Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Мерзімі: 14. 10. 2015ж Топ жасы: естияр тобы Білім беру саласы:



Дата11.01.2017
өлшемі25,64 Kb.
#7308
түріСабақ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің 
технологиялық картасы 


Мерзімі: 14.10.2015ж

Топ жасы: естияр тобы  


Білім беру саласы: «Денсаулық» 
Бағдарлама тарауы: Денешынықтыру 
Тақырыбы: «Баурсақ» 
Мақсаты: Балаларды қиялдағы жағдайға кіруге, жаңа сюжеттік желіні, қимылдардың жаңа түрлерін іздеуді үйрету. Қимыл-қозғалыс жағдайларда тұспалдаудың жылдамдығына мен жеңілдігіне үйрету. Келбетін, тепе-тендігін сақтау дағдыларын жетілдіру. 
Екі аяқпен алға қарай жылжып секіруді одан әрі жаттықтыру. Қол-аяқтардың бұлшық еттерін дамыту. 
Ұжымшылдық сезімдерін тәрбиелеу. 
Керекті құралдар мен жадығат: үлкен кілем, үстел үстіндегі театр. 
Сөздік жұмыс: бір жақ жанмен (қырынмен) аударылып түсу 
Билингвальдік компонент: бір жақ жанмен аударылып түсу - боковой кувырок. 

Сабақ барысы: 

Мотивациялық- 
Қозғаушы кезеңі: Кіріспе әңгіме: -Балалар, бүгін бізде денешынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті театр ретінде болады. Біз сендермен «Баурсақ» ертегісін ойнаймыз. Балалардың әрекеті: Балалар тәрбиешінің сөзіне құлақ салады. 
Ұйымдастыру- 
Іздестіру кезеңі: 
Үстелге «Баурсақ» үстел театр кейіпкерлерін орналастырып қояды. 

-Қане, балалар, ертегіні еске түсірей-ікші. Кейіпкерлермен не болды, олар қандай жағдайларға ұшырады. 

-Жарайсыңдар. Бауырсаққа жолда әр түрлі аңдар кездесіп отырды.Сендер оларды көрсете аласыңдар ма? 
І бөлім. 
-Қазір сендер шашырап жүгіресіңдер. Мен Баурсақты жегісі келген аңды атаған кезде, сендер сол аң сияқты қозғала бастайсыңдар. 
Тәрбиеші ертегінің кейіпкерлерін атайды. Дұрыс қимыл-қозғалысты жасаған балаларды мақтайды. 
-Балалар, назар аударыңдар! Бауырсақ тез домалап кетті, ал аңдар әркім қалауынша оны жетуге тырысты. 
ІІ бөлім. 
-Балалар, сендер әр түрлі аңдардың қимылдарын ұқсасты көрсеттіңдер. 
Енді дұрыстап шындап ойынды бастайық. 
-Қане, колоннаға қабырға бойымен тұрыңдар, бір-бірінен бір үлкен адым қашықтығына. 
-Сендер бір жақ жанмен (қырынмен) аударылып түсу керексіңдер. Өйткені Бауырсақ домалақ ғой, сондықтан қарама-қарсы қабырғаға дейін бір жақ жанмен (қырынмен) аударылып түсіп домалай керек, ал қайтқанда әр түрлі қимылмен қайтуға болады. 
1. Отырып, тізелеріңді қолмен ұстаңдар. Домалаңдар! Домалап келе жатыр Бауырсақ, домалап келе жатыр. Алдынан шығады.... 
2. Тұрып, «Кім» деп қатты айтыңдар және артқа қарай қояндар сияқты қайтыңдар. 
3. Жақсы. Ойынды жалғастырайық. Домалап келе жатыр Бауырсақ, дома-лап келе жатыр. Алдынан шығады.... 
4. Тұрып, «Кім» деп қатты айтыңдар және артқа қарай қасқырлар сияқты қайтыңдар. 

5. Тамаша. Домалап келе жатыр Баурсақ, домалап келе жатыр. Алдынан шығады.... 


6. Тұрып, «Кім» деп қатты айтыңдар және артқа қарай аюлар сияқты қайтыңдар. 
7. Жарайсыңдар. Домалап келе жатыр Баурсақ, домалап келе жатыр. Алдынан шығады.... 
8. Тұрып, «Кім» деп қатты айтыңдар және артқа қарай түлкілер сияқты қайтыңдар. 
Балалар бір жақ жанмен (қырынмен) аударылып түсуді өздеріне ыңғайлы екпінінде орындайды.Сондықтан «алдына шықты...» деген сөзді соңғы «Баурсақ» қарама-қарсы қабырғаға домалап жеткенде айту керек. 
ІІІ бөлім. 
-Балалар, сендер ертегінің кейіпкерле-рін қалай қызықты көрсеткендеріңді көру үшін тағы бір рет ойнайық. Бірақ енді кейіпкерлерді кезекпен көрсете-сіңдер: қыздар Баурсақ пен қоянды көрсетеді, ұлдар – Баурсақ пен қасқырды, Баурсақ пен аюды, содан соң қыздар – Баурсақ пен түлкіні. 
Рефлексивті - 
түзету кезеңі: -Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? 
-Қандай кейіпкерлерді көрсетуге қиын болды? 
- Келесіде тағы қандай ертегілерді ойнап көрсетулерін келеді екен. Қане, ол туралы қимылды жұмбақты жасы-рып көрсетіңдер. 
Күтілген нәтиже: 
Білу керек: ертегінің атауы мен сюжетін; аңдардың қиыл-қозғалыстарын; бір жақ жанмен (қырынмен) аударылып түсуді. 
Болу керек: келбетін, тепе-тендігін сақтау дағдылары; екі аяқпен алға қарай жылжып секіру дағдылары. 
Істей білу керек: қиялдағы жағдайға кіруге, жаңа сюжеттік желіні, қимылдардың жаңа түрлерін іздеуді; кеңістікті бағдарлауды; тепе-тендіктерін сақтауды.

Каталог: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс-әрекет ұйымдастырылған технологиялық карта Мерзімі: 22. 10. 2015ж Топ: "Ақбота."естияр Білім беру саласы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: Жақсы мен жаман әдетті тауып көр. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы Топ : «Балдырған» Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Суретті қарау проблемалық
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Ата-аналарға арналған конференция Тақырыбы: Біз –махаббат пен бақытың қайнарымыз! Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Сабақ Тақырыбы:»Сипаты бойынша таны.» «Балдырған»тобы Өткізкен тәрбиеші: Наурызбаева Б. Н
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Үш жолдас» (әңгіме). Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Дәрігер Айболит»(ертегі) Корней Иванович Чуйковский Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Сабақ Тақырыбы: «Алтын күз»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет