Шеткері ісінулер (ағзада сұйықтықтың кідіруі)
МАҚСАТТАР: қысқа мерзімді- аптаның соңында аяқтарда ісінулерді азайту. Ұзақ мерзімді-шығару кезінде тамақтану және сұйықтық тәртібінің ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетеді.
Әзірле: тонометр, дәрі – дәрмектер, дәкелер, орамал, салмақ өлшегіш, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:
тұзды (5 г) және сұйықтықты (800 мл) шектеумен, калий және уызға бай диетаны сақтау қажеттілігін науқасқа түсіндіру;
№ 10 емдік үстел бойынша диета сактауды науқасқа қамтамасыз ету (науқаспен, туған-туысқандарымен диетаны сақтау туралы кеңесу), аптасына 1 рет жеңілдету күні;
науқас ішетін күнделікті су тепе-тендігін анықтау;
үш күнде 1 рет науқасты өлшеу;
дәрігердің нұсқауы бойынша науқас дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету;
тері және кілегей қабаттардың күтімін қамтамасыз ету;
науқастың физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету, іш қату кезінде ісінулері бар науқасқа гипертониялық немесе майлы клизма қою;
зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |