Тақырып Ұжымның атқаратын рөлі. Психологиялық кеңес жоспары


Психологиялық кеңес дегеніміз не?



бет4/5
Дата10.11.2022
өлшемі19,35 Kb.
#157627
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ұжымның атқаратын рөлі. Психологиялық кеңес.

Психологиялық кеңес дегеніміз не?
Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т.с.с. Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.


Психологиялық кеңес туралы жалпы түсінік
Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер кімдер?
Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді. Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра психологқа барады. Өйткені олар психологтан эмоционалды тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері - өзіне сенімсіз, берілген мүмкіндіктің қайсысын тыңдауды білмегендігінен барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. Төртіншілері - көбіне жалғызбасты адамдар, оларға біреуге ішін жарып, сырласу керек. Бұндай адамдарда әдетте психологиялық проблемалары жоқ, алайда олар зейін қойып тыңдайтын адамдарды іздейді.
Психологиялық кеңес берудің негізгі 5 кезеңі бар:
Дайындық кезеңі. Бұнда психолог клиентпен жазбаша түде танысады (алдын ала жазылуы бойынша), сонымен қатар ол туралы ақпаратты басқа адамдардан да алуы бойынша. Мысалы: өтініш қабылдаған кеңесшіден, әріптестерінен т.б. адамдардан. Осы кезеңде психологтың өзі де кеңес беруді өткізуге дайындалады. Психолог кеңес берушінің бұл кезеңдегі жұмыс уақыты – 20-30 минутқа созылады.
Ыңғайлану кезеңі. Бұнда психолог клиентті өзі қарсы алады, онымен танысады және бірлесіп жұмыс жасауға ыңғай білдіреді. Бұл кезең кеңес өткізуге барлығы дайын болса, 5-7 минутқа дейін созылады.
Диагностикалық кезең. Бұнда психолог клиенттің мәселесін тыңдайды, оның мәселесін нақтылауға тырысады. Аталған кезеңнің негізгі мазмұнына клиенттің өзі туралы, мәселелері жайлы ақпараттары кіреді (баяндау арқылы). Сондай-ақ бұл этапта психодиагностика өткізіледі. Ол клиенттің мәселесін нақтылау үшін жүргізіледі. Бұл кезеңге нақты уақыт тағайындау қиын, сондықтан жұмыс 4 сағаттан – 6-8 сағатқа созылуы мүмкін.
Нұсқау беру кезеңі. Психолог кеңес беруші өткен этаптарда клиент жайлы жинаған ақпараттарды онымен бірлесе отырып, мәселені шешуге, практикалық нұсқауғалар жасақтайды. Бұл кезеңде барлық нұсқаулар тексеріледі, түсіндіріледі, нақтыланады. Осы кезеңге жұмсалатын уақыт – 40мин-1 сағатқа дейін.
Бұнда психолог пен клиент алынған кеңестер мен нұсқаулардың қалай бақыланатыны мен бағаланғандығы жайлы келіседі. Осы жерде нұсқауды орындау барысында туындаған сұрақтарды кімнен, қашан, қайда біле алатындығы жайлы, келесі жолы қай кезде кездесетіндігі туралы да келіседі. Бұл кезең 20-30 минут аралығын қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет