1.«Желдер...соғады» ойыны.
Бұл ойын біз оқушылармен жақсы қарым-қатынасқа түсіп, танысу үшін өткізілді.
Ойын барысы: жүргізуші «Желдер.....соғады » сөздерімен ойынды бастайды. Ойынға қатысушылар: «Желдер, кімнің шашы ашық түсті болса, соларға соғады» - барлық ашық түсті шаштар бір жерге топ болып жиналады. «Желдер кімнің...әпкесі бар болса, соған соғады», «Жануарларды жақсы көретінге», «Көп жылайтынға», «Достары барға» т.с.с. Әр қатысушыға сұрақтар қоюға мүмкіндік беріледі.
2.«Кондаш» сауалнамасы.
Сұрақтар:
1. Тақтаның алдында жауап бергенде
2. Бейтаныс адамның үйіне қонаққа барғанда
3. Жарысқа, сайысқа немесе олимпиадаға қатысқанда
4. Мектеп директорымен сөйлескенде
5. Өзіңнің келешегіңді ойлағанда
6. Мұғалім кімді сұраймын деп сынып журналына қарағанда
7. Сені сынап, сөккенде
8. Бір нәрсе істегенде саған қарап, сені бақылап тұрса
9. Бақылау жұмысын жазғанда
10. Мұғалім бақылау жұмысының бағаларын атағанда
11. Саған назар аудармағанда
12. Сенің қолыңнан келмей жұмысың орындалмағанда
13. Ата-аналарыңды жиналыстан тосқанда
14. Саған сәтсіздік төніп түр
15. Артыңнан біреудің күлгенін естігенде
16. Мектепте емтихан тапсырғанда
17. Белгісіз себептен саған ашуланғанда
18. Көп кісілердің алдында сөз сөйлегенде
19. Алдыңда маңызды ісің тұрғанда
20. Мұғалімнің сабақ түсіндіруін ұқпағанда
21. Сенімен келіспей дауласқанда
22. Өзіңді басқалармен салыстырғанда
23. Сенің қабілеттеріңді тексергенде
24. Саған кішкентай балаға сияқты қарағанда
25. Сабақта мұғалім күтпеген жерден сұрақ қойса
26. Сен жақындағанда басқалары үнсіз қалса
27. Сенің жұмысың бағаланғанда
28. Өз істерің жөнінде ойлағанда
29. Саған маңызды шешім қабылдау қажет болғанда
30. Үй тапсырмасын орындай алмағанда.
Сауалнаманың әрбір сөйлемін мұқият оқып жауабын 0,1,2,3,4 сандармен белгілейсіз.
0 – жағдай мүлдем жағымсыз көрінбейді (қобалжу жоқ)
1 – аздап қобалжытады
2 – жағымсыз, безетін жағдай
3 – күшті қобалжушылық, мазасыздық, үрей
4 – өте күшті қобалжу, өте күшті үрей,мазасыздану
Достарыңызбен бөлісу: |