы ұйымдастырылған жұмысты анализ бойынша белгілей алмайды. 1класс оқушысы әріптік белгілердің формасын және барлық графикалық жүйені толығымен терең және берік меңгеру үшін олардың назарын әріптік белгілерді аналитикалық түрде қабылдауына, сонымен бірге элементтерді жіктеумен қатар олардың қатынасына назар аудару қажет. Ал қозғалыс элементтеріне келер болсақ графикалық жазу жаттығуларында ерекше орын алады.
Жазу сабақтарында әріптерді сызу келесі түрде болу керек; СЛАЙД
1) Әріп үлгісін және олардың қозғалыс элементтерін қабылдау. 2) Қозғалыс элементтері мен әріптерін және оқушылардың зейінін қозғалыстың басымен қосу нүктелеріне аудара отырып, көмекші пунктирлік сызық бойынша салу. 3) Қозғалыс элементтері мен әріптерін салу кезінде кеткен қателері түзету мақсатында үлгіні қайталап оқып- үйрету.4)Көмекші сызықтар арқылы әріптерді қайта жаңғырту. 5)Әріптерді өз бетінше жазу жаттығулары.
Төменгі класс оқушыларын жазуға үйретуде қасиетті талаптар қойылады:
1) Балаларды жаңа әріптік белгілерді көру элементіне сүйене отырып талдауды ұйымдастыру.
2)Қозғалыс элементеріне сүйеніп әріпті жазуды игеру.
Жазуға алғаш үйренгеннен бастап балалар бұл іс - әрекет түрін өзойын жазбаша жеткізу әдісі екенін түсінуі қажет. Оқушылардың сауатын ашу кезеңінде әріпті дұрыс жазуды үйрету қажет ,сонымен қатар сауатты жазудың алғашқы дағдыларын мысалы: әріптерді тастап және олардың орындарын ауыстырып жазбауын қадағалау. Бұл үшін әліппе материалдарын шеберлікпен қолданып және ыңғайлы сөздерді оқушыларға оңтайлы үйрету әдістерін таңдап алған жөн.1 сыныпта оқушылар жазу үлгісіне жазады. Әріптерді дұрыс жазуға үйрету кезінде мұғалім оқушыларға қиындық келтіретін жағдайларға назарын аударуы, жазу кезінде қойылатын талаптарды сақтауды талап етеді. Оқушылардың түзу отырып, қаламсапты дұрыс ұстауын, дененің және қолдың бұлшық еттерінің босаңсуын тексеріп, бақылап отыруы қажет. Әріптің алғашқы сызығын сызуда баланы асықтырмау жөн, себебі бұл кезеңде бала жазу кезіндегі қиындықты жеңуге тырысады; олар саусақтардың қозғалысын реттеуге үйренеді, денені және қолдың дұрыс қойылуын, қаламсапты ұстауды, дәптерді қиғаш қоюды, сонымен қатар әріпті жазуға басты назар аударуды үйреніп, меңгереді. Бұлардың барлығы баладан біршама талаптануды қажет етеді. Жазудағы алғашқы іскерлік, дағдының қалыптасуына: қиындықты жеңуіне, дағдыны әуел баста қалай игеруіне байланысты. Балалар әріпті қалай сызуды естеріне бірден сақтай алмайды. Сондықтан оқушыларға көп қиындық туғызатын әріптерді қайталау керек, ал бұл жұмыстың ұтымды жолы әріптердің ұқсастығы арқылы бірінен соң бірін бірте-бірте үйрету тиімді.
Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:
әріптердің негізгі элементьерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.
әріптердің биіктігі біркелкі болып шығу.
әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы.
Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элемнеттерінің, бір-бірімен кілт жалғастырмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.
Әрәптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы.
Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету. өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың сондай маңызы болады.жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіліп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылынқырап еденге (столдың кергішіне)тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен үш см.қашық ұстап түзу отыру керек.
Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптармен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ержелермен таныстыру керек. Саусақтарды қимылдатуға, бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйренулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: |