Білім беру стандарты білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін, білім сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін және білім алушының әлеуметтенуіне ықпал ететін нормативті құжат. Сонымен қатар, білім беру стандарты білім туралы заңның белгілі бір бөлігін түсіндіретін негізгі нормативті құжат болып табылады.
Дүниежүзінде де біздің елімізде де алғашқы білім беру стандарттары жекеленген оқу пәндерінен оқушы дайындық деңгейіне қойылатын талаптардан тұратын бағдарламалар түрінде жасалды. Олардың негізінде әр түрлі типтік және оқу жоспарлары жасалды. Жалпыға білім беретін мекемелер енді біздің елімізде жаңа 12жылдың білім беру стандартына сәйкес білім беру жұмысын жүргізетін болады. Алдыңғы стандарттар сияқты жаңа стандарты мемлекеттің қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған базалық білім беру мазмұнын, мақсатын, жалпы нормаларын, білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтайды.
Жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының мазмұнының жалпы теориялық негіздері оқу жоспарында көрініс табады.
Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары − мемлекеттік стандарттың осы білім беру саласындағы негізгі құрам бөлігі болып табылатын мемлекеттік нормативтік құжат. Оның негізінде оқу жоспарлары жасалады.
Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарының құрылымы жалпы білім беру мазмұныны сияқты факторлармен анықталады.
Мектептің оқу жоспары өзінің құрылымына қарай инвариантты және вариативті бөліктерге бөлініп жасау қажеттілігі ескертіледі. Оқу жоспарының инвариантты бөлігі жалпы мәдени және ұлттық маңызды құндылықтарды білім алушыларда базалық мәдениет қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Вариативті бөлігі білім алушының жеке тұлғалық ерекшелігіне яғни білім беру процесін жеке тұлғаға бағыттау мүмкіндіктерін еске алып құрастырылады.
Дәстүрлі жалпы білім беретін мектеп үш сатыдан: бастауыш, негізгі жоғарғы тұрады. Жалпы білім беретін мектептің бұл сатылары жалпы ортақ міндетті шеше отырып, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады, ең басты ерекшелік базалық оқу пәндер жиынтығы мен базалық пәндер бөлімі мен оқушылардың таңдау пәндерінің арақатынасынан көрінеді.
Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарының базалық бөлігі мектеп деңгейлеріндегі оқылатын курстардың бірінен екіншісіне күрделенуін арасындағы сәйкестік принципінің жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Онан әрі білім беру мазмұны оқу жоспарларында оқу пәндері ретінде нақтыланып теориялық тұрғыда көрініс табады.
Оқу пәні дегеніміз − ғылымның немесе мәдениеттің, еңбек пен өндірістің негізгі қағидаларын оқушы өзі жасының танымдық мүмкіндігіне сәйкес меңгеруге мүмкін деп танылған ғылыми білімдер, практикалық білік пен дағдылар жиынтығы.
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап біздің және шетел педагогикасында құзыреттілік ыңғайы дами бастады, біздің жаңа 12-жылдың білім берудің МЖБС-ның жобасы осыған негізделген. Құзыреттілік ыңғайға негізделген мектептегі жаңарған білім беру мазмұны төрт бағытта жүргізіледі деп болжануда. Олар:
жинақталған пәндік сипаттағы құзыреттіліктерді жүзеге асырумен байланысты түйінді құзыреттіліктер қалыптастыру;
өмірлік дағдыларды меңгеруге қажетті тапсырмалар негізінде білім мазмұнын жаңарту.
Оқу бағдарламасы − оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылар мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін нормативті құжат. Ол пәннің мазмұнындағы теориялар, деректер, жағдайлардың жалпы ғылыми және рухани − біртұтастық берілуін анықтайды. Бағдарламада оқу материалының оқу жылдарына және мектептегі сынып ішіндегі құрылымы ескерілген. Бағдарламадағы білім, білік, дағдылардың оқушылармен толық меңгерілуі оқу процесінің тиімділігінің ең негізгі критерийлерінің бірі болып саналады.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды (2020 жылғы 15 маусымдағы №7 хаттамасы)
2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 384 б. Жинаққа 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және білім беру ұйымдарының 1-11-сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне, бастауыш сынып және пән мұғалімдеріне, сонымен қатар білім басқармалары/бөлімдерінің, білім саласындағы бақылау департаменттерінің басшыларына, мамандарына арналған. Яғни, әрбір жаңа оқу жылында әдістемелік нұсқау хатқа сүйеніп оқыту үрдісін ұйымдастырамыз.