Тақырып: «Жеткіншек жаста мазасызданудың нормада және ауытқуда көрініс беруі»



бет12/26
Дата19.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#129497
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
Соңғысы Абылай 07.05.2020

Зeрттeудiң бaзacы: Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жібек жолы жалпы орта мeктeбiндe жүргiзiлдi.

Диплoм жұмыcының құрылымы: кiрicпeдeн, eкi тaрaудaн, қoрытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн, қocымшaдaн тұрaды.

1 ПЕДАГОГ - ПСИХОЛОГТЫҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ МАЗАСЫЗДАНУЫН АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагог - психологтың жеткіншектердің мазасыздануын алдын-алу жұмысының педагогикалық-психологиялық еңбектердегі зерделену жайы
Эмоция мен сезімдер шынайы болмыстың әсерлену түріндегі бейнеленуі болып табылады. К.Изардтың «эмоциялардың дифференциациясы теориясында» ұсынылған жіктеуі бойынша, эмоциялардың іргелі және туынды түрлері болады [1].

Іргелілерге:



  • қызығу-тынышсыздану;

  • қуаныш;

  • қайғыру-азап шегу;

  • таң қалу;

  • ашу-ыза;

  • жиіркенушілік;

  • жек көру;

  • қорқыныш;

  • ұят;

  • кінә жатады.

Қалғандары туынды эмоциялар. Іргелі эмоциялардың қосындысынан құрамына қорқыныш, ашу, кінә, қызығу-тынышсыздану енетін мазасыздану секілді кешенді эмоционалды күй пайда болады. Сонымен, мазасыздану дегеніміз не? Түрлі авторлар бұл эмоционалды күйге түрлі анықтама береді. Тәжірибелік психолог сөздігінде, мазасыздану – индивидтің қайғы-қасіретке жауап реакциясының төмен табалдырығымен сипатталатын қайғыдан әсерленуге бейімділігі: жеке реакциялардың ең негізгі параметрлерінің бірі- деп көрсетілген.

В.В.Суворовa «Күйзеліс психофизиологиясы» кітабында мазасыздануды ішкі тыныштық пен байсалдылықтың жоғалуымен байланысты сипатталатын психикалық күй ретінде анықтайды және қорқынышпен салыстырғанда жеке тәжірибе контекстінде мәнді болатын шынайы субъективті факторларға тәуелділігін анықтайды [2]. Ол мазасыздануды физиологиялық аспекті үстем болатын теріс эмоциялар кешеніне жатқызады.

А.М.Прихожан мазасыздануды ұзақ уақыт аралығында сақталып тұратын тұрақты жеке құрылым ретінде анықтайды. А.М.Прихожан мазасызданудың оятушы күші бар және орын басушылық және қорғаушылық қызметінің көрініс беруі басым болатын, іс-әрекетті жүзеге асырудың тұрақты формалары бар деп атап өтеді. Кез келген өзге де кешенді психологиялық құрылым сияқты мазасыздану да эмоционалды аспектісі үстем болғанда құрамына когнетивті, эмоционалды және операциялық аспектілер енетін күрделі құрылым ретінде сипатталады [3].

Мазасыздану жаңа туған кездің өзінде де пайда болуы мүмкін немесе нақты айтсақ, оның құрамдас бөліктерінің бірі – қорқыныш екенін атап өту керек.

Тәжірибелік психолог сөздігінде «Қорқыныш – индивидтің биологиялық немесе әлеуметтік тіршілік етуіне қауіп төнетін жағдайда пайда болатын және шынайы немесе елестетілген қауіп көзіне бағытталған эмоция» деп жазылған [4].

Жалпы алғанда, мазасыздану – жеке тұлғаның әлсіздігінің, бейімсіздігінің субъективті көрініс беруі. Мазасыздану эмоционалды жайсыздықты бастан кешу, алда болатын қауіпті сезіну ретінде адамның маңызды қажеттіліктерінің қанағаттанбауының көрініс беруі, жағдайға қатысты үрейді бастан кешуінің, мазасыздықта гипертрофирленген денеде берік үстем болуының өзектілігі болып табылады.

Демек, мазасыздану – жеке тұлға сипаты, қорқынышқа дайындығы. Бұл қорқынышқа тиесінше жауап реакция қамтамасыз ететін, мүмкін болатын қауіп-қатер жағдайында сенсорлық және моторлық кернеуге мақсатты түрде дайындықпен жоғары назар аудару күйі.

Қорқыныш – мазасызданудың ең негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болғандықтан, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Қорқыныш алда болатын қауіп-қатердің алдын алушы қызмет атқарады, қауіп-қатер көзіне назарды тұрақтатуға мүмкіндік береді, қауіп-қатерді болдырмаудың жолдарын іздеуге түрткі болады. Аффект күші жағдайына жеткенде, ол іс-әрекет стереотиптерін таңуы мүмкін яғни – қашу, мелшиіп қатып қалу, қорғаныс агрессиясы. Егер қауіп-қатер көзі анықталмаса немесе танылмаса, пайда болатын күй үрей деп аталады. Үрей – анықталмаған қауіп-қатер жағдайында пайда болатын және жағдайдың ушығуын күтуде көрініс беретін эмоционалды күй.

Л.И.Божович үрейді өткен тәжірибеде орын алған, қарқынды, сезінілген ауру немесе аурудың болатынын сезіну деп анықтаған [5].

Л.И.Божовичпен салыстырғанда Н.Д.Левитов келесідей анықтама береді: «Үрей – мүмкін болатын жағымсыз жағдайлар, күтпеген жағдайлар, үйреншікті жағдай мен әрекеттердің өзгеруі, жағымдының, қажеттінің кешеуілдеуінен пайда болатын, ерекше күйзеліс (қорқу, толқу, тынышсыздану т.б.) пен жауап реакцияларда көрініс беретін психикалық күй [6, 7].

Психодинамикалық бағыт мазасыздануды келесідей түрде қарастырады. З.Фрейд бойынша: «Қорқыныш – аффект күйі, яғни белгілі «рахаттану-рахаттанбау» қатарындағы сезімдердің тиесілі кернеу және оларды қабылдауды бәсеңдету иннервациясымен бірігуі, сонымен қатар, белгілі маңызды оқиғаның көрініс беруі болуы мүмкін». З.Фрейд бойынша, қорқыныш либидодан пайда болады және өзін-өзі қорғау қызметін атқарады, жаңа, әдетте сыртқы қауіп-қатердің белгісі болып табылады [7].

Осы бағыттың өкілдерінің бірі К.Хорни, жеке тұлғаның дамуында шешуші фактор бала мен ересек арасындағы қарым-қатынас болып табылады деп сендіреді. К.Хорни жеке тұлғаның әлеуметтік теориясында балалық шаққа тән 2 қажеттілікті бөліп көрсетеді: рахат алу қажеттілігі (З.Фрейдпен бұл мәселеде келіседі) және басты қажеттілік болып есептелінетін қауіпсіздікке қажеттілік, оның негізгі түрткісі тұтастық, қоршаған әлем мен ондағы қауіп-қатерден қорғаныста болу және өзгелерге қажет болу. Бұл мәселеде бала түгелімен ата-анаға тәуелді. Жеке тұлға дамып-қалыптасуының 2 жолы болуы мүмкін: егер ата-ана осы қажеттілікті қамтамасыз етсе, нәтижесінде сау тұлға пайда болады, екінші жолы – егер қорғаныш болмаса, онда тұлға қалыптасуында ауытқу пайда болады. Дегенмен, ата-ана тарапынан мұндай нашар қатынас болуының негізгі нәтижесі – балада өшпенділікке бағдарының дамуы болып табылады. Бала бір жағынан, ата-анасына тәуелді, екінші жағынан – оларға қатысты өкпелеушілік, ызалану сезімдерін сезінеді. Ол әрине, қорғаныс механизмдеріне алып барады. Нәтижесінде ата-аналы отбасында қауіпсіздікті сезінбеген баланың іс-әрекеті қауіпсіздік, қорқыныш, махаббат пен кінә сезімдерімен бағытталады, ол ата-анаға деген өшпенділік сезімін басып жаншу мақсатындағы психологиялық қорғаныс рөлін атқарады, мұның бәрі үрей тудырады [8].

З.Фрейд үрейдің 3 түрін бөліп көрсетті: шынайы, невротикалық, моральді. Оның ойынша, үрей қарқынды импульстерден келетін жақында болатын қауіп-қатер туралы «Эгоға» ескертетін белгі рөлін ойнайды. Жауап ретінде, «Эго» қорғаныс механизмдерінің қатарын қолданады, оның ішінде: ығыстыру, проекция, ауыстыру, рационализация т.б. Қорғаныс механизмдері бейсаналы әрекет етеді және индивидтің шынайы болмысты қабылдауын бұрмалайды [9].

Базальді үрей дегеніміз не? Ол К.Хорнидің ойынша ең негізгі сезімдердің бірі – қауіпсіздіктің жоқтығынан туындайтын қарқынды және бойлап енетін сезім (Л.Хьелл, Д.Зиглер) [11].

К.Хорни бойынша, базальді үрейді жеңу үшін бала қорғаныс стратегияларын қолдануға тура келеді, оларды К.Хорни «невротикалық қажеттіліктер» деп атады. Ондай стратегияның 10 түрін атап өтті. Бұл стратегияларды 3 негізгі санатқа бөліп қарастырды: адамдарға бағытталған, адамдардан бағытталған және адамдарға қарсы бағытталған. Басқаша айтсақ, әр санат үрейді төмендетуге бағытталған.

Ч.Д.Спилбергер бойынша, үрей – күй, ал мазасыздану – жеке тұлғаның қасиеті деп ажыратылады. Ч.Д.Спилбергер концепциясына психоанализ әсер етеді, ол әлеуметтік фактор рөлін бағаламай, балалық шақта мазасызданудың тууына ата-ананың әсерін басым етіп көрсетеді. Мазасыздану деңгейі әр түрлі адамдарда бірдей тәжірибелік жағдаяттардың түрлі бағалануын жеке тәжірибенің, балалық шақтың және ата-ананың балаға деген қатынасының әсерімен түсіндіреді.

Үрей күйін зерттеуде тура осындай пікірді функционалды бағыт көрсетеді. В.М.Астапов үрейдің жүре пайда болатын және жеке тұлғалық қасиет ретіндегі жалпы теориясын дамыту үшін үрейдің қызметтерін талдап және бөліп қарастыру қажет [12].

Функционалды бағыт үрей күйін тек адам күйін сипаттайтын реакциялар қатары ретінде ғана емес, сонымен қатар іс-әрекет жасау күшіне әсер ететін субъективті фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық қызметтер туралы сұрақ көбіне үрейдің генетикалық тамырлары, үрейдің пайда болу шарттары мен жағдайлары, іс-әрекетке үрейдің тигізетін әсері т.б. дәстүрлі мәселелерді қозғауға мәжбүрлейді. Демек, үрейдің қызметтік сипаттамасы көптеген бағыттардың осы күйдің интерпретациясын жасауынан көрінеді. В.М. Астаповтың пікірінше, үрей күйі қандай да бір қауіп-қатердің алдын алады, төнген қауіп пен жағымсыз жағдайларды болжайды, индивидке ол туралы алдын ала хабарлайды. З. Фрейд алда болатын қауіптің сипатында нақты қауіптен пайда болатын қорқынышты және елестетілген қауіпке жауап реакция ретінде үрейді бөліп қарастырады. Сондықтан, кейде үрейді инерализирленген, белгісіз, жөнсіз қорқыныш ретінде немесе қауіп-қатердің өзінен емес, сол қауіп-қатер болатын жағдайда одан қашып құтылуға мүмкіндік жоқтықтан туатын күй ретінде анықтайды. Үрей әрекеті көбіне шынайы жағдай шектерінен шығып кетеді, субъектіні болашаққа да, өткенге де алып барады. Яғни, субъектке жағдайды «өзіндік» көзқараспен көруге итермелейтін ерекше, адекватты емес тенденция бар екендігін байқауға болады. Бұл жағдайда іздеу мен табу қызметтерінің жүзеге асу формалары «жағдай үстіндегі белсенділік» түрінде көрінуі мүмкін. Субъект өз еркімен оған ұсынылған тапсырманың шегінен шығып кетеді, жаңа мақсаттар қою және оларды жүзеге асыру үрдісін өзі ұйымдастырып, көбіне іске асырылатын әрекеттің жетекші мақсаттары мен түрткілеріне қарсыласады. Қауіп-қатерді табуға басты назар аудару іс-әрекет сипатына әсер етуі мүмкін. В.М.Астаповтың пікірінше, үрейдің белсенді-ізденістік бағыты қоршаған ортаның «стресстік элементтеріне» зейінді тұрақтатумен сипатталады, ал динамикалық тұрғыда ұзақтығымен және тұрақтылығымен сипатталады: ол үрейдің әрекетке әсерін жоятын «тәртіпсіз мінез-құлыққа» негіз болуы мүмкін. Үрей жүзеге асыратын қауіп-қатер көзін табуға ұмтылудың, байқауымызша, патологиялық бұзылыстарға қатысы бар, ол патологиялық бұзылыстар кезінде үнемі қауіп-қатерді іздеу және оны өзге адамдар бойынан табу (жалған шығын), өз денесінен табу (ипохондрия), және өз әрекеттерінің нәтижелерінен табу (психастения) және т.б. көрініс береді. Қауіп төндіретін объектті іздеу әрекетінде белсенділік пайда болады, үрейді бәсеңдету жолы – қауіп-қатер көзін алдын ала анықтау.

К.Гольдштейннің ойынша, сау индивидтің еркіндігі – оның таңдау жасай алатындығында, яғни, жаңа қоршаған ортада қиындықтарды жеңуге мүмкіндік табуында.

В.М.Астапов сонымен қатар, үрейдің тағы бір қызметін атап өтті, пайда болған жағдайда бағалау қызметі және де жағдайға қандай мән берілгендігі маңызды болып табылады.

Н.И.Наенко осы өзгешелікке көңіл аударады: «үрей күйінің психофизиологиялық ерекшелігі сыртқы әсерлерге тәуелді емес, іс-әрекет мақсатының жеке мәні мен адам тап болған жағдайды өзінің бағалауында». Қауіпті жағдайға мінез-құлық реакциясының дәстүрлі 3 түрі бар: қашу, мелшиіп қатып қалу, агрессия. Бұлардың әрқайсысы субъекттің мінез-құлық бағдарын өзінше көрсетеді: қашу – қауіпті объектімен бетпе-бет жүздесу мүмкіндігін жою, агрессия – қауіп-қатер көзін жою, мелшиіп қатып қалу – қандай да бір белсенділікті толық жоғалту. Үрейдің теріс сипатта көрініс табуы индивид жағдайды қауіпті деп бағалағанда және ол жағдайдың шешімін табудың дайын және жеткілікті сенімді әдістері болмағанда пайда болады. Функционалды бағыт негізінде бұл күйді тұлғаның құндылықтары деңгейінде аффективті, сандық, мінез-құлықтық реакцияларды қамтитын күрделі үрдістің нәтижесі ретінде анықтауға болады [14].

Мазасызданудың оның көздерінде, құрамында, көрініс беру түрлерінде, орнын басу мен қорғаныста анықталатын ерекшелігі бар. Әр жас кезеңінде тұрақты құрылым ретінде мазасыздану немесе үрейдің басым болуына жол беретіндей шынайы қауіп-қатер болмаса да, көптеген балалардың мазасыздануын тудыратын белгілі бір салалар, болмыс объектілері бар.

Бұл мазасызданудың жастық шыңдары көбіне мәнді болатын социогенді қажеттіліктердің нәтижесі болып табылады.

В.Р.Кисловская проективті тесттер көмегімен мазасызданудың жастық динамикасын зерттеп, мектеп жасына дейінгі балаларда бала-бақша тәрбиеленушілерімен қатынаста мазасызданудың жоғарғы деңгейі бар екендігін, ал ата-анамаен қатынаста тек аз мөлшерде болатындығын байқайды. Бастауыш сынып оқушылары өз сыныптастарымен қатынаста аз мазасызданып, ересектермен қатынаста мазөасыздану жоғарылайды [15].

Жеткіншектер өз ата-аналарыман және құрдастарымен қатынаста көп мазасызданады, ал мұғалімдер және өзге таныс емес ересектермен қатынаста мазасыздану төмен деңгейде көрініс береді. Жоғарғы сынып оқушылары қарым-қатынастың барлық деңгейінде және түрлерінде жоғары мазасыздануды бастан кешеді, әсіресе олардың мазасыздануы ата-ана және олар қандай да бір деңгейде тәуелді болып тұрған ересектермен қатынаста жоғары деңгейде мазасыздануды бастан кешеді.

И.В.Дубровина лангитюдті зерттеулер жүргізу нәтижесінде 9-сыныпта балалардың мазасыздануы 7-8 сыныптағылармен салыстырғанда едәуір төмендейді, бірақ 10-сыныпта өзін-өзі бағалау мазасыздануымен байланысты қайта көтеріледі. 8-10 сыныптарда өзін-өзі бағалау мазасыздануының көтерілуі ол сыныптардың бітіруші сынып болуымен түсіндіріледі [16].

Жасөспірімдерде мазасыздану деңгейінде, оларды туғызатын факторларда жеткіншектермен салыстырғанда жыныстық және индивидуалды айырмашылықтары бар (оқу үлгерімі, құрдастар арасындағы беделі, өзін-өзі бағалау өзгешеліктері). Бұл В.С.Мерлиннің интегралды индивидуалдылық туралы теориясын растайды [17].

Мазасыздану теориясы және «үрей» мен «мазасыздану» ұғымдарының анықтамасын қарастыру келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бұл күйлер қоғам өмірінің тарихи кезеңдерімен байланысын табады, ол қорқыныш құрамында, үрейдің жастық шыңдарының сипатында, үрейді бастан кешу дылығында, соңғы онжылдықта біздің елімізде балалар мен жеткіншектер арасында мазасыздану деңгейінің едәуір жоғарылауында көрініс табады [19].

Барлық теорияларды мазасыздануды бейсаналық импульстерге сүйеніп, динамикалық көзқарас тұрғысынан қарастыратын шетелдік (З.Фрейд, К.Хорни, К.Изард, Ч.Д.Спилбергер) және мазасыздануды оның атқаратын қызметтері тұрғысынан қарастыратын отандық теориялар деп бөлуге болады (В.В.Суворова, В.М.Астапов, И.В.Дубровина, Л.И.Божович, И.В.Имемадзе, Н.Д.Левитов, В.Р.Кисловская т.б.). Бұлар мазасыздануды 2 түрге бөледі: реактивті және жекелік. Бұл Ч.Д.Спилбергердің үрей – күй, мазасыздану – жеке тұлға қасиеті деп ажыратқан теориясына сәйкес келеді. Функционалды бағытта мазасыздану жеке тұлғаның іс-әрекетін ұйымдастыратын субъективті фактор ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, мазасыздану – іргелі эмоциялардың бірлескен кешені [20].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет