Тақырып Кіріспе


Тақырып 2.8. Дамудың социалистік жолындағы Шығыс Еуропа мен Азия елдері



бет9/12
Дата21.11.2019
өлшемі244,84 Kb.
#52192
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
d-nie zh-zi tarikhy


Тақырып 2.8. Дамудың социалистік жолындағы Шығыс Еуропа мен Азия елдері.

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (Поль- ша, ГДР, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Албания) соғыстан кейінгі кезеңде Шығыс Еуропа елдері аталды. 122 Еуропаны фашизмнен азат ету демократиялық құры- лысты бекітуге және антифашистік демократиялық өзге- рістерге жол ашты. Кеңес армиясының неміс фашистерін осы елдердің аумағында талқандауы Шығыс Еуропа елдерінің ішкі даму үрдісіне шешуші әсер етті. Олар Кеңес Одағының бақылауында қалды. Экономика саласында бұл мемлекеттерде индустрия- ландыруға бетбұрыс жасалды. Олардың Чехословакия мен ГДР-ден басқалары аграрлы ел санатына жататын. Индус- трияландыру жеделдетілген сипат алды. Оның негізінде өнеркәсіп, қаржы салалары, сауда орындары мемлекет меншігіне алынды. Аграрлы реформа барысында жер қайта бөлініп, ұжымдастыруға ұласты. Экономикалық стратегия индустрияландыруға сүйенді. Елдердің мүмкіндігі ескерілмей, ауыр өнеркәсіпті дамыту, ірі комбинаттар құру, қуатты электрстансыларын тұрғызу қолға алынды. Сондықтан қаржы мен бюджетке салмақ салып, әлеуметтік жүйенің білім беру, денсаулық сақтау, ғылымды дамыту мүмкіндіктерін қысқартты. 1970—1980 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезеңінде және ғылыми-техникалық рево- люцияның бастапқы кезінде индустрияландыру үлгісінің дәрменсіздігі байқалды. Зор материалдық, энергетикалық және еңбек шығындары, өндірістің экстенсивті түрі өзін- өзі сарқыды. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және оның негізінде өмірге келген шағын процессорлар, компьютерлер, басқару жүйелері, есептеу техникалары тез арада өндірістің материалдық-техникалық базасын жаңартуды талап етті. Шығыс Еуропа елдері консервативті әкімшілік жүйеде дамығандықтан, жаңа ғылыми-рево- люциялық өзгерістерді қабылдай алмайтын халде қалды. Бұл социалистік лагерь шеңберіндегі және жеке елдердегі тоталитарлық социализм жүйесін дағдарысқа итермеледі. Тоталитарлық социализм Еуропа өркениеті дамуының табиғи-тарихи үрдісіне қайшы келді. Польшадағы, ГДР- дегі 1953 жылғы көтеріліс және басқа елдердегі ереуілдер, 1956 жылғы венгр көтерілісі және 1968 жылғы Прага көктемі атты қозғалыс КСРО және басқа социалистік елдердің әскерлерімен басып-жаншылды. 123 1989—1991 жылдардағы демократиялық қозғалыстар. Ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі со- циалистік лагерьдің барлық елдеріндегі экономиканы қайта құруды талап етті. КСРО және Шығыс Еуропа елдері ҒТР-дің даму қарқынына қосыла алмады. Реформа мәселесі Венгриядағы көтерілістен кейін күн тәртібінен түспей келген болатын, бірақ оны жүргізудің барлық әрекеттері ескерілмей, тұйықталып қалды. 1970 жылдардың басында Польшада жұмысшылардың бірінші аса ірі көтерілісі болып өтті. 1981 жылы Поль- шада соғыс жағдайы енгізілді. Басқа елдерде революция басқарушы партияның маңдайша жазуын алмастыру әрекетімен, реформа жариялаудан басталып, олардың сая- си сахнадан кетуімен аяқталды. Өкімет жаңа партиялар қолына өтті. Мемлекеттік басқаруға жаңа жетекшілер: Чехословакияда драматург Вацлав Гавел, Польшада кәсіподақ қайраткері Лех Валенса, Болгарияда социолог Желе Желев келді. Румынияда Чаушескудің диктатурасы 1989 жылы желтоқсандағы халық қозғалысы барысында құлатылды. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік лагеріндегі барлық елдерде көппартиялық жүйе енгізілді, әлеуметтік- экономикалық құрылыс пен саяси жүйені өзгерту жолын- да терең реформалар жүзеге асырыла бастады. Реформалар мынадай бағыттарда жүргізілді: нарықтың жоспарлы-реттеушілік рөлін және бағаны ырықтандыру- ды қалпына келтіру, толық мағыналы тауарлы-ақша қатынасын орнату, меншік формаларын өзгерту, жеке- меншікті мойындау, бұйрыққа сүйенген әкімшілік жүйені жою, қысқарту. Бұрынғы коммунистік партиялар саяси сахнадан ғайып болып кеткен жоқ. Билікті жоғалтқанмен реформашыл қанаттарына саяси күреске жаңа маңдайша жазуымен, бағдарламаларымен қатысуына мүмкіндік берді. Поль- шада біріккен жұмысшы партиясы өзін тарататындығы туралы мәлімдеді, алайда социалистік партия қайтадан өріс алды. Болгарияда солшыл күштердің демократиялық партиясы құрылды және т.б. Солшыл саяси күштердің қайта құрылуының жалпы үрдісі социал-демократтық бағыттағы күштердің жаңа жетекшілеріне жол ашты. 124 Осының салдарынан қоғамда әлеуметтік қайшылықтар күшейді және сонымен қатар әлеуметтік топтар мүд- делерінің межелей бөлінуі байқалды. Қорыта айтқанда, саяси оппозицияның жеңісін анықтайтын форумдар та- рап кетті. Наразы халық 1994 жылы сайлауда бірқатар мемлекеттерде өкімет басына социал-демократиялық партияны — бұрынғы коммунистерді әкелді. Алайда көп ұзамай саяси күштер өздерінің әлсіз екендігін көрсетті: реформаны жалғастыру барысына тек кедергі келтірді. Сондықтан 1996—1997 жылдары Польшада, Болгария- да, Венгрияда, Румынияда және бірқатар басқа елдер- де социал-демократиялық топтар қайтадан жеңіліске ұшырап, өкімет басына жаңа саяси күштер келді. Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдеріндегі саяси және экономикалық өзгерістердің ерекшелігі. 1990 жылдардағы оңды-солды толқулар бұрынғы со- циалистік лагерьдегі барлық мемлекеттердің бастан кешірген өтпелі кезеңін бейнеледі. Экономиканы ырықтандыру, нарықтық қатынасқа өту салдарлары әртүрлі факторлардан көрінді. Польша мен Венгрияда әлдеқайда ерте (1980 жыл- дар) басталған реформалар ауыр жағдайды жеңілдетуге, тұрақтылыққа өтуді жеделдетуге мүмкіндіктер берді. Польшада 1995 жылы құнсыздану бірден төмендеді (20%- ға дейін), мемлекет еуропалық деңгейге шықты. Сонымен қатар елде жұмыссыздық сақталып (15%), әлеуметтік шиеленіс шешілмеді. 1996 жылы Польшада президент сайлауында солшыл күштің өкілі жеңіске жетсе, ал парла- мент сайлауында (1997 ж., қазанда) оңшылдар басым болды. Өкіметті социалистер басқарған Болгарияда реформаға бұғау салынды, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауыр халге түсті. Елде ашаршылық етек алды, қаржы саласы аса қиын жағдайда болды (сыртқы қарыз 10 млрд доллардан асты). 1997 жылы президент болып оңшыл оппозицияның өкілі сайланып, кезектен тыс парламент сайлауы өткізілді. Албанияның реформаға кешігіп келуі, саяси мәде- ниеттің төмен деңгейі, демократияның жоқтығы, биліктік құрылымдағы алауыздық 1997 жылы елде терең саяси дағдарыс тудырды және көтеріліске ұласты. Тобыр өкіметі 125 мемлекеттік институттарды қиратты, елді бүлдірді, бұл оқиғалардың соңы азаматтық соғысқа жалғасып кету қаупін туғызды. Польша мен Югославияда ауыл шаруашылығын коо- перативтендіру кең қанат жая қоймаған, сондықтан да селодағы экономикалық қатынастар үлкен өзгеріске ұшырамады. Чехияда, Словакияда және Венгрияда жерге жеке- меншік қалғанымен, кооперативтің жаңа формалары пайда болды. Румынияда кооперативтер тарап кетті, жер меншік иелеріне қайтарылды. Болгарияда жеке коопера- тивтер сақтала отырып, жеке фермерлік шаруашылықтар қалыптасты. Алайда ахуал күрделі болды — ауыл шаруа- шылығы мемлекетті құтқара алмады. Бұл аймақтың бар- лық елдері үшін ортақ күрделі мәселе еді: капитал жоқ, жұмыс күші тапшы болды, жердің аздығынан өндірілетін өнімді толтырудың басқалай жолдары табылмады, не- сие алу көзі және ауылшаруашылық құрал-жабдықтары жетіспеді, ауылдағы шағын және орта бизнес артта қалып қойды. Бұл аймақта ұлттық және этникалық қақтығыстармен қатар ұлтшылдық көріністер де байқалды. Чехосло- вакиядағы 1990 жылғы революциялық үрдістер ұлттық қақтығыстарға ауысты. Бұрынғы Югославия бірнеше мемлекетке бөлінді. Егеменді Словакия, Босния, Герце- говина, Македония, Хорватия мемлекеттері құрылды. Югославияда Сербия мен Черногория қалды. Босния- да халықтың діни құрамы күрделі болды (католиктер, мұсылмандар, православтар). 1991—1992 жылдары өзара қақтығыстар басталды. Ол ұлттық алалаушылыққа және жаппай өлім-жітімге алып келді. Өзара араздық, өзара тар- тыс тек бес жыл өткен соң БҰҰ, ЕО, НАТО және бірқатар еуропалық мемлекеттердің, ішінде Ресей де бар, араласуы- мен аяқталды. 1999—2000 жылдары Косоводағы албандар тағдыры дүниежүзі назарын аударды. Осы мәселеге НАТО араласып, мұсылмандарды қудалау тоқтатылды. Балқан түбегіндегі Сербия мен Хорватия арасындағы бақталас екі елдің сыртқы саясаттағы бағытымен ұштасты. Ерте кезден бастап Хорватия жағы Германияға бет бұрса, Сербия жағы ресейлік бағытты қолдап отырды. Аталған 126 текетірес жағдай діни (конфессиялық) қайшылықтармен де ушыға түсті. Сербтердің православиялық нанымына хорваттардың католиктік клерикалдық (лат. clericalis — шіркеу, шіркеулік) нанымы қарсы тұрды. Бұрын Югославия жеріндегі мұсылмандар діни қауым деп мойындалса, 1961 жылдан бастап Броз Титоның өкімі бойынша мұсылмандарға ұлттық мәртебе берілді. Бұл жағдай Босния және Герцеговина аймақтарындағы ислам топтарының қайта жандануына түрткі болды. Бұл аймақтағы тұрғындар діни нышанға сәйкес үш этникалық топқа бөлінеді: католиктер өздерін хорваттармыз (15%), православтар сербтерміз (31%), ал исламшылдар мұсылмандармыз (40%) деп бөлінеді. Біртұтас мемлекеттің құрамындағы республикалар егемендік жолына түсті. Егемендік әрекеттерді жақтаған республикалардың алғашқы қатарында Словения мен Хорватия тұрды. Хорватиядағы үкімет басшылығына генерал Ф. Туджман жетекшілік еткен Хорватия демократиялық Достасты- ғы атты партия келді. Сербиядағы тәртіпті С. Милошевич бастаған ұйымдар бақылады. 1991 жылдың көктемінен бастап хорватиялық полиция топтары мен сербтердің қорғаныс жасақтарының арасындағы қақтығыстар жиі- лей бастады. 1991 жылдың желтоқсанында Хорватия аумағындағы сербтер Серб Крайна атты тәуелсіз Республи- касын жариялады. Хорватия мен Серб Крайна арасындағы әскери-соғыс әрекеттер кең көлемді шайқастарға ұласты. Бұл шайқастарға Югославия армиясының тұрақты бө- лімшелері жиі қатысатын болды. Бұл жағдайда Батыс ел- дер өкілдері Хорватия әрекеттерін барынша ақтап, кінәнің бәрін Сербия жағына жауып отырды. Сербия әрекеттері оқшаулана қала беретін жағдай қалыптасты. 1992 жылдың наурызында Босния және Герцеговина тәуелсіздігін жариялады. 1992 жылдың сәуірінде сербтер мен мұсылмандар арасындағы әскери қақтығыстар орын алды. Бітімгершілік әскери топтарының болғанын ескер- мей, Босния және Герцеговина аумағына Югославияның басқа аймақтарындағы сербтер топтары келсе, Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінен мыңдаған моджахеттер топтары ағылды. Босния мен Герцеговина аумағындағы 127 қақтығыстар үш түрлі сипатта: православтық-католик- тік-мұсылмандық қырғындар кең өріс алды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жағдайды ескеріп, Югославияға қарсы экономикалық жазалау шараларын енгізуді жоспарла- ды. 1992 жылы Сербия мен Черногория елдері бірлесіп Одақтық Югославия Республикасын ұйымдастырған бо- латын. АҚШ әкімшілігі БҰҰ-ның шешімін күш қолдану жолымен орындауды барынша жақтады. НАТО әскери әуе күштері серб әскерлері шоғырланған аудандарға оқ атып, Босниядан Сербия әскерін дереу шығаруды талап етті. Шиеленіскен саяси жағдайды тұрақтандыруға АҚШ дипломатиясы да кірісті. 1995 жылдың қараша айын- да Огайо штатындағы АҚШ әуе күштерінің Дейтон базасында Босния сербтерінің жетекшісі Ф. Туджман, Югославия Федерациясының басшысы С. Милошевич, Босния мұсылмандарының жетекшісі А. Изетбегович жанжалды реттеу шартына келісті. Дейтон келісімі негізінде Босния және Герцеговина екі ұлттық бөлшекке бөлінді: Мұсылмандық-Хорваттық Федерация және Сер- бия Республикасына. Бейбітшілік келісімді іске асыра- тын көпұлтты әскери күштер құрылды. Аталған әскери топтар НАТО басшылығына бағынып, Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатына ие болды. Балқан түбегіндегі жанжалдар Босния мен Герцеговина аумағындағы тартыспен аяқталмады. 1998 жылдан бастап Косово жеріндегі тартыстар қайтадан шиеленісе түсті. Сербия полициясы мен Косовоны азат ету армия- сы атты топтың арасындағы ушығып кеткен қарулы шайқастарды басу үшін Югославия үкіметінің әскери бөлімшелері Косово жеріне енгізілді. Мыңдаған Косово тұрғындары көршілес Албания мен Македония елдеріне ауып, босқынға айналды. Сербия жағы Косово ауданының автономиялық құқығын одан сайын кеңейтуге үзілді- кесілді қарсы болды. Бұл жердегі албандық тұрғындар Фе- дерациядан шығып жеке дербес мемлекет құруды аңсады. Халықаралық ұйымдар қатысқан келіссөздер нәтиже бермегеннен кейін АҚШ бастаған НАТО әскери тобы бұл мәселені күш қолдану арқылы шешуге кірісті. 1999 жылы наурыз—сәуір—мамыр айлары бойы Косово аумағы және Югославияның басқа да аудандарына үздіксіз бомба және 128 ракеталар тасталды. Косоводағы Сербия әскерлері толық шығарылып, Албания тұрғындары Косовоға жиілеп қайтып келе бастады. Ел ішіне бітімгерлік мақсатпен ха- лықаралық әскери топтар енгізілді. 2008 жылдың ақпан айында дербес егеменді Косово мемлекеті жарияланды. Ресей Федерациясынан басқа, АҚШ және Батыс елдердің басшылары жаңадан құрылған тәуелсіз мемлекетті бірден мойындады. Аталған соғыстарда бейбіт халықтың жапа шеккені үшін С. Милошевич және бірнеше Югославия басшылары халықаралық сотқа тартылды. Еуропа Одағы елдері Шығыс Еуропа мемлекеттерін қауымдастық негізде мүшелікке қосуға жоспар құрды. Ең алдымен НАТО мен серіктес мемлекеттердің әскери- соғыс күштерінің сыйысымдылығына ерекше көңіл аударылды. Осы жағдайды ескеріп 1994 жылы НАТО тобының қамқорлығымен “Бейбітшілік жолындағы серіктестік” атты бағдарлама жасалды. Орталық Еуропа елдері осы бағдарлама негізінде өз армияларының санын кемітіп, кеңестік қару-жарағын НАТО қару-жарағына алмастыруға, офицерлер құрамын НАТО әскері құжатта- ры негізінде қайта дайындауға тиісті болды. Ал келешек- те бұл елдерді Еуропалық Одақтың экономикалық және әлеуметтік құрылымына бейімдеу мәселелері қаралды. 1997 жылдың шілдесінде НАТО-ға кіруге бұрынғы Варшава Достастығының үш мемлекеті — Венгрия, Поль- ша және Чехия шақырылды. Бұл елдер НАТО құрамына 1999 жылы енгізілді. 2002 жылы Болгария, Румыния, Словакия, Словения шақырылды. Аталған 4 ел НАТО тобына 2003—2004 жылдары, ал Албания мен Хорватия 2009 жылы сәуірде қабылданды. НАТО құрамына енген Шығыс Еуропа елдері Еуропа Одағының мүшелігіне өтуге мүмкіншілік алды. Кейінгі кезде АҚШ-тың зымырандарға қарсы қорғаныс жүйесін осы аймаққа орнату жоспары Ресейді қатты алаң- датуда. Ал елдер ішіндегі қайшылықтар да жеткілікті. Румынияда, Словакияда, Болгарияда, Польшада және т. б. елдерде үкімет ауысуда. Днестр бойындағы жанжал, Украинадағы оқиғалар аймақтағы қауіпсіздікке өз әсерін тигізді.

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ. Моңғолия Халық революциясының жеңісі. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Қытай аумағы екі ірі саяси топтың бақылауында болды. Солтүстік-Шығыс Қытай аймағында коммунистік партияның бақылауы орнаса, қалған бөлі- гінде гоминьдан партиясының үстемдігі тұрақтанды. Қытайды бейбіт жолмен біріктіру келіссөздері сәтсіз болды. Ел ішіндегі өзара алауыздық 1946—1949 жылдар- дағы азамат соғысына әкеліп соқтырды. Қытай Халық Республикасының құрылуы. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (ҚХР) жа- рияланды. КСРО үкіметі оны бірінші болып мойындады. Чан Кайши бастаған гоминьдан армиясының қалдықтары Тайвань аралына бекінді. ҚХР 1949—1952 жылдары аграрлық реформа ойдағы- дай іске асырылды. Нәтижесінде 300 млн шаруа 47 млн га жерге ие болды. Помещиктік жер иелену жойылды. Қытайдың ірі буржуазиясы мен шетел капиталистерінің кәсіпорындарын мемлекет меншігіне алу мемлекеттік меншікті кеңейтіп, нығайтты. Бұл реформалар социалис- тік құрылыстың алғышарттары болды. 1950—1959 жылдарда КСРО Қытайға 256 ірі кәсіпорын салып берді және 20 мыңнан астам қытай инженерлерін даярлады, қаржылай және әскери көмек көрсетті. 1954 жылы Қытайдың Ұлы халық жиылысы жаңа конституция қабылдап, біртұтас республикалық негіздегі мемлекеттік құрылыс орнатты. Қытайдағы өзге ұсақ ұлттарға жартылай автономиялық еріктілік жарияланды. Қытай Халық Республикасы “үлкен секіріс” және “мәдени революция” кезеңінде (1958—1976 жж.). 1958 жылы ҚКП басшылары бірінші бесжылдық жос- пардың табыстарына сүйеніп “зор секіріс” бағытын жариялады. Елдің экономикалық мүмкіншіліктерімен санаспай, бесжылдық жоспарды екі жылда, 15 жылдық жоспарды бес жылда орындап, тез арада коммунизмге өтпекші болды. Оның басты құралы ауылдағы “халық коммунасы” деп жариялады. Коммунада жер қоры, үй-жай, көрпе-төсек, аяқ-табақ, үй жануарлары, кетпен-күрек қоғамдық меншікке айнал- 163 дырылып, өндірілген өнім шаруалар арасында тепе-тең бөлінді. Шаруалардың өмірі қатаң тәртіпке бағындырыл- ды: сапқа тұрып жұмысқа бару, үш рет қоғамдық асхана- дан тамақтану шаруалар отбасының әдетіне айналды. Ин- дустрияландыруды жылдамдату үшін халықтың ақысыз еңбек күші арқылы жабайы технологияға сүйенген ұсақ кәсіпорындарды көбейту жоспарланды. 1960 жылдардың ортасында елде “мәдени революция” басталды. Қытай коммунистік партиясының белсенді мүшелерін “буржуазия ықпалына шалдықты” деп кінә- лап, оларды жазалауға кірісті. Қытай Халық республикасы реформалық және жаңа­ ру жылдарында. 1976 жылы 9 қыркүйекте Мао Цзэ- дун қайтыс болып, саяси билік үшін күрес шиеленісе түсті. Мао Цзэдун Қытайды терең дағдарыс жағдайында қалдырды. Ресми мәліметтер бойынша, сол жылдарда Қытайда 100 млн-нан астам тұрғын ашыққандар қата- рында болды. Мао Цзэдун дүниеден өткеннен кейін оны қолдаған бір топ жетекшілер жазаланды. Партия мен мемле- кет басшылығында Дэн Сяопин (1904—1997) бастаған Қытайдың жаңалау тобы басымырақ дауысқа ие болды. Кең түрдегі экономикалық реформаларды іске асыру шешімі ресми түрде 1978 жылы желтоқсан айында жа- рияланды. Экономикалық реформа ауылда басталды. Халық ком- муналары таратылып, олардың орнын отбасы көтермесі басты. Олар жерді жалға алуға құқылы болды. Бастапқы кезеңде әр отбасының мемлекетке берешегі жылдық өнімінің 20%-ына тең болса, 1984 жылдан бастап 5%-дан аспады. Шаруалар өндірген өнімдерін алдын ала жасалған шарттар негізінде сатуға мүмкіндік алды. Ауылдық-болыстық кәсіпорындар салынды. 1984 жыл- дан бастап қытай қалаларында да кең түрдегі экономика- лық реформалар іске асырылды. Өндіріс саласында мемлекеттік сектордың үстемдігін жоймай, ұсақ және орта кәсіпорындардың дамуына кең жол ашып, теңіз жаға- лауындағы Қытай провинцияларына шетел капиталын еркін енгізу арқылы “ашық аймақтар” ашуды қамтамасыз ететін шараларға бет бұрылды. 164 Қытай басшылары социализм идеясынан біржолата бас тартпай, қытай ерекшелігіне тән социализм құрылысын насихаттайды. 1989 жылы көктемде Коммунистік партияның жоғарғы тобында Чжао Цзыян басқарған саяси реформаларды жақтайтын либералдар тобы құрылды. Қытай астанасында және басқа қалаларда Қытай Коммунистік партиясының үстемдігін жою, көппартиялық жүйені енгізу, әділетті құқықтық мемлекетті енгізу талаптарын жақтаған топтар көшелерге шықты. Үкімет әскерлері толқуларды басып, тыныштық орнатты. Чжао Цзыян партиялық қызметтен босатылып, Қытай Коммунистік партиясының бас хатшы- сы қызметіне Цзян Цзэминь сайланды. 2002 жылы Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне Ху Цзиньтао сайлана- ды. Кейін ол ҚХР төрағасы және Орталық Әскери Кеңестің төрағасы болды. Содан бері әр 10 жылда басшылар өзгеру тәсілі орнығуда. 2012 жылы қарашада өткен XVIII съезде жаңа басшылар тағайындалды. Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатын- да елеулі өзгерістер байқалды. Қытай елінің әлемдік экономикаға пәрменді түрде араласуы оның әлемдік елдермен қарым-қатынастарының сапалы өзгеруіне мүмкіндік берді. 1971 жылы ҚХР Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамындағы құқықтық орынға ие болды. 1978 жылы Жапониямен “Бейбітшілік және ынты- мақтастық келісіміне”, 1979 жылы АҚШ пен диплома- тиялық қатынас орнату жөніндегі келісімге қол жетті. Бірнеше жыл шамасында Қытай мен КСРО арасындағы қатынастар араздық жағдайында болды. 1989 жылы М. С. Горбачевтың Қытайға ресми сапары қатынастарды жөнге келтірді. Кейін көршілес елдердің достық қаты- настары ұлғайды. Қазақстан — Қытай қатынастары тату көршілік, стратегиялық серіктестік негізінде дамуда. Екі елдің ара- сындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 3 қаң- тардан бастап орнады. Қытай басшылары Шанхай ынтымақтастығы ұйымын құруға зор үлес қосты. Шекара мәселелерін реттеуде 165 Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері басшыларының кездесуі 1996 жылы 26 ақпанда Шанхайда өтті. Бұларға Өзбекстан қосылып, 2001 жылдың жазында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы құрылды. Оның шеңберінде Шекара маңындағы әскери-соғыс салаларындағы сенімділікті нығайту (1996 ж.), Өзара кепілдік негізінде шекара маңайындағы әскер күштерін кеміту (1997 ж.), тағы басқа маңызды келісімдеріне қол жетті. Қытайдың экономикалық жағдайы. 30 жылға созыл- ған экономикалық жаңартулар Қытайды ірі табыстарға жеткізді. ҚХР экономикасы дамыған әлемдегі алып елдердің қатарына қосылды. ЖІӨ бойынша Қытай 2011 жылы әлемдегі 2-орынды иеленді, оның шетелдер валюта қоры 3 трлн доллар- дан асып алға шықты. Сыртқы сауда айналымы АҚШ деңгейіне жақындады. Жыл сайын 540—560 млн тонна астық жиналады. ТАЙВАНЬ. 1945 жылы Тайвань Қытайға қайтарылды. 1949 жылы Чан Кайши бастаған гоминьдан үкіметі Тайваньға шегініп, билігін орнатты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев пен ҚХР басшысы Ху Цзинтао 166 ҚХР Тайвань мәселесі дұрыс шешу жолдарын “Бір мемлекет — екі жүйе” қағидасына сәйкес негіздеуде. Осы саясат Қытайға ағылшындар мен португалдықтар иелен- ген Гонконг және Макаоны қайтаруға көмектесті. 1949—2000 жылдары үкіметті Гоминьдан партиясы басқарған. Одан соң демократиялық прогресшіл партия- ның жетекшісі Чэнь Шуйбянь президенттік сайлауда екі рет (2000 және 2004 жылдары) жеңіске жетті. 2008 жылы 2 қаңтарда өткен парламент сайлауында оппозицияда болған гоминьдан партиясы жеңіп шықты. Келесі президенттік сайлауда гоминьданның жетекшісі Ма Иньцзю жеңіске жетті. Ол Тайвань мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қолдауда. ГОНКОНГ (СЯНГАН), Макао. 1984 жылы 19 желтоқ- санда қытай-ағылшын мәлімдемесі жарияланды. Соған байланысты ҚХР 1997 жылы 1 шілдеде Гонконгке өз үстемдігін орнатты. Одан соң Португалия иелік еткен Макао да ҚХР-ге қайтарылды. ҚХР-дің Оңтүстік шекара шебінің көрінісі 167 Моңғолия. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Моңғолия халық шаруашылығын дамыту шараларына кірісті. Моңғолия экономикасы 1948 жылдан бастап тұрақты бесжылдық жоспарлар дәстүріне көшті. Моңғолияның ауыл шаруашылығын кооперативтен- діру бірқалыпты болмай, көп жылдарға созылды. 1940 жылы кооперативтердің саны 91 болса, 1954 жы- лы 183-тен асты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауылды коопера- циялаудың екінші кезеңі басталды. 50-жылдары жаппай ұжымдастыру жүргізіліп, Ауыл шаруашылығы бірлестігі (АШБ) дәрежесіне көтерілді. 1960 жылы социалистік өндірістік қатынастар бү- кіл экономикада жеңіске жетті деп жарияланды. Осы жылы жаңа конституция бекітілді. МХР артта қалған жағдайын жақсарта алмады. Дәл осы мезетте Х. Чойбал- санмен Ю. Цеденбалдың мемлекетті басқару әрекеттері қайта қаралды. Партия мен үкімет басында 32 жыл бойы билік құрған Ю. Цеденбал Моңғолияда социализмнің сталиндік мо- делінің құлаш жаюына үлес қосты. Ел ішіндегі демо- кратиялық құрылымдар мен бостандықтар қағаз бетінде сақталды. ХХ ғасырдың 80-жылдары Моңғолия экономика- сы тоқырап, күйзеліске ұшырады. 90-жылдары елдегі экономикалық дағдарыс шегіне жетті. Ауылдағы жағдай нашарлап, мал басы өспей қалды. 1988 жылдың соңында МХРП (коммунистер) қайта құру, жаңару қажеттігін жариялады. Ю. Цеденбал қызметінен кетуге мәжбүр болды. Жаңа басшы Ж. Бат- мунх та елдегі қиыншылықты жеңілдетуге асықпады. Шығыс Еуропадағы және КСРО-дағы өзгерістер Моң- ғолиядағы оппозициялық топтардың қалыптасуына әсер етті. 1990 жылы мамыр айында заң қабылданып, Моңғолия- да көппартиялық тәртіпке еркін жол ашылды. Жаңадан қалыптасқан жағдайды ескеріп, МХРП коалициялық үкімет құруға талпынды. Үкімет құрамына социал-де- мократиялық, ұлттық прогресс және демократиялық партиялардың өкілдері енгізілді. 168 1990 жылдың 4 қыркүйегінде Ұлы Хурал Моңғолияға президенттік басқаруды енгізіп, Моңғолияны президент- тік республика тәртібіне көшірді. П. Очирбат тұңғыш пре- зидент болып сайланды. 1992 жылы жаңа Конституция қабылданып, елдің аты Моңғолия деп аталды. Моңғолияның қоғамдық нарықтық бағытқа бұрылуы көптеген қиыншылықтарға душар етті. 1991—1992 жыл- дарда бұрынғы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 255-і акционерлік қоғамдарға көшірілді. Барлық мал басы (31,3 млн) жекеменшік отбасыларына бөлінді. Мем- лекеттік кәсіпорындардың 70%-дан астамы және ауыл шаруашылығы қоғамдары жекешелендірілді. 1996 жылғы парламенттік және президенттік сайлау науқаны оппозициялық топтардың жемісті табыстарымен айқындалды. Президент болып реформалық іс-әрекеттерді жақтаушылардың өкілі Н. Багабанди сайланды. Жаңа басшылар нарықтың жаңа өзгерістерін кеңі- нен енгізуге тырысты. Бірақ 90-жылдардың екінші жар- тысындағы әртүрлі қиыншылықтар сол жаңалықтарды ойдағыдай іске асыруға мүмкіндік бермеді. 50 мыңнан астам тұрғын жұмыссыздар қатарына қосылды. Моңғол халқының тұрмыс деңгейі 1991 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді. Моңғолиядағы әрбір үшінші жан басы- ның жылдық кірісі 10 доллардан аспады. Демократиялық коалициялық үкіметтің төртжылдық басқару әрекеті халықтың көңілін әбден суытып, нара- зылық тудырды. 2000 жылғы сайлау Моңғолия Халық Революциялық партиясының салтанатты жеңісімен аяқ- талды. Аталған партияның жетекшісі Намбарын Энхбаяр премьер-министр болып сайланып, үкімет басына келді. Моңғол мемлекеті өзінің сыртқы саясатында ашық есік дәстүрін сақтау, Азия елдеріндегі саясатқа басымдылық мән беру, сыртқы саясатты идеологиялық шырмаудан босату және оны жүзеге асыру қағидаларын жақтады. Қытай мен Ресей арасындағы қатынастарда Моңғолия жағы тепе-теңдік әрекеттерді жақтайды. Моңғол және АҚШ қатынастары жөнге келді. Жапония, Оңтүстік Ко- рея, Сингапур елдерімен екіжақты қарым-қатынастар орнатылды. 169 Моңғол елі мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 22 қаңтарында орнады. Достық және экономикалық қарым-қатынастар ор- нату келісіміне қол қойылды. 1992 жылғы Сауда және экономикалық қарым-қатынастар басталды. Моңғолия- да тұратын қазақтардың атамекеніне қайту мәселесі де реттелді. 2009 жылы мамырда президент орнына Демократия- лық партия жетекшісі Цахиагийн Элбегдорж келді. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. 1946—1949 жылдардағы азамат соғысы барысындағы Қытай ком­ мунистерінің жеңіске жету себептері қандай? 2. “Зор секіріс” және “Мәдени революция” кезеңін сипаттаңдар. 3. Реформалар нәтижесіндегі елдің дамуын талдаңдар. 4. ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды сипаттаңдар. 5. Моңғолияның қазіргі жағдайын ашып беріңдер. § 28.129 Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Шығыс Еуропа елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық құрылысты сипаттаңдар. Оны Батыс Еуропа елдерімен салыстырыңдар. 2. Бұл елдердегі демократиялық революциялардың ерекшеліктері неде? 3. Шығыс Еуропа елдерінің дамуына басқа жолдар бар ма еді? 4. 1990 жылдардағы өзгерістерді сипаттап беріңдер. 5. Шығыс Еуропа елдерінің НАТО-ға қосылуына Ресейдің ұстанымы қалай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет