Артериялық қысымның күрт төмендеуі.
МАҚСАТЫ: артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (бөлек уақытымен).
Әзірле: тонометр, жылытқыш, оттегі жастығы, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:
дәрігерді дереу шақырту;
жастықсыз, аяқ жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты ұстау;
науқасты жылыту (жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою, ыстық шай немесе кофе беру);
таза ауа жіберу немесе ылғалды оттегі ингаляциясын жасау;
манжетті алмай, әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін АҚ-мен пульсті бақылау.
Артериялық қысымның күрт жоғарылауы.
МАҚСАТЫ: АҚ-ны біртіндеп төмендету (бөлек уақытымен).
Әзірле: тонометр, қыша қағазы, дәкелер, суық су, жылытқыш, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:
дәрігерді дереу шақырту;
бас жоғары көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету;
физикалықжәне психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;
таза ауа жіберу;
желкеге және балтырға қыша қою;
маңдайға суық компресс қою;
қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш қою;
дәрігердің нұсқауларын орындау;
науқастың жағдайын әр 30 минут сайын АҚ қалпына келгенге дейін бақылау (сырт көрінісін қарау, ТАЖ, АҚ, пульс).
Достарыңызбен бөлісу: |