Тақырып Кіріспе


Тақырып 1.4. Версаль-Вашингтон жүйесі



бет2/12
Дата11.01.2017
өлшемі2,01 Mb.
#6889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тақырып 1.4. Версаль-Вашингтон жүйесі.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер 1919 жылдың 18 қаңтарында Парижде бітім конферен- циясын бастады. Франция астанасына соғысқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері келді. Бітімшартын жасауға Германия мен жеңілген мемлекеттер, сондай-ақ Кеңестік Ресей қатыстырылмады. Конференцияның негізгі мақсаты Германиямен бітім- шартын дайындау болды. Конференцияға Францияның, Ұлыбританияның басшылары және АҚШ президенті жетекшілік етті. Француз делегациясы өзінің негізгі қарсыласы — Гер- манияны барынша әлсіретуді талап етті. Франция Саар көмір алабын және Рейннің сол жағалауындағы неміс жерін қосып алғысы келді. Ұлыбританияның алдына қойған мақсаты орындалды. Германия оның теңіздегі және дүниежүзілік саудадағы бақталасы болудан қалды. Алайда Германия отарларын және Таяу Шығыстағы түріктер иемденген мұнай байлы- ғын бөлісуде Ұлыбритания мен Францияның арасында келіспеушілік байқалды. Ағылшын премьер-министрі Ллойд Джордж Германияны сақтап қалуды ұсынды. Ол Еуропада Франция күшейетін болса, оған қарсы Германия- ны пайдалануды ойлады.

Ұлттар Лигасын құру. Мандаттық жүйе. АҚШ пре- зиденті В. Вильсонның халықаралық бейбітшілік ұйымын құру идеясы, онда АҚШ-тың басты рөл атқаруы ең қызу мәселелердің бірі болды. Ұлттар Лигасына халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Халықаралық мәселелерді талқылау үшін жыл сайын Ұлттар Лигасының Ассамблеясы шақырылатын болды және ассамблеямен бірге дәл сондай өкілеттігі бар Кеңес құрылды. Кеңестің тұрақты мүшелері қатарында 5 мем- лекет — АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония болды. Ұлттар Лигасы Жарғысында басқыншы мемлекеттерге ұжымдық шара қолдану әрекеті белгіленді. Вильсонның талабымен Ұлттар Лигасы Жарғысына мандат ұғымы енгізілді. Ұлттар Лигасы атынан 1919 жыл- ғы мамырда Ұлыбритания мен Франция герман отарлары мен Осман империясына қараған бірқатар елдерге қам- қоршы ретінде мандат алды және Того мен Камерун жерін өзара бөлісті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдарына, сондай-ақ Шаньдун түбегіне Жапония мандат алды. Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысын басқару ісі 15 жылға Ұлттар Лигасына берілді. Кезінде Германия иеленіп алған Польша жері (Познань, Пруссия мен Померания аудандары) Польшаның өзіне қайтарылды. Бельгия, Дания, Литва елдері Германия қарамағындағы өз жерін қайтарып алып, аумақтарын кеңейтті. Версаль бітімшарты Германиядан дүниежүзілік со- ғысты ушықтырушы ел ретінде төлем өтеуін талап етті және оған әскери шектеулер қойды. Антанта елдерінің соғыс шығындарын өтеу үшін Германия репарациялық төлем (лат. reparatio — орнына келтіру) төлейтін болды. Германияға әскери флот, авиация, жаяу әскер ұстауға тыйым салынды. Армияның қызметі тек мемлекеттің ішкі тәртібін сақтауға ғана бағытталды. Германия делегациясы 1919 жылы 28 маусымда Вер- саль шартына қол қойды. Бұл шарт неміс халқына үлкен ауыртпалық әкелді. Германияның одақтастарымен жасалған бітімшарттар Версаль шарты үлгісінде құрастырылды. 1919—1920 жылдары Австриямен, Венгриямен, Болгариямен және Түркиямен келісімшарттарға қол қойылды. Германияның одақтастарына әскери шектеу белгіленді. Олар да төлем төлеуге міндетті болды. Версаль жүйесі арқылы Франция Еуропадағы басым жағдайын, Ұлыбритания Таяу Шығыс- та және теңіздегі үстемдігін қамтамасыз етті. АҚШ делегациясы Париж конференциясында көздеген мақсаттарына толық жете алмады. АҚШ сенаты Версаль бітімшартын бекітуден бас тартты. Шаньдун түбегінің Жапонияға берілгеніне қарсылық білдіріп, Қытай да қол қоюға келіспеді. Париж бітім конференциясынан кейін отарлы дер- жавалардың Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит алабындағы қайшылықтарын реттеу қажеттілігі туды.

1921—1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапония Тынық мұхиттағы және Қиыр Шығыстағы үстемдігін нығайтып алды. Ол Қытаймен бірқатар келісімдер жасасу арқылы экономикалық жеңілдіктер алып, Қиыр Шығыс- тан АҚШ пен Ұлыбританияны ығыстыруға талаптанды. Париждегі бітім конференциясында Жапония Шань- дун түбегіне өзінің құқығын бекітіп, Тынық мұхиттағы Германияның бірқатар отарларын иеленіп алды. Осыған байланысты АҚШ-тың басқарушы топтары Қиыр Шығыс- қа қатысты Париж шартының шешімдерін қайта қарап, теңіз қарулы күштері туралы мәселе талқылау қажет деп шешті. Аталған мәселелерді қараған конференция Вашинг- тонда 1921—1922 жылдары өтті. Оған АҚШ-пен бірге Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия, Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай мемлекеттері қатысты. Кеңестік Ресей Тынық мұхиттағы ірі держава болғанымен, 20 бұл жолы да конференцияға шақырылмады. Конферен- ция отырыстары үш негізгі келісімшартқа қол қоюымен аяқталды:

1. Төрт держава келісімі (Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия) Тынық мұхит аумағындағы аралдар иеліктеріне қол сұқпауға халықаралық кепілдіктер берді.

2. Бес держава келісімі (Ұлыбритания, АҚШ, Фран- ция, Жапония, Италия) салмағы 35 мың т-дан артық әскери кемелер шығаруға тыйым салды, бұл АҚШ дипло- матиясының үлкен жеңісі болды. АҚШ-тың теңіз күштері аса ірі кемелер иесі — Ұлыбританиямен теңестірілді.

3. Тоғыз держава келісімі бойынша Вашингтон конфе- ренциясына қатысушы мемлекеттер Қытай аумағына қол сұқпауға, барлық елдер үшін Қытай аумағының есігі ашық болғандықтан, оның тәуелсіздігі мен егемендігін сыйлауға келісті. Шаньдун түбегі Қытайға қайтарылды.

Әділетсіз Версаль — Вашингтон жүйесі 1929— 1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағ- дарыстың қысымына шыдай алмай, ыдырай бастады. Еуропа аймағында монополистік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашистік күштер дүниежүзін қайта бөлісуге бел байлады. Олардың қатарынан Германия, Ита- лия және Жапония мемлекеттері бой көрсетті.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Париж бітім конференциясында жеңген мемлекеттер қандай мақсат көздеді?

2. Версаль — Вашингтон жүйесі құрастырған келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін дүниежүзілік саяси картада қандай өзгерістер болды?

3. Мандат жүйесін құрудың мәні неде? Ұлттар Лигасы не үшін құрылды?



Тақырып 1.5. Демократиялық толқындардың жетістіктері мен бәсеңдеуі.

Тақырып 1.6. КСРО-да тоталитарлық жүйенің орнауы.

1918—1920 жылдардағы азамат соғысы. Большевик- тердің Уақытша үкіметті құлатып, Құрылтай жиналы- сын күшпен таратуы және саяси-әлеуметтік шаралары дворяндарды, буржуазияны, зиялыларды, дінбасыларын, офицерлік топтарды, ауқатты шаруаларды Кеңес үкіметі- не қарсы қойды. Жер қорын және помещиктер иеліктерін жаппай тәркілеу бұл топтардың қарсылығын тудырды. Буржуа- зия топтары тәркіленген фабрика-зауыттарын қайтарып алуды аңсады. Тауарлы-ақшалай қатынастарды жойып, азық-түлік және өндіріс тауарларын тікелей мемлекет- тің бақылауымен бөлісу орта және ұсақ буржуазия топта- рының жағдайын қиындатты. Биліктен айырылған тап- тардың жекеменшік мүлкі мен ерекше жеңілдік құқық- тарынан айырылуы азамат соғысының қосымша себептері есебінде болды. Бірпартиялық саяси жүйені және проле- тариат үстемдігін орнатуға (шынында, РК(б)П Орталық Комитетінің үстемдігін) ел ішіндегі ұсақ социалистік пар- тиялар қатысса, демократиялық қоғамдық ұйымдар боль- шевиктерден алыстатылды. “Әскери коммунизм” саясаты. Кеңес үкіметінің 1918 жылдың жазынан бастап 1921 жылдың басына дейінгі ішкі саясаты “әскери коммунизм” деп аталатын төтенше шараларды жүзеге асыру дәуірі болды. Аталған саясаттың алғышарттары өндірісті мемлекет қарамағы- на өткізу және бір орталықтан басқаратын мемлекет- тік аппаратқа, азық-түлікке бақылау орнатумен қатар, ауылдарды әскери-саяси қысымға алу тәжірибесімен анықталды. “Әскери коммунизм” саясаты экономикалық және сая- си-әлеуметтік салаларды қамтитын кешенді іс-шаралар- дан тұрды. Аталғандардың ішінде ең бастысы өндірістік құралдарды мемлекетке өткізу, орталықтандырылған басқаруды енгізу, еңбек өнімдерін теңгермешілік негізде бөлісу және большевиктер партиясының үстемдігін бекіту болды. 1918 жылдың 28 маусымында Кеңес үкіметі барлық ірі және орташа кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алу туралы Декрет қабылдады. Келесі жылдарда ұсақ 41 кәсіпорындар мемлекетке өтіп, ел ішіндегі өндіріс сала- сындағы жекеменшік кәсіпорындар жойылды. Соны- мен қатар өте қатаң салалық басқару түрлері енгізілді. 1918 жылдың көктемінде сыртқы сауда саласында да мемлекеттік монополия тәртібі енгізілді. Мемлекеттің азық-түлік үстемдігін барынша кеңейту үшін азық-түлік салығы азық-түлік салғыртымен ауысты- рылды. Ол бойынша шаруалардың күнкөрісінен артылған азық-түлік қоры әскерлер мен өндіріс жұмысшыларын қамтамасыз ету үшін ешбір өтеусіз алынды. Азық-түлік салғырты ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды жаппай мемлекеттендіріп, сауда-саттыққа, нарыққа тыйым салып, ақша айналымын тоқтатып, жұмысшылардың еңбекақысын нан, ет, май, картоп түрінде төлеумен бірге жүргізілді. Күшпен алынған өнімдер үшін шаруаларға түбіртек қағаз және құнсызданған ақша берілді. Үкімет бекіткен азық-түлік бағасы базардағы нарықтық бағадан 40 есе төмен болды. Шаруалардың қарсылығын басу үшін ауылдарға қаруланған жұмысшы жасақтары жіберіліп, ауыл тұрғындарының азық-түлік қорлары еріксіз түрде тартып алынды. “Әскери коммунизм” саясаты тауарлы- ақшалы қатынастардың жаппай жойылуына әкелді. Өндірістік және азық-түлік тауарлар жалақы түрінде тепе-тең бөлінді. Мұндай жағдай қоғамдық топтар ара- сында жалған әлеуметтік теңдіктік пікірді тудырды. Бұл саясаттың дәрменсіздігі “қара нарық” ошақтарын көбейтіп, қоғамдағы алыпсатарлықтың етек алуына жол ашты. 1918 жылдан бастап бұрынғы қанаушы таптар өкілдері еңбектік міндет тәртібіне тартылды, ал 1920 жылы жаппай еңбекке араласу міндеті енгізілді. Еңбекшілерді еркінен тыс жинау үшін еңбек армия- лары құрылып, олардың басым бөлігі көлікті жөндеуге, құрылыс жұмыстарына жұмылдырылды. Жалақының на- туралды түрі басым болғандықтан қаладағы тұрғын үйлер, байланыс, көлік, пошта және телеграф қызмет көрсету салалары ақысыз қызмет көрсетті. “Әскери коммунизм” саясаты кезеңінде саяси салада РК(б)П-ның шексіз үстемдігі орнатылды. Ресей больше- виктік партиясы таза саяси ұйым ережесінен шегініп, партия аппараты біртіндеп мемлекеттік ұйымдарға айнал- 42 ды. Бір партияның үстемдігін мойындамаған басқа саяси топтар — кадеттер, меньшевиктер, эсерлер — іс-әрекетіне тыйым салынды. Кейбір көрнекті қоғам қайраткерлері шетел ауып кетсе, басқалары қуғын-сүргінге ұшырады. Кеңестік атқару ұйымдары большевиктер партиясы- ның нұсқауын мүлтіксіз орындап отырды. Партияның бақылауындағы кәсіподақ ұйымдары да тәуелсіздігінен айырылды. Олар жұмысшылардың мүддесін қорғаудан қалды. Пролетариат өз мемлекетіне қарсы шыға алмайды деген нанымды жақтап, жұмысшылар ереуілдеріне тыйым салынды. Сөз және баспасөз бостандығы жөніндегі ереже- лер орындалмады. Большевиктік емес баспасөз органдары түгел жабылды. “Әскери коммунизм” саясаты Ресейді экономикалық күйреуден құтқара алмады. Бірақ орталықтың қатаң бас- қару жүйесі арқасында барлық қорларды шоғырландырып большевиктер үкіметі азамат соғысы жағдайында саяси билікті сақтап қалды. “Азамат соғысы жылдарындағы революцияға қарсы шыққан басшыларды тұтқындау” (1917 ж., қараша) және “Қызыл террор” заңдарына сүйе- ніп большевиктер үкіметі өзінің саяси дұшпандарын зорлықпен жоюға мүмкіндік алды. Сондықтан меньшевик- тер, оңшыл және солшыл эсерлер, анархистік топтар жаңа үкіметпен келісе алмай, азамат соғысы жылдарында Кеңес үкіметінің қарсыластары қатарына қосылды. Iшкі және сыртқы саясат. Ресей тарихында Кеңес үкіметі қарапайым адамдар үшін бостандықпен қатар аталатын ұғым болды. Шала білімі бар жұмысшылар мен шала сауатты шаруаларда коммунистік сана-сезім бірден үйлесе қоймады. Кеңес үкіметі бейбіт еңбек ету жолына көшті. Елдің жағдайы қиын болды. Ресей әлемдік экономикалық қатынастар жүйесінен шығып қалды. Азамат соғысы жылдарында саяси биліктің сипаты едәуір өзгеріске ұшырады. Мемлекеттік және партиялық билік органдары қосылып, төрешілдік ықпалы барынша өскені байқалды. Бүлінген, ашыққан, сарқылған ел жол салынбаған социалистік құрылысты іске асырудың қарсаңында тұрды. Әлемдік социалистік революция іске аспай, Ре- сей саяси оқшаулануға ұшырады. Ұлттық шекараның қауіпсіздігін ойлап Кеңес басшылары көршілес елдермен 43 байланыс жасау әрекетіне кірісті. 1920 жылы бұрынғы Ресей империясының құрамында болған Эстония, Литва, Латвия, Финляндия мемлекеттерімен жақындасып, Иран, Түркия, Ауғанстанмен достық қатынастар орнықтырды. 1921 жылдың ақпанында осы елдермен жасалған келіс- сөздер негізінде Ресей олардың патша үкіметі кезіндегі қарыздарын кешіріп, ерекше артықшылық құқығынан бас тартты. Кеңес үкіметі Моңғолия елімен достық қатынастар орнатып, Германия, Италия, Норвегия елдерімен сауда- саттық келісімдеріне қол қойды. Азамат соғысының аяқталуы халық шаруашылығын қалпына келтіруге жол ашты. Дәл осы кезеңде Ресейде жаппай электрлендіру бағдарламасы жарияланды. Жаңа экономикалық саясат. Азамат соғысы және “әскери коммунизм” саясаты елдің жағдайын қатты на- шарлатты. Шаруалар ауыр азық-түлік салғыртымен келіспеді. Өйткені шаруалардың артық азық-түлік қоры өтеусіз күшпен алынды. Аштық пен мұқтаждықтан қажыған жұмысшылар арасында да наразылық байқал- ды. Украинада, Тамбов облысында, Еділ бойында, Сібірде антикеңестік көтерілістер ұйымдастырды. Саяси дағдарыстың көрінісі 1921 жылғы Кронштадт көтерілісінен байқалды. Ел ішіндегі шаруалар қобал- жулары Кронштадтағы матростарға әсерін тигізді. Бір кез- де Кронштадт бекінісінің теңізшілері Қазан төңкерісінің тірегі болған топтардың қатарында болған еді. Кеңес үкіметі бұл қозғалысты аяусыз басып, жазалады. Шешуші экономикалық өзгерістер РК(б)П-ның Х съезінде (1921 ж., наурыз) айқындалды. Съезд “әскери коммунизм” саясатынан бас тартып, жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға шешім қабылдады. Салықтың мөлшері салғыртқа қара- ғанда екі есе аз болды. ЖЭС ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар артық өнімдерін қалаға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеу- ге, қауымнан тыс жеке шаруашылық құруға, жерді өз қалауынша пайдалануға, жалдамалы жұмыс күшін тар- туға, жерін жалға беруге мүмкіншілік алды. Тұтыну, өндірістік және қарыз беру кооперативтерін ұйымдасты- руға еркіндік берілді. Қала тұрғындары да өндірістік және сауда-саттық кәсіпорындарын ашуға құқық алды. “Әскери 44 коммунизм” кезіндегі ақы төлеудегі теңгермешілік және жаппай еңбек міндеттілігі жойылды. Жалақы жұмыс иесінің шеберлігі мен өндірген өнім үлесіне қарай төлене- тін болды. Халық шаруашылығын басқарудағы тым қатал орталықтандыру әрекеті едәуір жұмсарды. Жалақыны табиғи өнім түрінде бөлу тоқтатылып, жаппай ақша түріне көшірілді. Жаңа экономикалық саясат нарықтық қатынастарды дамытып, өндіріс пен сауданы дамытып, бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруге көмегін тигізді. Жаңа экономикалық саясат барысында Кеңес үкіметі мынадай міндеттерді іске асыруға бел байлады: — қала мен ауыл арасындағы экономикалық байла- ныстарды реттеу; — электрлендіру негізінде өндірісті дамыту; — барынша есепті шаруашылыққа көшу, еңбектің нәтижелі болуына әр адамның мүдделігін арттыру; — мемлекеттік жоспарлау және басқару ісін жетіл- діру; — бюрократизм және әміршіл-әкімшіл жүйемен күресу; — барлық салаларда азаматтың мәдениет деңгейін көтеру. Бірақ мемлекет экономиканың басты салаларын мықтап бақылап жекеменшік иеліктің еркін дамуына мүмкіндік бермеді. 1923—1928 жылдары ЖЭС әміршіл- әкімшіл жүйенің қыспағына оралып, дағдарысқа ұшы- рады. Оның орнына коммунистік партия жолдаған жаппай ұжымдастыру, қарқынды индустрияландыру саясаты іске асырылды. КСРО-ның құрылуы. 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық съезі Кеңес Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жа- риялады. В. И. Лениннің талабы бойынша КСРО елдері өзара теңқұқылы мемлекеттердің федерациялық одағы деп мойындалды. Бастапқы кезде КСРО-ның құрамына РКФСР, Украина, Белоруссия және Закавказье Федера- циясы біріккен еді. Оның құрамына одақтас республика ретінде Өзбек және Түрікмен, Тәжік, 1936 жылы Қазақ және Қырғыз республикалары қосылып, КСРО көпұлтты елдердің федерациялық бірлігіне айналды. 1924 жылы КСРО-ның Конституциясы бекітілді. 45 КСРО-дағы индустрияландыру саясаты. 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П-ның ХIV съезі елді индустрияланды- ру бағытын жариялады. Индустрияландыру өндіріс құрал- жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салуды қолға алуды та- лап етті. Кеңес үкіметі 1926—1928 жылдарда ескі зауыттар мен фабрикаларды жөндеуге және жаңа кәсіпорындарды салуға арналған қаржыны 3 есе көбейтті. Оның көбін жаңа әскери өндіріске жұмсады. Индустрияландыру бағыты бірінші және екінші бесжылдық жоспарлардың іске асы- рылуымен қабаттасып, ауыр индустрия кәсіпорындары- ның жаңа түрлерін салуға жоспарланған қаржының 84%-ы ғана игерілді. Қысқа мерзім ішінде машина жасау, қорғаныс өнер- кәсібі, сол кезеңге сай химия өндірісі жаңадан құрылды. Магнитка, Кузбасс, Днепр СЭС-і, Уралмаш, Хибин ком- бинаты, Мәскеу мен Горькийдегі автомобиль, авиация зауыттары, Түрксіб теміржолы мен Үлкен Ферғана ка- налы, Қарағанды көмір алабы, Ембі мұнай кәсіпшілігі, Қарсақпай мыс қорыту комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты іске қосылды. Индустрияландыру Қазақстанның тез дамуына игі әсерін тигізді. Алайда индустрияландыру қатаң тәртіппен жүргізілді. Шаруалар тоналды. Миллиондаған адамдар жазықсыз ай- далып, ірі құрылыстарда құлдар қатарында жапа шекті. 1929 жылы қала тұрғындарына азық-түлік тек арнайы талонмен таратылды. 1930 жылдардың соңында Кеңес Одағы өнеркәсіп өнімін шығару жөнінен Еуропада бірінші орынға және дүниежүзінде екінші орынға шығып, индустриялы-аграр- лы елге айналды. Жұмыссыздық жойылды, қалалар мен селолардың тұрмыс-тіршілік бейнесі өзгерді. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. БК(б)П-ның ХV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру міндетін алға қойды. 1920 жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан бағыт түбірінен өзгерді. Индустрияландыруға қажетті қаражат- қорды жинауды шаруалар қауымы есебінен жүргізу көзделді. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру науқаны басталды. Ол Сталиннің 1929 жылғы 7 қарашадағы “Прав- да” газетінде “Ұлы бетбұрыс” деп аталатын мақаласының 46 шығуымен басталды. 1928 жылы ұжымдастыру қарқынын тездету үшін МТС-тер ұйымдастырылды. Ресей аумағы бірнеше аймаққа бөлініп, әр аймақтардағы шаруалар- ды ұжымдастырудың мерзімі бекітілді. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Ұжымшар құру қағидаларын өрескел бұзу жаппай сипат алды. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылану көбейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын тудырды. Көптеген аймақтарда болған шаруа көтерілістері 700 мың адамды қамтыды. Жаппай ұжымдастыру кезеңінде жаңадан серпін ал- ған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі КСРО-ның бүкіл қоғамдық-саяси өміріне әсерін тигізіп, 1932—1933 жыл- дарда елді ашаршылыққа ұшыратты. Украинада, Едiл бойында, Қазақстанда сансыз адам қырылды. Қазақ ұлты 2,5 млн-нан астам адам шығынын шекті. МТС-тер құра- мында ұйымдастырылған бөлімшелер ауылдағы таптық жат элементтерді жойып, шаруаларды ұжымшарларға толық тарту жұмысын аяқтады. 1937 жылы шаруалардың 93%-ы ұжымшар қатарында болды. Елдің қоғамдық-саяси өмірі. Тоталитарлық жүйе және жекебасқа табыну. 1920 жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан әмір- шіл-әкімшіл басқару жүйесі өркениетті елдердің басқару құрылымынан өзгеше болды. Бұл жүйе адам бостандығын аяққа басу, оның құқығын елемеу, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан ажырату, оларды саясат пен мемлекетті басқарудан шеттету сияқты құбылыстармен ерекшеленді. КСРО-да И. В. Сталиннің жекебасына табыну белең алды. Партия органдары қоғам өмірінің барлық салаларына таза әкімшілік бұйрық арқылы араласып отырды. Партия мен кеңес органдары мемлекеттік аппаратта біріге бастады. 1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің Жалпыодақ- тық VI төтенше съезі жаңа Конституция қабылдап, Кеңес- тер Одағы жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп жарияланды. Одаққа 11 республика бірікті. Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында сая- си өмір мен мәдениеттің өрлеу және құлдырау көріністері 47 қатар байқалды. Мәдени революцияның табыстарымен қатар, қоғамның барлық салаларында қуғын-сүргін етек алып, көрнекті ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары жазықсыз жазаланды немесе елден қуылды. 1937—1938 жылдары елде жаппай қуғын-сүргін белең алды. Партия, үкімет басшылары бір кезде өздерін сына- ған партия және мемлекет қайраткерлеріне халық жауы деген кінә тағып, жазалауға бұйырды. Iле-шала бүкіл елде, республикаларда белгілі зиялыларға “ұлтшылдардың, байлардың, феодалдардың тұқымдары”, “герман-жапон тыңшылары” деген және т.б. айыптар тағылған қуғын- сүргін науқаны басталды. Қазақстанда Алашорда үкіметін қолдағандар ескіні жақтаушылар тобына жатқызылып, беделді ғалымдар, жазушылар, саяси қайраткерлер, тіпті қарапайым адам- дар жазықсыз жазаға ұшырады. Олардың саны 100 мың- нан асып түскен. Тоталитарлық жүйенің қылмыстарын іске асырған Iшкі істер Халық Комиссариаты (НКВД) және Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (КГБ) болды. 1930 жылы лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, кейін ол ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. Қазақстанда 1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі қалыптасты. “Қарлаг”, “Степлаг”, “Алжир” деген атпен белгілі болған лагерьлер осы ГУЛАГ жүйесінің бөлімшелері болып та- былды. 1934 жылы КСРО-да НКВД-ның еңбекпен түзету лагерьлері жүйесін басқаратын 56 бөлімшені біріктіре жұмыс істеді. Тұтқындар аса ауыр жағдайларда ұсталды. Кеңестік биліктің қуғын-сүргін саясаты 1937—1938 жыл- дары өзінің шарықтау шегіне жетті. 1917—1934 жылдары 32 саяси бюро мүшелері болған 32 адамның 75%-ы қуғынға ұшырады. Қызыл Армияның ең жоғары шенді қолбасшылары қатарынан 5 маршал, 3 армия генералы, 401 полковник жөнсіз кінәланып, жауапқа тартылды. ГУЛАГ термині НКВД түрмелері мен лагерьлерінің, жалпы тоталитарлық жүйенің тұтас бір синониміне айналды. 20—30-жылдары КСРО-ның сыртқы саясатында кере- ғарлық үрдістер байқалды. Бұл Германия мен Жапония елдеріне қатысты қарым-қатынастарда айқын көрінді. Бейбітшілікті қолдап, озбырлыққа және фашизмге қар- 48 сы күрес жүргізе отырып, КСРО 1921—1933 жылдар аралығында Германиямен жасырын келіссөздер жүргі- зіп келді. Ал 1939 жылы А. Гитлермен келісімшарт жа- састы. 1930 жылы Жапонияның МХР мойындағанына жауап ретінде Маньчжоу-Го үкіметін ресми түрде таны- ды. 1939 жылдың соңында Польша мен Финляндияға басқыншылық жасады. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Азамат соғысы қарсаңындағы Ресейдегі жағдайды сипаттаңдар. Аза­ мат соғысы және “әскери коммунизм” саясатының шығу себептерін атаңдар. 2. Жаңа экономикалық саясаттың мәні неде? 3. КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай мемлекеттер кірді? 4. Елді индустрияландырудың маңыздылығын әңгімелеңдер. КСРОдағы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру қажеттілігі неден туын­ дады? 5. Жекебасқа табыну және қуғын-сүргіннің болуы қандай жағдайға байланысты болды? 6. КСРО-дағы әміршіл-әкімшіл жүйе қалай дамыды және зардаптары қандай болды?

Тақырып 1.7. АҚШ және Латын Америка елдері.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ-қа тигізген әсері. АҚШ экономикасы мен американдық монополиялар Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қатты күшейіп, байи түсті. Өйткені бұл ел аумағының соғыс қимылдарынан шалғайда болуына байланысты жойқын қиратылудан аман қалған-ды. Әскери тапсырыстарды орындау арқылы Америка монополиялары ұшан-теңіз табысқа ие болды. АҚШ-тың өндірісі тез ұлғайды. 1920 жылы бұл елде дүниежүзінде өндірілетін таскөмірдің жартысына жуығы, шойын мен болаттың 35%-ы, мұнайдың 23%-ы, автомобильдердің 85%-ы шығарылып жатты. Бұрын АҚШ қарызданған елдер қатарында болса, енді қарыз беруші мемлекетке айналды. Еуропа елдері соғыстан АҚШ-қа көптеген мил- лиард долларға қарыздар болып шықты. 49 Экономикасы күшейген АҚШ халықаралық сахнада- ғы оқиғаларға белсене араласатын болды. 1918 жылғы 8 қаңтардағы конгреске ұсынған 14 баптан тұратын жолдауында президент Вудро Вильсон соғыстан ке- йінгі дүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағ- дарламасын жариялады. Бағдарлама баптары бейбіт шарттар жасасудың және Еуропа елдерінің демократиялық бағытпен дамуының негіздерін қалады. Алайда Париж конференциясының нәтижесі АҚШ-тың жетекші елге айналу позициясын толық қанағаттандырмады. АҚШ жоспарына қарсы тұрарлық күштері әлі де жеткілікті Ұлыбритания мен Франция Еуропа деңгейінде де, Ұлттар Лигасында да жетекшілік рөлін сақтап қалды. Сыртқы саясаттағы мұндай сәтсіздікті оппозициядағы республикалық партия жетекшілері пайдаланып, ендігі жерде Еуропа істеріне АҚШ-тың араласпауын, Еуропа елдерінің АҚШ-пен одақтаспауын қолдайтынын алға тарт- ты. Олардың оқшаулану саясатына орай, АҚШ конгресі Версаль шартын бекітпей тастады, оған қоса АҚШ Ұлттар Лигасының мүшелігінен бас тартты. Бірақ АҚШ ең күшті, ең бай мемлекет ретінде дүниежүзі елдерінің дамуына шешуші ықпал етумен болды. АҚШ ұсынған “Дауэс жос- пары”, “Юнг жоспары” Еуропа елдерін, әсіресе Германия- ны қалпына келтіруде үлкен үлес қосты. Қиыр Шығыста Жапониямен бақталас болған АҚШ Қытай мәселесіне көңіл бөліп, ондағы Гоминьдан тобына қолдау жасады. Латын Америкасы елдеріне байланысты саясат күшейе түсіп, Америка империализмінің үстемдігі ұлғайды. 1920 жылы сайлауда демократиялық партия жеңіліс тауып, билікке республикашылдар келді. Президент бо- лып Огайо штатының сенаторы Уоррен Гардинг, 1924 жы- лы ол қайтыс болған соң президент болып Массачусетс штатының губернаторлығынан вице-президенттікке көтерілген Калвин Кулидж сайланды. Жаңа үкімет “Аме- рика бизнеспен айналысады” деген ұранды алға тартты. 1922—1929 жылдардағы АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясаты. Басқа елдерге қарағанда Америка капитализмі тез жетілу үстінде болды. 1924 жылы өндіріс кәсіпорын- дары шығаратын өнім Ұлыбритания, Франция, Герма- ния, Жапония қосылып өндіретін өнімнен асып түсіп, 50 дүниежүзі капиталистері өндіретін өнімнің 44%-ына тең болды. Машина, ұшақ, электротехника, химия салалары маңызды орын алды. Америка монополиялары басқа да салаларда үстемдік жүргізді. 1929 жылы корпорациялар қолына елдегі өндірістің жартысынан көбі жинақталды, ал онда елдегі жұмысшылардың 90%-ы істеді және барлық өнеркәсіп өнімінің 92%-ы шығарылды. 1928 жылы сайлауда республикалық партия өкілі Гер- берт Гувер президент болып сайланып, ол Америка азамат- тарына керемет жақсы өмір орнайтындығы жөнінде уәде берді. Бірақ жағдай тез арада күрт өзгеріп, АҚШ бұрын- соңды болып көрмеген дағдарысқа ұшырады. Өзінің сыртқы саясатында АҚШ үкіметі оңашалану бағытын ұстанып, Еуропа мәселелерімен және сол ай- мақтардағы елдермен әскери-саяси одақтарға қосылмауға бел байлады. Әйтсе де, көптеген халықаралық мәселелер бойынша АҚШ-тың басымдылығы байқалды. 1929—1933 жылдардағы АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі. Экономикалық дағдарыстың күшті болғаны сонша, дағдарыс бүкіл экономиканы күйретіп, АҚШ-ты 1913 жылғы деңгейге шегіндіріп тас- тады. 1932 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1919 жылға қарағанда 50%-ға қысқарды. 13 млн адам жұмысынан айырылды. АҚШ-та бұл кезең ұлы дағдарыс жылдары деп аталды. Дағдарыс мемлекеттің бүкіл қаржы жүйесін қамтыды. 1933 жылдың наурыз айында акцияның жалпы құны 4,5 есе төмендеді. 4 жыл ішінде 5,5 мың банк жұмыстарын тоқтатты, бұл АҚШ-тың барлық банктерінің бестен бір бөлігі еді. Миллиондаған ұсақ салымшылар ақшаларынан айырылып, кедейленіп қалды. Әлеуметтік жағдай қатты ушықты. Жұмыссыздық бойынша сақтандыру жүйесі, әлеуметтік көмек ұйымдары дегендер мемлекетте атымен жоқ еді. Қатал дарашылдық идеологиясы бойынша әркім өз тағдырына өзі жауапты деген пікір алға тартылды. Адам тағдыры үшін мемле- кет тарапынан жауапкершілік болған жоқ. Мемлекеттің әлеуметтік көмегі американизмнің негізін бұзады деп есептелінді. Дағдарыс пен оның бүкіләлемдік ауқымы төтенше, көлемді шаралар қабылдауды талап етті. Мемлекетте 51 қайыршылық халге жеткен бұқара халық қана емес, саяси жүйенің құлауынан қауіптенген ірі америкалық бизнес те бір шара қолдануды талап ете бастады. 1932 жылғы сайлау науқаны осындай жағдайда бас- талды. Президент Ф. Рузвельттің “Жаңа бағыты”. 1932 жылғы қарашадағы президент сайлауында Герберт Гуверге демократиялық партияның өкілі Франклин Делано Руз- вельт (1932—1945 жж.) бәсекелес болды. Рузвельт сайлау науқаны барысындағы бір сөзінде: “Мен америкалықтарға жаңа бағыт беремін” дегенді айт- ты. Осы жаңа бағыт деген сөз ұранға айналды. 1933 жыл- дың наурыз-маусым айларында алғашқы жүз күн деп аталатын кезеңде жаңа президент конгрестің өзі ұсынған біртұтас заңдар пакетін қабылдауына қол жеткізді. Наурыз айында конгрестің бірінші сессиясы өз жұ- мысын бастады. Үш ай бойы конгресс көптеген заңдар қабылдады. Олардың мәні Америка үшін, капиталистік әлем үшін экономиканы мемлекеттік реттеуден көрініс тапты. Барлық шаралар төтенше, ерекше сипатта болды. “Жаңа бағыттың” теориялық базасына Джон М. Кейнс- тің экономикалық ілімі алынды. Бұл ілім бойынша, өндірістің бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың мемлекет тарапынан белсенді реттелуі қажет. Ф. Рузвельттің “Жаңа бағытының” негізгі мін- деті — мемлекеттің өнім өндіру үрдісіне тікелей араласуы- мен елді дағдарыстан шығару болатын. Жаңа әкімшілік жұмысшылар мен фермерлердің әлеуметтік-саяси құқық- тарын ұлғайтуға кірісті. Ф. Рузвельттің “Жаңа бағыты” арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу АҚШ өмірінің тұрақты факторына айналды. Президенттің алғашқы шаралары — банктер жүйесі мен жұмыссыздарға көмек ұйымын тәртіпке келтіру, штат- тық, федералдық ауқымда көмек көрсететін мемлекеттік ұйымдар құру болды. Осы мақсат үшін Төтенше федерал- дық ұйым құрылды, көмек сұраушыларға 500 млн дол- лар бөлінді. Кейде күш қолданатын шаралар енгізу де ұсынылды. Соған орай “Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы” Заң (ҰӨҚК) өмірге келді. Заң үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім әділ бәсеке кодекстерін енгізуді қарастырды. Әртүрлі өндіріс салаларының кәсіпкерлері 52 жиылып, оларды теңестіретін өнім өндіру шартын қа- растырды. Бұл бәсекені күштеп шектеу болатын. Мұндай кодекстер АҚШ өнеркәсібінің 95%-ын қам- тыды. Өндіріс көлемі мен тұтыну нарығының арасалмағы өнеркәсіп дағдарысынан шығудың басты тірегі болды. “Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру” Заңының екінші бөлімі кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы қатынасты реттеді. Заңның бір бабы кәсіподақты мо- йындауды, жұмысшылардың келіссөз жүргізу құқығын, кәсіпкерлерге жалдану және еңбек шарттары туралы ұжымдық келісімге тұруды қарастырды. Бұл АҚШ-та өндірістік кәсіподақ құруға үлкен күш берді. 1935 жылы ҰӨҚК заңының баптары негізінде еңбек қатынастары туралы акт қабылданды. Ол ұжымдық келіссөз тәжірибесінің қағидаларын АҚШ-тың ұлттық саясаты ретінде мойындады. Сондай-ақ жұмысшылар мен кәсіпкерлер мүдделерін реттеу тетігі болып табылды. Дағдарысқа қарсы шаралардың үшінші бөлімі қоғам- дық жұмысқа және мемлекеттік өнеркәсіп, әскери және басқа обьектілер құрылысына ірі қаржы қарастырды. Келесі маңызды заң актісі ауыл шаруашылығын рет- ке келтіру заңы болды. Ол заң фермер қожалықтарына материалдық көмек беруді, ферма өнімдерін сатып алуды, сөйтіп ауылшаруашылық өнімі мен өнеркәсіп өнімдерінің баға айырмашылығын кемітуді ойластырды. 1936 жылғы президент сайлауы науқанында Руз- вельтке жергілікті қуатты күштер қарсы шықты. Олар мемлекеттік реттеуден ығыры шыққан ірі бизнесмендер, көптеген газеттер, республикалық партия жағындағылар және Одақтық Лигаға біріккен басқа да оңшыл саяси топ- тар болды. Дегенмен Ф. Рузвельтке халықтық майданнан құралған көпшілік сайлаушылар қолдау көрсетті. Осы кезде АҚШ-та екіпартиялық жүйе біраз жаңа- ланды. Саяси өмірде бұқара халықты өзіне тарту әр пар- тияның аса маңызды мақсатының бірі ретінде қаралды. Мемлекеттің беделі өсіп, мәртебесі биіктеді. “Жаңа бағыттың” әлеуметтік реформалары. 1930 жыл- дары бірқатар маңызды әлеуметтік реформалар қа- былданды: еңбек қатынастары туралы заң, әлеуметтік қорғау туралы заң, жалдау шарттарының әділеттілігі ту- 53 ралы заң. Бұлар балалар еңбегіне тыйым салатын, еңбекке аз төлемақы төлеуге, жұмысшылар мен қызметшілер үшін жұмыс аптасын барынша ұзартуға тыйым салатын заңдар болды. 1938 жылғы дағдарыс үкіметті жаңа мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық жұмыс үшін бірнеше милли- ард доллар бөлуге мәжбүр етті. Ауыл шаруашылығын көтерудің маңызды шарасы өнім беретін жерді қай- та қалпына келтіру бағдарламасы болды. Бұл әсіресе 1930 жылғы құрғақшылық пен шаңды бораннан кейін ерекше қолға алынды. АҚШ-та жұмыссыздық бойынша сақтандырумен бірге, зейнетақымен қамтамасыз ету ту- ралы заң қабылданды. АҚШ-тың дүниежүзілік рөлі. Панамериканизм және оқшаулану саясаты. АҚШ-тың сыртқы саясатына 1929—1933 жылдары болған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс қатты әсер етті. Жағдай АҚШ-ты экономикалық және саяси оқшаулануға итермеледі. Бұл 1935 жылғы бейтараптық туралы заңнан басталды. Ол заң бойын- ша, еуропалық саяси одақтарға қатыспау және соғысып жатқан мемлекеттерге экономикалық немесе әскери көмек көрсетпеу белгіленді. Сондықтан АҚШ-тың сыртқы саяса- ты оқшау сипатта болды. АҚШ-тың сыртқы саясаттағы өзекті бағыты Ла- тын Америкасына бағытталды. Рузвельт континент мемлекеттерімен қарым-қатынаста бетбұрыс жасады. “Iзгі көрші” аталатын жаңа саясаттың бұрынғы бағыттан айырмашылығы Латын Америкасы мемлекеттерінің ішкі ісіне араласпау қағидасы бойынша және өзара келісім негізінде сауда жасау, техникалық көмек беру негізінде құрылды. Бұл саясаттағы жаңа бағыт АҚШ-тың американдық жүйедегі басқарушылық жағдайын бекіте түсті.

Латын Америкасы елдерiнiѓ ћоѕамдыћ дамуыныѓ ерекше- лiктерi. XX ѕасырда бiрте-бiрте ;ндiрiстi жетiлдiру мен ѕылыми- техникалыћ дамудыѓ жетiстiктерi ене бастады. Экономикалыћ ;згешелiктер бџл елдердiѓ саяси баѕыттаѕы ерекшелiктерiн айћын- дады. Саяси тџраћсыздыћ орын алды. Бразилия, Мексика, Аргентина сыртћы саясатта белсендiлiк к;рсе- туiмен ерекшелендi. 1910—1917 жылдардаѕы Мексика революциясы. 1910 жылы 20 ћараша кљнi елде басталѕан буржуазиялыћ-демократиялыћ рево- люция, 1917 жылы ;з халћына ћарсы саясат жљргiзген П.Диас режiмiн ћџлатып, аћпанда сол уаћыттыѓ еѓ демократиялыћ Конституциясын ћабылдаумен жќне буржуазиялыћ-демократиялыћ ћџрылыс орнату- мен аяћталды. Мексика революциясы антифеодалдыћ, демократиялыћ, 48 Оѓтљстiк Америка елдерi антиимпериалистiк сипатта болды. Оѕан Мексика џлтыныѓ ќртљрлi топтары мен жiктерi ћатысты, атап айтћанда, шаруалар, пролетариат, зиялылар, џлттыћ буржуазия. Революция халыћ арасынан Эмилиано 9 Самата, Франциско Вилоя жќне т.б. жаѓа к;семдердi, џлттыћ ба- тырларды шыѕарды. Бџл революция Мексиканыѓ бџдан кейiнгi бљкiл тарихына зор ыћпал еттi. Революция капиталистiк даму жолында кедергi болѕан капитализмге дейiнгi укладты шеттетiп, џлттыћ капи- тализмнiѓ дамуына љлкен серпiлiс бердi. Л.Карденастыѓ (1934—1940 жж.) президенттiк кезеѓi Мексика мемлекетiнiѓ экономикалыћ жќне саяси тќуелсiздiгiне толыћ жетудегi аса маѓызды жылдар болды. Оныѓ љкiметi, еѓбекшiлердiѓ мљддесiне сай, елдiѓ џлттыћ егемендiгiн ныѕайтатын, шетел капиталын барынша шектейтiн бiрћатар аса маѓызды ќлеуметтiк-экономикалыћ жќне саяси реформалар жљргiздi. Темiржол, шетел мџнай компанияларыныѓ меншiгi мемлекеттiѓ меншiгiне айналды, аграрлыћ реформа жљргiзiлiп, шаруаларѕа 18 млн га жер таратылып берiлдi. 1933—1934 жылдардаѕы Куба революциясы. 1925—1933 жыл- дары Кубаны — президент Х.Мачадо биледi. 1929—1933 жылдарѕы даѕдарыс Куба экономикасына ауыр соћћы болып тиiп, жаппай жџмыс- сыздыћ к;бейдi, тауар баѕасы љздiксiз ;стi, халыћтыѓ ;мiр деѓгейi тез т;мендедi. Мачадо диктатурасына ћарсы ћалыѓ жџрт к;терiлдi. Жџмысшылар, шаруалар, студенттердiѓ џсаћ жќне орта буржуа- зиялыћ диктаторѕа ћарсы кљресi 1933 жылдыѓ жазында шарыћтау шегiне жетiп, Мачадоныѓ диктатурасы ћџлады. Жаѓа буржуазиялыћ- либералдыћ љкiмет экономикалыћ, ќлеуметтiк-саяси мiндеттердi ше- шуге мљдделiк танытпаѕан соѓ, халыћ кљрестi жалѕастыра бередi. Ќскер халыћ жаѕына шыѕып, астананыѓ маѓызды жерлерiн басып алды. 1933 жылы халыћтыѓ мљддесiне сай саясат жљргiзбекшi болѕан Уаћытша революциялыћ љкiмет ћџрылды. Оны Р.Грау Сан-Мартин басћарды. Оныѓ љкiметi шетел компанияларына берiлетiн жеѓiлдiк- тердi ћысћартып, азаматтыћ еркiндiк ћалпына келтiрiлдi, 44 саѕаттыћ жџмыс аптасы енгiзiлдi, жалаћы жоѕарылатылды, џжымдыћ келiсiм- шарттар жасалды. 1934 жылдыѓ ћаѓтарында ќскери т;ѓкерiстiѓ нќтижесiнде революция тоћтатылды, Грау Сан-Мартин љкiметi ћџлап, демократиялыћ еркiндiктер ћалпына келтiрiлiп, барлыћ партиялар ашыћ жџмыс iстейтiн болды. Оппозициядаѕы партиялар Ћџрылтай жиналысын шаћыруды жќне жаѓа Конституцияны ћабылдауды талап еттi. Соныѓ негiзiнде 1940 жылдыѓ шiлде айында Конституция ћабылданды. Бџл ел љшiн аса маѓызды оћиѕа болды.

Сұрақтар мен тапсырмалар 1. АҚШ экономикасының тұрақтануына қандай жағдайлар себеп болды? 2. Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзі­ лік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды? 3. Г. Гувер мен Ф. Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қан­ дай шараларды жүзеге асыруды ұсынды? 4. Ф. Рузвельттің “Жаңа бағыт” саясатының мәні неде? 5. Отар мен доминион арасында қандай айырмашылық бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет