Өрістің берілген нүктесінде орналасқан оң зарядтың бірлігіне жататын электр өрісінің энергиясы берілген нүктедегі өрістің потенциалы деп аталады.
Потенциалды φ әрпімен , зарядты q әрпімен және зарядты жылжытуға жұмсалған жұмысты - W деп белгілесе , онда осы нүктедегі өріс потенциалы φ = W / q формуласымен өрнектелетін болады .
Айтылғандардан шығатыны , берілген нүктедегі электр өрісінің потенциалы оң заряд бірлігі өрістің сыртынан берілген нүктеге ауысқан кездегі сыртқы күштің атқаратын жұмысына сан жағынан тең. Өріс потенциалы вольтпен (V) өлшенеді. Егер бір кулон электр энергиясын өріс сыртынан берілген нүктеге беру кезінде сыртқы күштер бір джоульге тең жұмыс атқарса, онда өрістің берілген нүктесіндегі потенциал бір вольтқа тең: 1 вольт = 1 джоуль / 1 кулон
Достарыңызбен бөлісу: |