Оң жақ қабырға астының ауырғаны. Жүрек әлсіздігінен болатын бауырдың өсуіне байланысты. Бауырдың өсуі ішінде нерв тамырлары бар глиссон капсуласының керілуіне әкеп соқтырады ол ауру болып білінеді.
Демікпе: жүрек шамасыздығының белгісі. Жүрек ауруларында жүрек әлсіздігінің нәтижесінде қанның минуттік көлемі азаяды, ол қан айналымы жылдамдығының баяулауына себеп болады. Бұл қанның қан айналым шеңберлерінде іркілуін тудырады. Қанның кіші қан айналым шеңберінде іркілуінен оның оттегімен қанығуы азаяды-гипоксия мен гиперкапния дамиды. Гипоксия мен гиперкапния тыныс алу орталығын қоздырып,демікпе тудырады.
Жүрек шамасыздығына тән демікпе әуелі организмге қалыпты күш түскенде,кейін аурудың отырған күйінде байқалады.
Ентігу - тыныс алу жиілігі ырғағының және терендігінің бұзылысымен жүретін ауа жетіспеу жағдайы.
Гипертония (артериялық гипертензия) – қан қысымының жоғарлауы .