Тақырып Кіріспе



бет3/12
Дата21.11.2019
өлшемі244,84 Kb.
#52192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
d-nie zh-zi tarikhy


Тақырып 1.8. Ұлыбритания

Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының Ұлыбританияға әсері. Ұлыбритания алдыңғы қатарлы державалардың бірі ретінде Бірінші дүниежүзілік со- ғыстағы жеңісінің нәтижесінде өзінің көптеген саяси мақсаттарын жүзеге асыруға қол жеткізді. Германия Англиямен бақталас болудан қалды. Африкадағы не- міс отарларының және Түркиядан тартып алған аумағы 21 есебінен Британия отарлық империясы кеңейді. Версаль келісімі бойынша Германия төлеуге міндеттенген төлемнің көп бөлігі Англияға берілді. Алайда Ұлыбританияның қаржылық-экономикалық жағдайы соғыстың салдары- нан біршама әлсіреген болатын. Ол ұлттық байлығының үштен бір бөлігін жоғалтты. Өндіріс салалары 20%-ға қысқарды. Дегенмен 1914—1918 жылдары соғысқа қа- жетті тауарлар өндіру, автокөлік, ұшақтар жасау, хи- мия өндірісін дамыту жолға қойылып, металл қорыту қарқыны айтарлықтай артты. Ал көмір өндіру, кемелер жасау, керісінше қысқартылды. Өндірісті ұлғайтудағы арасалмақтық қайшылықтар Англия экономикасына көп кедергі жасап, оның өнімдері қымбат болғандықтан, саты- лым деңгейі төмендеді. Экспортқа қарағанда, импорты екі есе өскендіктен Ұлыбритания шетелдерден қарыз алуға мәжбүр болды. Егер соғысқа дейін АҚШ Ұлыбританияға қарыздар болса, соғыстан кейін бұл державалар бір- бірімен орын алмастырды. 1919 жылы Ұлыбритания АҚШ-қа 850 млн фунт стерлинг (4 млрд долл) берешек болды. Дүниежүзілік қаржы орталығы Лондондағы Сити қалашығынан Нью-Йорктің Уолл-стрит қалашығына қоныс аударды. АҚШ Ұлыбританияны сыртқы саудадан қысқан сайын екеуінің арасындағы бәсеке күрес күшейе түсті. Ұлыбританияға қарсылас болып Еуропада — Фран- ция, Азияда Жапония саяси аренаға шықты.

Ағылшын үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Соғыс біткен кезде билік басында Дэвид Ллойд Джордждың ли- бералдар, консерваторлар және лейбористерден құралған коалициялық үкіметі тұрған еді. Коалицияның мақсаты соғыс жылдарында азаматтық бейбітшілікті сақтап тұру болды. Соғыс аяқталған соң бұл коалиция тарап кетті. Ұлыбританияда көтерілістер, қақтығыстар болған жоқ. Бұл мемлекеттегі өзгерістер эволюциялық жолмен, біртіндеп, өркениетті түрде өтіп жатты. Дегенмен ел өмірінде жаңа сатылы бағыттар туғызатын оқиғалар да орын алды. 1918 жылы сайлау туралы жаңа заң қабылданып, дауыс берушілер саны 8 млн-нан 21 млн-ға дейін өсті. 21 жасқа толған ер адамдар мен 30 жасқа толған әйелдер сайлауға қатысуға және сайлануға құқылы болды. Соғыстан аман қайтқандарға жұмысқа орналасқанға дейін ақшалай кө- мек беру мәселесі шешілді. Әскери өндіріс орындарының қысқартылуына байланысты жұмыссыз қалғандарға да қаржы бөлініп, мемлекеттің әлеуметтік деңгейі әжептәуір өсті. Ллойд Джордж үкіметі, сонымен қатар халық ағарту, тұрғын үй салу ісіне басты көңіл бөле бастады. Сыртқы саясатта Ұлыбританияның беделін көтеруге тырысқан Ллойд Джордж үкіметі Париж бейбіт конфе- ренциясында батыл ұстанымдарды жақтады. 1917 жылы империялық конференцияда оның отарлары: Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Одағы автономиялы мемлекеттер мәртебесін иеленді. 1923 жы- лы олар басқа елдермен дербес келісімдер жасауға қол жеткізді.

1918—1924 жылдарда қалыптасқан екіпартиялық жүйе күрделі өзгерістерге ұшырады. Либералдық пар- тия екі топқа бөлінді де, сайлаушылар саны бірден ке- міді. Ал лейбористер партиясының ықпалы күшейе түсті. Олар миллиондаған мүшелері бар тредюниондарға (жұмысшылардың жалпы кәсіподақ ұйымына) арқа сүйеді. Лейбористер партиясы парламенттегі басым күшке айналды. 1924 жылы қаңтар айында палатада көпшілік дауыс ала алмағандықтан, консерваторлар кабинеті биліктен кеткенін хабарлады. 23 қаңтарда лейбористердің жетекші- сі Рамсей Макдональд Ұлыбритания тарихында алғаш рет лейбористер үкіметін құрды. Бұл үкімет жұмыссыздар мен зейнеткерлердің жағдайын жақсартуда біршама жұмыстар атқарды. Алайда лейбористер сайлау алдында халыққа берген — жұмыссыздықты жою, капиталға салық салу арқылы мемлекет қарызынан құтылу, шахталар мен электрстансыларды мемлекет меншігіне алу және т.б. уәделерін орындай алмады. Сондықтан мерзімінен бұрын болған сайлауда консерваторлар жеңіске жетті. 1924 жы- лы қазанда консерватор С. Болдуин қайтадан үкімет ба- сына келді. Ұлыбританияда басқарушы топтар парламенттік, өркениеттік бағытта әрекет етсе, отарларда ұлт-азаттық қозғалысты қарулы күшпен аяусыз басып-жаншуға ты- рысты. 1919 жылдың ақпан айында Үндістанның Амритсар қаласында ағылшын әскерлері бейбіт митингіге қатысқандарға оқ жаудырды. Дегенмен Мохандас Карамчанд Ганди бастаған ұлт-азаттық күрестің өршуіне орай, Ұлыбритания 1919 жылы Үндістанда реформа- ларды бастауға кірісті. 1919—1922 жылдары Египеттегі көтерілістер қатал жазаланғанымен, Ұлыбритания оның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. Сондай-ақ оның Ауғанстан мен Иранның ішкі және сыртқы саясатына ара- ласудан бас тартуына тура келді. Түркия халқы 1922жылы грек әскерлерін талқандап, дербес мемлекет құрды. Кемал паша басқарған Түркия үкіметін Англия ресми түрде мо- йындады. Ағылшындардың ежелгі отары — Ирландияның ға- сырларға созылған күресі нәтижеге қол жеткізді. Ирлан- дықтар өздерінің тәуелсіздігі мен бостандығын жеңіп алды. 1919 жылы Дублин қаласында ұлттық парламент құрылып, Ирландияны республика деп жариялады. Үш жыл өткен соң, 1921 жылы желтоқсанда Англия 26 графтықтан тұратын Ирландия тәуелсіз мемлекетін мойындады. Бірақ индустриясы дамыған 6 Солтүстік- Шығыс графтық (Ольстер) Ұлыбританияның құрамында қалып қойды. Ирландияның сыртқы саясатын бақылауды, онда әскери-теңіз базасын және әскер ұстау құқығын Ан- глия өзіне заңды түрде бекітіп алды.

Соғыстан кейінгі Ұлыбритания экономикасы. 1920жыл- дары британ экономикасы баяу түрде болса да қайтадан нығая бастады. Автокөлік, электротехника, химия секіл- ді алдыңғы қатарлы өндірістер қарқынды дамыды. Бірақ сауда, құрылыс, көмір өндірісі өркендеген жоқ. Британ- дық капитал сыртқы экспансияны қалады. Шахта иелері- нің алдында екі жол тұрды: бірі — жаңа техникаға капи- тал құю арқылы көмір өндіруді жаңғырту, сөйтіп сыртқы саудада көмірдегі бәсекелестерін басып озу, екіншісі — шахтерлердің еңбекақысын төмендету. “Арзан жол” ретінде екінші жол таңдалды. Бірақ бұл жағдай 1926 жы- лы елдегі жұмысшы табының жаппай ереуілін туғызды. Консерваторлар үкіметі 1927 жылы жаппай ереуілге жол бермейтін заң шығарды. Осыдан кейін көп ұзамай 1929 жылғы кезекті парламенттік сайлауда лейбористер партиясы жеңіске жетті. Сөйтіп, екінші лейбористер үкіметі құрылды. 24 1929 жылы басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Ұлыбританияға тек 1932 жылдың көктемінде жетті. АҚШ, Германия және Франциямен салыстырғанда Ұлыбританияда өнеркәсіптік өндіріс аз қысқарды, өйткені оның экономикасы қалыптасу жылдарында гүлдене алған жоқ-ты. Дағдарыс бәрінен бұрын өнеркәсіптің көмір өндіру, болат құю, кеме құрылысы салаларында көрініс берді.

Үкімет басына екінші рет келген Р. Макдональд 1931 жылы тамызда “ұлттық” коалициялық үкімет құрды. Оның құрамына 5 лейборист министрмен бірге, консерва- торлар мен либералдар кірді. Олар ереуілшіл қозғалыстар- ға қарсы саясат жүргізді. Бұл кезеңде жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы да көп қысқарып кеткен бола- тын. Үкіметтің бұл әрекеті жұмысшылар қозғалысының өрлеуіне әкеліп соқты. Үкіметті қайта жасақтау барысында 1937 жылы ка- бинет басына Германияны жақтаушы Невилл Чемберлен келді. Англияның сыртқы саясатында консерваторлар партиясының бір топ қайраткерлерінің ықпалы арта түсті. Олар немістің қаржы және өнеркәсіптік алпауыттары- мен тығыз байланыста болды және Германиямен қарым- қатынасты дамытуды қолдады. Чемберлен үкіметі Гитлердің 1938 жылы наурыз айында Австрияны қосып алуына ешқандай қарсылық көрсетпеді. Консерваторлардың мюнхендік саясаты Екін- ші дүниежүзілік соғыстың алғышарттарын күшейте түсті.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Ұлыбритания үшін Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?

2. Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саясатына талдау жасаңдар.

3. Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.

4. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көр­ сетіңдер.

5. Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?



Тақырып 1.9. Франция мен Испания.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция. Фран- ция дүниежүзілік соғысты жеңіспен аяқтады. Германияны жеңгеннен соң, мемлекеттегі жағдай шовинистік сипатта болды. Франция Ұлыбританиямен бірге Батыс Еуропадағы жетекші елге айналып, 5 млн тұрғыны бар Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алды. Франция отарларының қатарына бұрынғы неміс және түрік иеліктері: Африкада- ғы Того мен Камерунның бір бөлігі, Таяу Шығыстағы Си- рия мен Ливан қосылды. 1919 жылғы қараша айындағы сайлауда ұлтшылдық пиғылдар белең алып, оңшыл пар- тиялар негізінде Ұлттық блок құрылды. Оған радикал республикашылдар және Францияның көппартиялық саяси жүйесіне тән басқа да топтар қосылды. Социалистік партия сыртта қалды. Ұлттық блок сайлау барысында көп дауысқа ие болды. Бұл Францияның оңшыл күштерінің ең жоғары жетістігі еді. 1920 жылы президент болып Александр Мильеран сайланды. Тәжірибелі саясатшы Мильеран мемлекеттегі революциялық, жұмысшы қозғалыстарын басуға тырыс- ты. Ол әлеуметтік реформа жүргізуге, жұмысшыларды өндірістегі өнімді бөлуге қатыстыруға уәде берді. Бірақ бұл уәделер орындалмай қалды. Жұмысшы қозғалысының басында социалистік партия тұрды. 1920 жылдың желтоқсанында Рур қаласында өткен социалистердің ұлттық съезінде делегаттардың жарты- сынан астамы Коммунистік Интернационалды жақтап, Франция коммунистік партиясын құрды. Съездің екінші тобы социалистік партияда қалды.

Р. Пуанкаренің саясатына халықтың наразылығы. 1924 жылы мамырда парламент сайлауы өтті. Солшыл блок депутаттар палатасына маусым айында радикал- дардың жетекшісі Эдуард Эррио басшылық етіп, солшыл блоктың үкіметі құрылды. Шаруа отбасынан шыққан, демократиялық көзқарастағы Э. Эррио 1922 жылы Ресейді аралап, “Жаңа Ресей” деген кітап жазды. Сөйтіп, КСРО-ны мойындаушылар жағында болып, кеңес-француз қарым- қатынасын қолдады. Солшыл блок үкіметі 1926 жылға дейін билік басында болды. Олар реформалаудың ілгерілеушілік бағдарлама- 26 сын жариялағанымен, оңшыл күштердің қарсылығына байланысты және ақша жетімсіздігінің салдарынан оны іске асыра алмады. Солшыл блок сенімнен айырыла бас- тады. 1926 жылғы сайлауда олар жеңіліс тапты, өкімет билігіне қайтадан “Ұлттық бірігу” атты жаңа блокқа енген оңшыл күштер келді. Үкіметті жаңа блоктың басшысы, Францияның бұрынғы президенті Р. Пуанкаре басқарды (1926—1928 жж.).

Франциядағы экономикалық дағдарыстың ерекше­ ліктері. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономикасы бірқалыпты дамыды. Жеңіске жеткен дер- жава ретінде Франция өзінің отар иеліктерін көбейтті. Эльзастың, Лотарингия және Саар облыстарының бай көмір мен темір кендері есебінен шикізат базасын кеңейтті. Германиядан төлемақының ауқымды бөлігін алып отыр- ды. 1928—1931 жылдары Франция банктерінің алтын қоры екі есе өсті. Солай бола тұрса да, Франция өндірістік дағдарыстан құтыла алған жоқ. Өнеркәсіптік өндірістің жартысына жуығы қысқартылды, әсіресе тоқыма өнеркәсібі, қымбат бұйымдар өндірісі, шарап өндіру зиян шекті. Француз үкіметі мемлекеттік бюджетті сақтап қалуға тырысты. Осы мақсатта салық саясаты қатаң қолға алы- нып, экономика үнемділігі енгізілді. Саяси режім азаматтардың сенімінен шықты. Фран- цияның жоғары лауазым иелері арасында мемлекет ар- қылы экономиканы реттеу идеясы қалыптасты. Мұндай нұсқауды жақтаушылар өздерін “дирижешілдер” (франц. diriger — басқару, жетекшілік ету) деп атады. Францияның саяси өмірінде “күшті үкімет” құру, демократиялық еркіндікті шектеу мақсатымен консти- туцияны қайта қарау туралы ұсыныстар айтыла бастады. Мысалы, бұрынғы премьер-министр А. Гардье ескі консер- ватизм рухында парламент құқығын шектеуді, президент пен премьер-министр өкілеттігін кеңейтуді, мемлекеттік қызметкерлерге митингіге қатысуға, кәсіподаққа мүше болуға шектеу қоюды ұсынды.

Француз фашизмінің ерекшеліктері. 1899 жылы жазу- шы-журналист Ш. Моррас негізін салған “Француз әрекет Лигасы” ашық диктатура орнатуды ұсынды. 1924 жылы 27 құрылған “Патриот жастар” лигасы күшті атқарушы үкімет құруды талап етті. 1927 жылы кәсіпкерлердің, газет иелерінің және оң- шыл парламент мүшелерінің қолдауына сүйенген қызмет- те жоқ полковник Казимир де ля Рок “Әскери крест” лигасын ұйымдастырды. 1934 жылы оның мүшелерінің саны 150 мыңға дейін жетті. Лиганың жекеменшік қарулы жасағы, жүйелік байланыстары болды. Италия және неміс елшіліктері қаржыландырған бұл экстремистік және ұлттық лигалар өздерін Муссолини мен Гитлердің ісін тікелей жалғастырушылар санап, “коммунизмді құртуға”, “сатқын демократияны”, “шірі- ген парламентаризмді” жоюға шақырған фашистік ұран- дар көтерді. Буржуазиялық революцияға кештеу келген Ита- лия мен Германияға қарағанда, Франция мықты рес- публикалық-демократиялық дәстүрі бар мемлекет бола- тын. Сондықтан да Франциядағы фашистік ұйымдар бытыраңқы болды, олардың біртұтас бағдарламасы бол- мады. 1934 жылы 6 ақпанда фашистер парламентті басып алуға әрекет жасады. Бұл әрекет полицияның күшімен ғана тоқтатылды.

Халықтық майданның қалыптасуы. 1934 жылы 12 ақ- панда фашизмге қарсы наразылық ереуілдері басталды. Оған 1,5 млн адам қатысты. Бұл ереуілдер “Фашизм жо- йылсын!” деген ұранмен өтті. Алғаш рет ереуілдерге коммунистер, социалистер, кәсіподақ мүшелері, партияда жоқтар бірігіп қатысты. Антифашистік қозғалысқа радикалдар партиясы, де- мократиялық ұйымдар, көптеген мәдениет қайраткерлері қосылды. Коммунистер ақпан оқиғасынан кейін радикалдар мен социалистерге, ұсақ буржуазияға, орта буынға өздерінің теріс көзқарасын өзгертті. Олар социал-демократтарды “социал-фашизм” деп атаған сталиндік анықтамадан бас тартты. Социалистік партия да тактикалық ұрандарын ауыстыруға мәжбүр болды. Олар енді коммунистік пар- тиямен бірлесіп, фашизмге қарсы күресуге шықты. 1934 жылы 27 шілдеде ФКП (Франция коммунистік партиясы) мен социалистік партия қимыл-бірлігі — Халықтық майдан құру туралы пактіге қол қойды. 28 Екі партия фашистік ұйымдарға тосқауыл құруға, демо- кратиялық еркіндікті қорғауға, фашистік лаңкестік- ке және соғыс қаупіне қарсы шығуға, еңбекшілердің материалдық мүддесін қорғауға міндеттемелер алды. 1936 жылдың қаңтарында Халықтық майданның сай- лау алдындағы бағдарламасы жарияланды. Бағдарлама экстремистік топтарды қарусыздандыруды және тарату- ды, ұжымдық қауіпсіздік жүйелерін құруды, мемлекет- тік, әскери өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алуды, фран- цуз банктерінің іс-әрекетіне бақылау қоюды, 40 сағ-тық жұмыс аптасын енгізуді, демократиялық салық реформа- сын өткізу және жұмысшыларға берілетін жәрдемақыны ұлғайтуды, ақы төленетін демалыс күндерін енгізуді, кәсіпкерлерге мемлекеттік көмек көрсету шараларын және басқа әлеуметтік жағдайларды қарастырды.

1936 жылдың көктеміндегі парламент сайлауын- да Халықтық майдан партиялары ірі жеңіске жетті. Республикалық дәстүрге сәйкес, ең ірі парламенттік фракция жетекшісі, социалист Леон Блюмге үкіметті құру міндеті жүктелді. Оның құрамына социалистер мен радикалдар кірді. Өкімет Халықтық майдан бағдарлама- сын орындаған жағдайда коммунистер оны қолдайтынын мәлімдеді. Халықтық майдан билігі кезінде кәсіпкерлер мен кәсіподақ өкілдері еңбекақыны орта есеппен 7—15%- ға көбейтіп, төменгі еңбекақыны 2-3 есе арттыру ту- ралы келісімге қол қойды. Кәсіпкерлер кәсіподақтың құқығын сыйлауға, ереуілге қатысушыларға қарсы шара қолданбауға міндеттелді. 1936 жылдың жазында парламент Халықтық майдан талаптарын өмірге енгізуге бағытталған жүзден астам заң қабылдады. Солардың арасында әскериленген фашистік ұйымдарды тарату туралы заң бар еді. Үкімет халықтың төлем қабілеттілігін арттыратын ұтымды заңдар ұсынды. Аса маңыздылары — әлеуметтік бағыттағы ұжымдық келісім туралы заңдар, 40 сағ-тық жұмыс аптасы тура- лы, екі апталық төлемді демалыс туралы заңдар бол- ды. Сонымен қатар Халықтық майдан бағдарламасы майдангерлердің зейнетақысын, қызметкерлердің ең- бекақысын көтерді. Сондай-ақ жұмыссыздық үшін берілетін жәрдемақыға салынатын салықты жойды, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырды. Орташалар мен шаруалардың жағдайын жақсарту үшін үкімет қарызды төлеу мерзімін ұзартты. Жеңілдікпен қарыз берді және шағын кәсіпкерлердің салығын азайтты, француз банкі мемлекеттік бақылауға көшті. Қаржылық олигархияға қарсы бағытталған заң аса ірі иеліктерге салықты өсірді, салық төлеуден құтылу үшін капиталды шетелге асырғандарға ықпалшара (санкция) енгізді. Әске- ри авиазауыттарды мемлекет меншігіне алу экономикада- ғы мемлекеттік сектордың негізін қалады. Францияның теміржолдары толығымен мемлекеттік бақылауға көшті. Әлеуметтік саладағы жеңістерден үрейленген ірі бур- жуазия қабылданған заңдарға қолынан келгенше қарсы- лық көрсетті. 1937 жылы Л. Блюм кабинеті Халықтық майдан бағдарламаларын одан әрі жүзеге асыруды уа- қытша тоқтататындығын жариялауға мәжбүр болды. Испанияда бұрқ ете қалған фашистік бүліктің әсерімен басталған азаматтық соғыс салдарынан Францияда да жан- жал тұтанды. Әуелгіде Испан Республикасына қару сату арқылы қолдау көрсетпек болып уәде берген Блюм үкіметі іле-шала Англиямен бірге испан ісіне араласпау жөнінде келісімге қол қойды да, уәдесінен айнып шықты. Испаниядағы азамат соғысына араласпайтындығын хабарлаған Халықтық майдан үкіметінің сыртқы сая- саттағы бағыты түрлі айтыстар тудырды. 1937 жылы мау- сым айында Блюм кабинеті өз еркімен жұмысын тоқтатты. Премьер-министр Чемберленмен, Гитлермен және Мус- солинимен Мюнхендегі келісімге қол қойған радикал Даладье кабинетінің саясаты да қатал сынға алынды. Радикалдар партиясының Халықтық майданнан шығуы Халықтық майданның тарағандығын білдірді.

Халықтық майданның жеңісін баянды ету жүзеге аспағанымен, оның тарихи маңызы ерекше болды: бұл қозғалыс Францияда фашизмнің таралу қаупіне тос- қауыл бола тұра, бейбіт жолмен маңызды әлеуметтік- экономикалық өзгерістер енгізуді іске асырды. Халықтық майдан жылдарында басталған мемлекеттік реттеушілік тәжірибесі Францияда үрдіске айналды. Реформа саясаты елдің экономикалық күйреуден шығуына көмектесті. Iшкі 30 мәселелер бір арнаға тоғысқанымен, халықаралық жағдай шиеленісе түсті. Еуропада жаңа дүниежүзілік соғыс қаупі туды.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?

2. 1919—1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?

3. Француз көппартиялық жүйесінің ерекшелігін атаңдар.

4. Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?

5. Француз фашизмінің герман немесе италиялық фашизмнен айыр­ машылығы қандай? Не себептен мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіз аяқталды?



6. Халықтық майдан деген не? Оның әлеуметтік және саяси құрамын анықтап, тарихи тәжірибесін түсіндіріңдер.

Тақырып 1.10.Италия мен Германиядағы фашизм

Италия Бірінші дүниежүзілік соғыстан ауыр қиыншылықтармен шықты. Алғашқыда Үштік одаққа кіріп, 1915 жылы Антанта жағына шығып соғысқан Италия жеңіске жеткендер қатарында болды. Италия өзіне берілуге тиісті аймақтың тек азғана бөлігін (Солтүстіктегі Трентино облысын және Оңтүстік Тироль, Адриат жағалауындағы Истрия шығанағын Триестпен бірге) иемдене алды. Италия “жеңгендердің ішіндегі жеңіліске ұшыраған” елдің жағдайында болды. Соғыс жылдары қатты шығынданған (алтынмен 65 млрд лир) Италияның шетелдерге қарызы тым көбейіп кетті. Соғыс шырғалаңы құнсыздануды өсірді, жұмыссыздық етек жайып, соғыстан қайтқан солдаттар жұмысқа орна- ласа алмады. Мемлекетте революциялық бүліншіліктер шыға бастады, әлеуметтік-саяси дағдарыс туындады. Мемлекеттік жүйе елдің алдында тұрған қиын мәсе- лелерді жөнге келтіре алмады. Мемлекет пен халықты байланыстырудың тетігі болмады. Саяси партиялар мен қозғалыстар. Соғысқа дейінгі Италияның саяси өмірінің ерекшелігі — белгілі бағдар- ламалы бұқаралық саяси партиялары мен дамыған нақты ұйымдық құрылымы болмады. Италия парламентіндегі буржуазиялық саяси ағымдар әртүрлі топтардан (либе- ралдар, республикашылдар, радикалдар және т.б.) тұрды. Олар өздері сайланған аудандармен байланысы нашарла- ған соң басшылық маңына топтасты. Осы топтардың ішін- де Италияның Социалистік партиясы нағыз саяси партия болды. 1919 жылы Ватиканның қолдауымен католиктік топтарды жақтаушы тұңғыш буржуазиялық Халықтық партия құрылды. Түрлі қозғалыстар мен ұйымдардың ішінде фашистік топ алғашында онша көзге түспеді. Кедейленген ұсақ 37 және орта буржуазия есебінен, ұсақ буржуазия арасынан шыққан байырғы майдангерлер есебінен саны толыққан фашистік қозғалыс бірте-бірте ұлғая берді. Италия либералдық мемлекетінің әлсіздігі, демо- кратиялық оппозиция күшінің бөлшектенуі Италия фашизмінің үкімет басына келуін жеңілдетті. Италияның фашистік ұйымдары 1919 жылдың көк- темінен құрыла бастады. 1920—1921 жылдардағы Италиядағы соғыстан кейінгі экономикалық дағдарыс жағдайында фашистік қозғалыс кең қанат жайып, бүліншілік әрекеттерін жиі көрсетті. Фашизм терминін Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарулы фашистік топтар наразыларға қарсы күресте қолданды. 1919 жылы наурызда Милан қаласында бірінші жалпыұлттық фашистік жиын өтті. Онда Фашистік әскери отрядтар одағы құрылды. Фашистер одақтары — кез келген қылмысқа даяр тұратын бұзақылар мен қыл- мыскерлерден, азғындаған элементтерден құралды. Буржуазия мен помещик топтарының өкілдері күшті билік керек дегенді сылтау етіп, фашистік топтарды ашықтан-ашық қолдады. Фашистік топтарды, ал кейін фашистік партияны құрумен Бенито Муссолини айна- лысты. Ол жалаң сөздермен қала мен қыстақтардан ұсақ буржуазияны, жұмысшылардың артта қалған топтарын өз қатарына тарта білді. Фашистер “Жер шаруаларға берілсін!”, “Сұрқия бур- жуазия мен ұлттық қанаушылар жойылсын!” деген ұран- дар көтерді. 1920—1921 жылдардағы Италияның соғыстан кейінгі экономикалық және саяси дағдарыс жағдайын пайдалан- ған фашистік қозғалыс лаңкестік әрекетке көшіп, тез қарқын ала бастады. Жұмысшы ұйымдарының мекен- жайын өртеу, солшыл партияшылдар мен кәсіподақ белсенділерін өлтіру, өкіметтің жергілікті органдарын қу- далау күшейе түсті. Муссолини өнеркәсіп иелері мен жер иесі ақсүйектер жағынан күшті қолдау тапты. Либералдық буржуазияның орта бөлігі және оның Джолитти секілді басшылары фашистерді революциялық күштерге қарсы айдап салудан тартынбады. 38 Фашистер үкімет басында. 1922 жылы қазанда фа- шистер съезі үкіметтен бірқатар министрлік портфельдер берілуін талап етті. Ватиканның бейтарап қалуына сүйене отырып, ірі капитал жағынан қолдау тапқан, сондай-ақ III Виктор-Эммануил корольдың отбасы жылы қарсы ал- ған Муссолини 1922 жылғы 28 қазанда фашистік топтарды Римге қарсы жорыққа бастады. Үкімет өз еркімен кетуге мәжбүр болды. Король фашистерге қарсы әскер жіберуден бас тартып, Муссолиниге жаңа үкімет құруды жүктеді және фашистерге жаңа кабинеттен 4 портфель беруге келісім берді. Үкіметке, сондай-ақ Халық партиясы мен либералдар өкілдері де кірді. “Маттеоттидің күйреуі”. 1923 жылы Халық партия- сының жетекшісі Джакомо Маттеотти фашистерді сынап, сайлаудағы заңсыздық әрекеттерін әшкерелеген болатын. Оны Муссолинидің бұйрығымен лаңкестер өлтірді. Үкімет фашистер партиясының, оңшыл экстремистер- дің қолында қалды. Муссолинидің үкімет басына келуі елде фашистік диктатура орнатудың бастамасы болды. Сөйтіп, буржуазиялық демократия орнына тоталитарлық диктатура келді. Фашистік лаңкестіктің ашық диктатураға өтуі. 1924— 1926 жылдары конституциялық монархия лаңкестік диктатураға ұласты. 1926 жылдың қараша айында барлық азаматтық және саяси бостандықтар жойылды, халық қарапайым азаматтық құқығынан айырылды. Ұйымдарды және оппозициядағы партия газеттерін фашизмнің екінші толқыны шарпып өтті. 1926 жылдың қарашасында бірне- ше төтенше заңдар қабылданды. Оппозициялық партиялар таратылып, антифашистік баспасөзге тыйым салынды. Антифашистер жер аударылды. Король мен оның отбасы- на, Муссолини өміріне қатер төндірушілерге өлім жазасын кесу енгізілді. Мемлекеттік аппарат фашистік партиямен бір меха- низмге айналды. Италия фашистері “Барлығы мемлекет үшін, мемлекеттен тыс еш нәрсе жоқ” деген қағиданы ой- лап тапты. 1927 жылы фашистік диктатураның маңызды жазалаушы органы — Ерекше трибунал және құпия саяси полиция құрылды. 39 Фашизм идеологтері Италияда ерекше “корпоративті” мемлекет құрылады деп мәлімдеді. Онда түрлі өндіргіш таптар мен капиталистердің мүдделері үйлеседі деп уағыздады. 1927 жылдың көктемінде фашистік корпо- ративтіктің негізгі қағидасы жарияланған “Еңбек хар- тиясы” қабылданды. 1929 жылы Италия мемлекеті мен католиктік шіркеу арасындағы ескі тартыстар реттелді. Келісім бойынша, Италия Ватикан мемлекетінің егемендігін мойындады. Сөйтіп, фашистік режім шіркеуден идеологиялық қолдау тапты. Фашистік Италияның сыртқы саясаты өзінің озбырлық бағытымен ерекшеленді. Италия Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту талаптарын ашықтан-ашық білдіре бастады. Жерорта теңізін Италияның ішкі “көліне” айналдыруды көздеді. Германияның ашық қолдауын, Франция мен Англияның жасырын қолдауын ескеріп, Италия 1935 жылы қазанда соғыс қимылдарын бастады. Эфиопияның Ұлттар Ли- гасына шағымдануы еш нәтиже бермеді. Басқыншылар елді ойрандап, қанға батырды. Эфиопия Италия отарына айналды. Одан соң Германиямен біріге отырып, Испанияға қарулы интервенция жүргізді. Италия мен Германия арасындағы алғашқы қатынастар түсінбеушілік, жауластық сипатта болды. Өйткені екеуі- нің де Австрияға, Дунай бассейніне, Балқанға қатысты өз мүдделері бар еді. Бірақ Муссолини Гитлердің серігіне айналып, немістердің Австрияны, Чехословакияны, Поль- шаны басып алуын қолдады. Ал өзі Албанияны жаулап алумен (1939 ж., сәуір) шектелді. Кейін Италия Екінші дүниежүзілік соғыста Германия жағында болды.

Италия. 1919 жылдың жазында Веймар қаласында өткен Құрылтай жиналысында қабылданған конституция мен бітімге қол қойылуы Веймар Республи- касы кезеңінің басталуы болды. Конституция буржуазия- лық-демократиялық құқық пен еркіндікті, жалпыға бірдей сайлау құқығын жариялады. Президент жалпы дауыс беру арқылы 7 жылға сайланатын болды. Бірінші президент болып социал-демократ Фридрих Эберт сай- ланды. Заңның 48-бабы президентке төтенше заңдар шығару құқығын берген еді. Төтенше заңдар парламенттің қатысуынсыз қабылданатын болды. Германияның бірінші конституциясы демократиялық құрылымды бекітуге, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға ықпал етті. Республикалық құрылысты нығайту шие- леніскен саяси күрес жағдайында өтті. Мемлекетте соғыс- қа дейінгі тәртіпті қолдаушы қуатты оңшыл күштер Вер- саль шартына қарсы тұрды. Бұл оңшыл топтардың әрекеті апат саясаты деген атақ алды. Олар мемлекеттегі таптық және басқа да қайшылықтардың өршуіне ықпал етті. Ал саяси партиялардың басқа топтары, Германия социал- демократиялық партиясы және Орталық партия ұйымда- 31 ры Версаль бітімшартын орындауды жақтаушылар деп аталды. 1919 жылы 28 маусымдағы Париж конферен- циясы кезінде Антанта елдері мен Германия Версальда бітімшартқа қол қойған еді. 1920 жылғы наурыз айының ортасында монархияшыл В. Капптың және генерал Э. Людендорфтың басқаруымен әскери төңкеріс дайындалды. Алайда Германияның 12 млн жұмысшыларының жалпы ереуілі контрреволюциялық төңкеріске жол бермеді. 1922 жылдың соңында үкіметті буржуазиялық партия топтарының бастығы В. Куно басқарды. Ол ұлтшылдық үгітті күшейтіп, Германияға міндеттелген соғыс шығынын төлеуден бас тартты. Оған жауап ретінде Рур облысы- на француз-бельгия әскері басып кірді. 1923 жылдың тамызындағы неміс пролетариатының жалпы ереуілі В. Куно кабинетін қызметтен кетуге мәжбүр етті. Ел ішінде аштық негізінде толқу бүліктері жиіледі. Тю- рингияда және Саксонияда коммунистер мен солшыл со- циал-демократтар басқарған жұмысшы үкіметі құрылды. 1923 жылы қазанда Гамбургте коммунист Э. Тельманның басшылығымен көтеріліс ұйымдастырылды. Бұл қоз- ғалыстарды өкімет тез арада аяусыз басып тастады. Елдегі аш-жалаңаштық фашистік топтардың белсенділігін арт- тырды. 1923 жылы 8 қарашада Мюнхенде Адольф Гитлер бастаған бір топ фашистер өз ұрандарымен көшеге шықты. 1924 жылдан бастап Германиядағы жағдай тұрақтала бастады. Тұрақтандырудың экономикалық негізі “Дауэс жоспарына” тірелді. Бұл жоспар бойынша Германияға АҚШ-тың қарыз беруіне жол ашылып, Германияның төлем төлеу шарты жеңілдетілді. Екпінді дамудың нәтижесінде өнеркәсіптік өндірістің өнімі соғысқа дейінгі деңгейінен асып түсті. Германияның батыс шекарасы халықаралық кепілдік алды. Алайда Вей- мар Республикасының саяси дамуы бірқалыпты болмады. Әртүрлі саяси коалициялардың бірлігі нашарлай берді. Саяси тұрақсыздық 1923 жылы жабылған фашистік ұйымдардың белсенділігін тудырды. Адольф Гитлер түрмеден босатылып, фашистік партия жаппай саяси және әскери ұйымдар құру әрекетін ашық түрде жүргізді. Бірқатар фашистік жетекшілер 1925 жылы құрылған 32 Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы атынан 1928 жылы рейхстагқа сайланды. Германиядағы ұлттық-социализм. Гитлердің өкімет басына келуі. Нью-Йорк биржасындағы күйреу Германия- ға да өз әсерін тигізді. Үш жыл ішіндегі дағдарыста өндіріс- тің құлдырауы 1929 жылдың деңгейімен салыстырғанда 58%-ға жетті. Жұмыссыздардың саны 4,5 млн-нан асты. Олардың 20%-ы ғана аздаған жәрдемақы алатын еді. Дағдарыс мыңдаған фермерлер мен қолөнершілерге ауыр тиді. Жеңіске жеткен мемлекеттермен салыстырғанда, гер- ман буржуазиясының дағдарысты тоқтатуға мүмкіндігі шектеулі еді. Iшкі нарық әлсіз болды. Ал отарлардан айы- рылу Германияның қолын байлады. 1931 жылға дейін ол соғыс шығынын төлеп келді. Өнеркәсіп иелері шығынға батты. Герман өнеркәсібінің империялық одағы Веймар Республикасының әлеуметтік саясатына наразылық білдіріп, тұрақты мықты үкімет құруды талап етті. Веймар Республикасының ондай талапты орындауға мүмкіншілігі болмады. 1930 жылы көктемде билік басында тұрған “үлкен коалиция” таратылды. Веймар үкіметінің күйреуі жаңа саяси партиялардың өрлеуін тудырды. Осындай жағдайда ұлтшылдар өзде- рінің Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы- ның негізін нығайтуға мүмкіндік алды. Оның басында А. Гитлер тұрды. Гитлер және оның сыбайластары ұлт- шылдық идеяны маңызды құрал ретінде пайдаланды. “Жау бейнесін жасау”, оны күшпен жою фашистердің идеялық-жарнамалық науқанының маңызды белгісі бол- ды. Ұлтшылдар мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге болатынын, ал ол үшін “ішкі жаулар- ды” — коммунистерді, демократтарды, еврейлерді, сыған- дарды жою қажеттігін қайталаумен болды. Фашистер жұмысшыларға жұмыс беруге, жалақыны әділ төлеуге, арзан несие беруге, жұмыс орнын көбейтуге, зейнетақымен қамтамасыз етуге, өсімқорлар мен алыпсатарларды жоюға уәде берді. Бұрынғы буржуазиялық партияларға қарағанда Ұлт- тық-социалистік неміс жұмысшы партиясы көсемдік 33 салтты қолдап, көсеміне шексіз бағынушылық қағидасын уағыздады. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы пар- тиясының үгітшілік қызметі мамандандырылған әскери жасақтармен толықтырылды. 1930 жылдар басында Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының ұйымдары ірі неміс кәсіпкерлері мен банкирлерден мол қаржылай қолдау алып отырды. Ұлтшылдардың Герма- нияда диктатура орнату, Версаль бітімін жоққа шығару, отарларды қайтарып алу, елде “күшті үкімет құру” және т.б. ұрандары ұсақ буржуазияның талабына сай келді. Біртұтас антифашистік майдан құруға күш жетпеді. Генерал Шлейхер басқарған үкіметтің бұқаралық негізі және парламенттік қолдауы болмады. Бұқаралық қозға- лыс Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының ықпалында болды. Шексіз билікке ұмтылған бұл саяси топтар Германияда тоталитарлық тәртіптің орнауына жол ашты. 1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург А. Гитлерге үкіметті құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындады. Үкімет құрамына бірқатар буржуазиялық партиялар өкілдері кірді. Рейхстаг құрамына өзгерістер енгізу үшін мерзімінен бұрын парламент сайлауы белгіленді. Солшыл күштердің беделін кеміту үшін гитлершілдер рейхстагқа өрт қойып, оны коммунистердің лаңкестік әрекеті деп жала жапты. Сөйтсе де 1933 жылғы наурыз айындағы парламент сайлауы Гитлер партиясына басшылықты қамтамасыз ете алмады. Енді ұлтшылдар конституцияны бұзып, ГКП мандатын жоққа шығарды. Гинденбург рейхстаг арқылы Гитлер кабинетіне төтенше өкілеттік беру ту- ралы заң шығарды. Бұл заң бойынша үкімет парламент бақылауынан шығарылды және қалаған заңды актілерді қабылдау құқығына ие болды. Гитлер бұдан былай Герма- нияда сайлау болмайтынын жариялады. Заңның 48-бабы бойынша Веймар Республикасының барлық негізі, демо- кратия, конституция, өкімет органдары, саяси партиялар, сайлау жүйесі жойылды. 1933 жылдың сәуірінде гитлершілдердің саяси құ- пия полициясы — гестапо құрылды. Оның міндеті ре- жімнің қарсыластарын жою болды. Гестапо және СС 34 (Schutstaffeln — сақшы жасақтар) тек Германияның өзінде ғана емес, сондай-ақ одан тысқары аймақтарда да гитлер- лік топтардың лаңкестік қаруы болды. Мемлекеттегі барлық саяси партиялар таратылды неме- се жойылды. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партия- сы “немістің мемлекеттік идеясын алып жүруші” жалғыз партия деп жарияланды және лаңкестік қағида барлық мемлекеттік аппаратқа таратылды. Баспасөзге бақылау қойылды. Жергілікті өкімет органдары тоталитарлық диктатураның атқарушы құралына айналды. Президенттің, канцлердің және жетекші партия бас- шысының міндетін бір қолға біріктіру шешімі 1934 жылғы тамызда президент Гинденбургтің өлімінен соң іске асты. Гитлер шексіз диктаторлық билік иесі, өмірлік фюрер және рейхсканцлер атанды. Германия тоталитаризмінің экономикалық жүйесі. Германиядағы мемлекеттік билік түрінің ауысуы эконо- миканы мемлекеттік жүйелеу бағытымен қабаттас жүріп жатты. Германияда, Америкадағы сияқты, Кейнстің дағдарысқа қарсы әдістері қолданылды. Алайда гер- ман экономикасының стратегиялық мақсаттары мен экономикаға тоталитарлық күштердің әсер етуінің нақты формалары АҚШ-қа қарағанда өзгеше болды. Елдің экономикалық күш-қуаты тоталитарлық мемлекеттің және корпорация басындағылардың қолында болды: олар Германияны біртұтас әскери лагерьге айналдыруға тырысты, сөйтіп, соғысқа дайындалуға кірісті. Экономи- каны милитаризациялау Германияның экономикалық дағдарыстан шығуының басты ерекшелігі болды. 1933—1935 жылдары мемлекеттік реттеу тетігінің құқықтық негізін құрайтын бірқатар заңдар қабыл- данды. Мемлекеттің экономикалық өмірін неміс ша- руашылығының Бас кеңесі басқаратын болды. Оның құрамына аса ірі 18 корпорация мен банк жетекшілері кірді. Өндірісте “фермерлік” жүйе таратылды. Өндіріс иелерінің мемлекеттік билік өкілеттігі болды. Олардың шешіміне бағынбау ұлттық тәртіпке сатқындық актісі ретінде қаралды. Ұлтшылдар алдыңғы қатарлы неміс корпорациялары- ның күшін нығайтумен қатар экономиканың мемлекеттік 35 секторын арийландыру дамытылды, ол еврей ұлтының жекеменшігін тәркілеу арқылы жүргізілді. Ауылшаруашылық өндірісін реттеумен “Азық-түліктік теңқұқылы топтар” атты меншікті құрылым айналыс- ты. Ол ауылшаруашылықтағы барлық ұйымдарды өзіне қаратты. Ауылшаруашылық өнімдерін жүйелеп қана қоймай, оны алғашқы өңдеуден өткізді. Фашистер жерсіз шаруаларды Германия Шығыстағы “өмірлік кеңістікті” жаулап алғанда, жер береміз деп сендірді. Германия шаруашылығын қажетті жұмысшы күшімен қамтамасыз ету мақсатында таратылған кәсіподақ орнына Неміс еңбек майданы құрылды. 1934 жылғы “Ұлттық еңбекті ұйымдастыру туралы” Заң 18 бен 25 аралығындағы жастар үшін екіжылдық еңбек міндеттілігін енгізді. Жұмыс күні 10—14 сағ-қа ұзартылды. Еңбек нарығына мемлекеттік тұрғыдан әсер етудің бұл шаралары жұмыссыздықты жоюға және әскери өндірістің қарқынды өсуіне жәрдемдесті. Германияның соғысқа дайындығын аяқтау мақсатында ұлттық басшылық төртжылдық жоспар дайындады. Бұл жоспардың басты бағыты — күшті әскери-техникалық машиналар жасау, сондай-ақ әскери өндіріс қажеттілігін жан-жақты қамтамасыз ету үшін жергілікті шикізат ба- засын жасау болды. Фашистік Германияның сыртқы саясаты. 30-жылдары дүниежүзілік соғысты өршітуге айрықша қадамдар жасал- ды. 30-жылдардың бірінші жартысында Германия Версаль келісімінің қарулануды шектеу туралы баптарын бұза бастады. Жапония 1931 жылы осындай бағдармен Қиыр Шығыста Манчьжурияны басып алды. Соғыстың басты екі ошағы кеңейе түсті, ал оларды ұйымдастырушы — Германия, Жапония, Италия мемлекеттері бір-бірімен жақындаса бастады. 1936 жылдан бастап Германия Еуропа мемлекеттеріне қарсы тікелей жаңа басқыншылық жолға түсті. Германия мен КСРО 1939 жылы тамызда құпия келісімге қол қойды.

Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Веймар Республикасы кезіндегі Германия қалай дамыған? 2. Мемлекеттің экономикалық және саяси орнығуы неліктен қиындық­ пен өтіп, ұзаққа созылды? 36 3. 1930 жылдардағы Герман экономикасындағы дағдарыстың ерекше­ ліктері және оның салдары қандай? Елдегi саяси күштердің арасал­ мағын ашып көрсетіңдер. 4. Неліктен демократиялық күштер фашистердің билікке келуіне тойта­ рыс бере алмады? 5. Фашистік Германияның сыртқы саясатын айқындап беріңдер. Неге Сталин тобы Германиямен жақындасуға барды? 1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Италияға әкелген зардаптары қандай? 2. Соғыстан кейінгі саяси күштерге сипаттама беріңдер. Италияда буржуазиялық партиялардың кеш қалыптасқанын немен түсіндіруге болады? 3. 1920 жылдардың басында фашистік топтар мен партиялардың белсенділігі не себептен арта түсті? Фашизмнің өкімет басына келу себебін түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет