Тақырып Кіріспе. Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы дамуының бағыттарын анықтайтын факторлар. Дәріс тезистері. Кіріспе


Биологиялық ұғымдардың дамуы. Ұғымдардың даму теориясы



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі58,15 Kb.
#94473
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оқыту әдістері жайлы

Биологиялық ұғымдардың дамуы. Ұғымдардың даму теориясы.
Оқытудың мақсаты- оқушыларға саналы, жүйелі және тұрақты білім беру. Оқыту үдерісінде оқушылардың ойлау қызметтерін дұрыс ұйымдастыру, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Ұғым дегеніміз - адамның ойлау қабілетінің жоғары тұлғасы болып саналады. Ұғымда заттар мен әлемдегі құбылыстардың жалпы мәнді белгілері көрсетіледі. Затты түсіну дегеніміз - оның мәнді белгілерін меңгеру.
Білім заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен қасиеттері туралы анықталған ұғымдардан құралады.
“Ойлау дегеніміз - ұғымдарды пайдалана білу”- Ф.Энгельс. Ұғымдарды пайдалана отырып, адам ойлау қызметін атқарады. Адамның ойы нақты дүниені суреттейді, және білімсіздіктен білім жолында әртүрлі кезеңдерден өтеді.
1. Дүниені тану үдерісінде алғаш сәт ретінде заттар мен құбылыстардың сезімдік тануы пайда болады.
2. Сезімдік танымнан түйсік (қабылдау) пайда болады.
3. Қабылдаудың негізінде түсінік (елес) пайда болады.
4. Жалпыланған түсініктер ұғымды құрайды.
Ұғымдардың дамуы оқушылардың оқыту және тәрбиелеу үдерісінің негізгі қозғау күші болып саналады.
Алдымен ұғымды құрап, содан кейін мысалмен сипаттау дұрыс емес. Дайын ұғымдар жылдам есте сақталып, жылдам ұмытылады, өйткені олар жаттанды түрде қабылданады.
Биология оқу пәні ретінде бір-бірімен байланысқан, (логикалық) қисынды кезекте дамып келе жатқан ұғымдардың жүйесі болып саналады.
Мектеп биологиясының негізгі ұғымдары:
1. морфологиялық,
2. анатомиялық,
3. физиологиялық,
4. экологиялық,
5. систематикалық,
6. филогенетикалық,
7. цитологиялық,
8. эмбриологиялық,
9. генетикалық,
10. агрономиялық,
11. гигиеналық,
12. медициналық,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет