Күні: 26.01.2023 Тақырып: «Қозғалыс жол жолағы. Басып озу.»
Басып озуды бастамас бұрын жүргізуші:
жүргізуші шығуды көздеген қозғалыс жол жолағын басып озу үшін жеткілікті аралықта бос екендігін жəне осы маневрмен ол қарама-қарсы жəне осы жол жолағында артта қозғалып келе жатқан, оның ішінде Ереженің 19.11 жəне 19.12-тармақтарына сəйкес ескерту белгілерін беруші көлік құралдарына кедергі келтірмейтініне;
осы жолақта артта келе жатқан көлік құралының басып озуды бастамағанына (11.1-сурет);
осы жол жолағы бойымен алда кетіп бара жатқан көлік құралы жүргізушісінің солға маневр жасау туралы белгі бермегеніне;
қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейін, ол басып озған көлік құралына кедергі тудырмай, бұрын жүріп келе жатқан жол жолағына келе алатынына көз жеткізуге міндетті.
Рельссіз көлік құралын сол жағынан басып озуға рұқсат етіледі. Алайда жүргізушісі солға бұрылуға белгі берген жəне маневрді орындауға кіріскен көлік құралын оң жағынан басып озады.
Қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейін, жүргізуші бұрын жүріп келе жатқан қозғалыс жол жолағына қайтып оралуға міндетті.
Басып озатын көлік құралының жүргізушісіне қозғалыс жылдамдығын көтерумен немесе өзге де əрекеттермен басып озуға кедергі жасауға тыйым салынады.
Мынандай жағдайларда:
реттелетін жол қиылыстарында қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен, сондай-ақ реттелмейтін қиылыстарда жол жолағына шығумен, сондай-ақ реттелмейтін қиылыстарда басты жолмен қозғалыс кезінде, бағытын өгертетін (рұқсат етілген оң жақтан басып озуды қоспағанда) жəне басты жол болып табылмайтын жол бойында (қиылыстарда шеңбер жасай басып озу қозғалыстарымен, бүйір тіркемесі жоқ екі дөңгелекті көлік құралдарын басып озуды жəне рұқсат етілген оң жақты басып озуды қоспағанда) қозғалу кезінде;
жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілер болған кезде;
теміржол өтпелерінде жəне оның алдында 100 м. жақын жерде;
басып озып немесе айналып өтіп келе жатқан көлік құралын;
өрге көтерілу соңында жəне кері шектелетін жол учаскелерінде қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен басып озуға тыйым салынады (11.2-11.5 суреттер).
Жай қозғалатын немесе көлемді көлік құралының жүргізушісі елді мекеннен тыс жерлерде оның көлік құралын басып озу қиындаған жағдайда мүмкіндігінше оңға ығыса жүруге, ал қажет болған жағдайда артта жиналып қалған көлік құралдарын өткізіп жіберу үшін аялдауға міндетті (11.6-сурет).
Егер алда кездескен жол айырығы қиындатылған жəне жол айырығының басымдылығы 2.6 жəне 2.7 белгілерімен айқындалмаған болса, онда кедергі бар жақтағы жүргізуші жол беруге тиіс (11.7- сурет). 1.13 жəне 1.14 белгілерімен белгіленген еңісте кедергі болған жағдайда, төмен қозғалып келе жатқан көлік құралының жүргізушісі жол беруге міндетті (11.8-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |