Саңырауқұлақ
Тіл келе жатып, ағаштың түбінде өсіп тұрған саңырауқұлақты көрді. Кәне, қандай саңырауқұлақты көргенін көрсетейік.
Ж аттығуды сипаттау:жымиямыз, ауызды кең ашамыз, тілді таңдайға жапсырамыз
«Сағат». Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап козғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Сағат»
Жаттығуды сипаттау: жымиямыз, ауызды ашамыз. Жіңішке тілді кезекпен оң және сол езуге жеткізе қозғалтамыз.
Тіл өзін сәндеп болған соң, үйге қайтатын уақыт болды ма екен, сағатқа қарады.Кане біздің сағаттарымыз қалай жұмыс істеп тұр екен.
«Тәтті тосап». Жалпақ тілді шығарып жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару /15рет қайталаймыз
«Тәтті тосап»
Анам екеуміз құймақты қаймақпен және тәтті тосаппен жедік, тосап еріндерімізге жұғып қалды, кәне, ерніміздегі тосапты тілімізбен жалайық. Жаттығуды сипаттау: жымиямыз,ауызды ашамыз, жоғарғы ернімізді, сосын төменгі ернімізді, сосын айналдыра жалаймыз. 4-5 рет қайталаймыз.
|
«Ат шауып келеді». Ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
«Инеше» ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
Тапсырма 1
Артикуляциялық және саусақ жаттығуларын жасау.
а) артикуляциялық жаттығулар: «Саңырауқұлақ», «Сағат», «Тәтті тосап», «Алтыбақан», «Тоқылдақ», «Ат шауып келеді».
ә) саусақ жаттығулары: «Шынжыр», «Піл», «Саусақтар жүреді», «Доп», «Гүл».
Буындарды және сөздерді қайталау
Ра-ра-ра
Ро-ро-ро
Ри-ри-ри
Ру-ру-ру
Ра-ра-ра – ара, қара
Ры-ры-ры – тары, сары
Достарыңызбен бөлісу: |