Тақырып: компьютерлік графика негіздері жоспар



бет6/30
Дата08.09.2017
өлшемі4 Mb.
#30454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

7. Материал

Обьектінің материал қасиеттері келесі процедура көмегімен анықталады.glMaterial{i f}[v](GLenum face, GLenum pname, TYPE param).

Мұндағы face параметрі қасиет қай бет үшін берілетіні анықтайды және келесі мәндердің біреуін GL_BACK, GL_FRONT_AND_BACK, GL_FRONT қабылдайды.

Pname параметрі материалдың қай қасиеті берілетінін анықтайды. Қасиеттінің сипаттамасы: glMaterial{i f}[v] процедурасын қолданғанда Pname параметрі келесі мәндерді қабылдай алады:

GL_AMBIENT – түсті анықтайтын 4 мән. Үнсіз келісім бойынша (0.2, 0.2, 0.2, 1.0).

GL_DIFFUSE – шашыраңқы және диффузиялық бейнелеудегі түсті анықтайтын 4 мән (0.2, 0.8, 0.8, 1.0).

GL_SPECULAR – бейнелеудің түсі. Үнсіз келісім бойынша мәні (0.0, 0.0, 0.0, 1.0) болады.

GL_EMISSION – обьект шығаратын түс. Үнсіз келісім бойынша (0.0, 0.0, 0.0, 1.0) .

GL_SHININESS – айналық бейнелеудің дәрежесін анықтайтын бір бүтін нақты мән.

GL_COLORINDE – шашыраңқы диффузиялық және айналық бейнеленулердің индекстерін анықтауға мүмкіндік беретін үш бүтін немесе нақты сан.

glMaterial{i f} командасы үшін pname параметрі GLSHININESS қабылдай алады.


8. Текстура

Текстураны қолдану, бейнені көпбұрышқа орналастырып осы көпбұрышты түрлендіруге мүмкіндік береді. Бір және екі өлшемді текстураларды қолдайды. Текстураны қолданудың әртүрлі тәсілдерін ұсынады.

Текстураны қолдану алдында

glEnable(GL_TEXTURE1D)

glEnable(GL_TEXTURE_2D) командасымен беріледі.

Екі өлшемді процедура қолданылады.

glTexlmage2D(GLenum target, GLint level, GLint component,

GLsizei width, GLsizei height, GLint border, GLenum format,

GLenum type, const GLvoid *pixels).

target параметрі болашақта қолдану үшін арналған. OpenGL ағымдағы версиясында GL_TEXTURE_2D болады.


Тақырып. CorelDraw редакторымен танысу.

Қолданушы интерфейсі

Windows стандартына сәйкес тақырыпта жолының астында меню жолы орналасады. Оның астында стандартты саймандар панелі (toolbar) орналасады. Оның астында (Property bar) атрибуттар панелі орналасады. Терезенің сол жағында саймандар панелі (tollbox), он жағында түстер палитрасы (Color palette), төменгі жағында қалып-күй жолы (Status Bar) орналасады ( жоғары жағында орналасуы да мүмкін).

Қалып-күй жолын баптау. Экранда қалып-күй жолын әдістің біреуімен баптауға болады:

  1. Тышқанның көмегімен

  2. Қалып-күй жолында тышқанның он жақ батырмасын шертіп, Customize > Status Bar > Position > Top (Bottom) командасы көмегімен

Қалып-күй жолының енін өзгерту үшін Customize > Status Bar > Size > One line (Two lines) командасын ың керектісін орындау қажет. One line – ені бір жол, ал Two lines – ені екі жол.

  1. Options cұхбат терезесінде Workspase > Customization > Command Bar бетінде Status Bar Property параметрлер тобында керекті түрін таңдау керек.

Қалып-күй жолын алып тастау үшін: келесі әрекеттердің біреуін орындау керек (сәйкесінше қалып-күй жолын экранға шығару үшін).

  1. Жұмыс аймағының контекстік менюінің View > Status Bar жолының қасына туды орнату немесе алып тастау.

  2. Options cұхбат терезесінде Workspase > Customization > Command Bars бетінде сәйкес туды алып тастау.

Қалып-күй жолының элементтерін көрсету/жою үшін Workspase > Customization > Commands бетінің жоғарғы бөліктегі тізімінен Status Bar жолын таңдаймыз. Қалып-күй жолына жаңа өріс қосу үшін оны сұхбат терезесінен Қалып-күй жолына алып қоямыз. Қалып-күй жолынан өрісті жою үшін оны сұхбат терезесіне кері апарып қоямыз немесе қалып-күй жолының контекстік менюынан Customize > Status Item > Delete командасын орындаймыз.

Қалып-күй жолында көрсетілетін ақпараттар:



  1. Mouse Position –тышқан көрсеткішінің ағымдағы координаталары.

  2. Info line – қолданушы орындаған әрекеттерге сәйкес орындауға мүмкін болатын түрлендірулер туралы түсініктеме.

  3. Object Detales – ерекшеленген объект туралы толық ақпарат.

  4. Object Information – ерекшеленген объект туралы жалпы ақпарат.

  5. Time – ағымдағы уақыт.

  6. Date – ағымдағы мерзім және аптаның күні.

  7. Outline – объект контурының түрі, түсі және қалыңдығы.

  8. Fill – құюдың түрі.

  9. CAPS, NUM және SCRООL – индикаторларын өшіру немесе қосу.

  10. Memory Allocated – қосымша қолданылған жадтың көлемі.

  11. Swap Remaining CorelDraw – қа қажет болып қалатын жадтың көлемі.

  12. SnapStatus – ағымдағы байланыс түрінің атауы.

Сызғыштар. Сызғыштарды көрсету және алып тастау үшін View > Rules командасын немесе жұмыс аймағының контекстік менюнан View > Rules командасын орындау керек.Үнсіз келісім бойынша координатаның басы CorelDraw терезесінің төменгі сол жақ бұрышында болады. Координаттар басының орнын өзгерту үшін сызықтардың қиылысуында орналасқан батырманы шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей керекті жерге апару керек. Сызықтардың орның өзгерту үшін Shift клавишасымен қоса сызғыштарды жаңа орынға орналастыру керек.

Үнсіз келісім бойынша өлшеу дюймде жүргізіледі. Өлшеу бірлігін өзгерту үшін Esc пернесін шертіп, қасиеттер панеліндегі Drawing Units тізімінде керекті өлшем бірлігін таңдау керек.



CorelDraw –ның менюін баптау. Менюді баптау Options cұхбат терезесінде жүргізіледі. Options cұхбат терезесін экранға шығару үшін келесі әрекеттердің біреуін орындау керек:

  • Tools > Options командасын

  • Ctrl + I пернелер комбинациясын шерту

  • Property Bar панеліндегі Options батырмасын шерту

Docker – терезелері. Docker терезелер жұмыс істеу кезіңде объектінің параметрлерің динамикалық өзгертуге арналған. Сұхбат терезелеріне қарағанда Docker терезелері модальді емес яғни олар ашық тұрып қолданушыға кез келген әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Docker терезені экранға шығару үшін келесі әрекеттерді біреуін орындау керек.

  1. Window > Docker

  2. Тағайындалған сәйкес перненің көмегімен

  3. Жиі қолданылатын Docker терезесі меню командасымен шығарылады. Docker терезелер экранның соңғы рет орналасқан орнында тұрады.

Жиі қолданылатын терезелер: Transformation, Scrapbook

Негізгі әдебиет:[ 5, 7]

Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]
Тақырып. Макет құру

Макет құру – бұл дизайнердің ойын жүзеге асыру үшін беттің және макет элементтерінің (мәтіннің, растрлік және векторлық бейнелердің) орналасу параметрлерін баптау. Жаңа құжат құрғанда CorelDraw автоматты түрде А4 (210х297 мм) форматын орнатады. Форматты өзгерту керек болса, ашылатын форматтар тізімінен керекті форматты таңдау керек немесе қасиеттер палитрасында тиісті өріске қажетті көлемді орнату керек. Беттің макетің толық баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document > Page бетін ашамыз. Бұл бетте 4 пункт бар:



  1. Size (көлем) – бұл пункте беттің параметрін баптауға болады. Алдын ала көру терезесінде енгізілген өзгертулерді байқауға болады.

  2. Logout (макет) – бұл пункте ашылатын Logout тізім көмегімен 6 шаблонның біреуін таңдауға болады :

    • Full Page (толық бет)

    • Book (кітап)

    • Book Let (буклет)

    • Tent Card (Открытка)

    • Side Fold (карточка с боковым сгибом)

    • Top Fold Card (карточка с верхним сгибом)

Макеттің өзгеруі алдын ала көру терезесінде бейнеленеді. Facing Page (айналық беттер) туын екі жақты басылым үшін қолданады.

Start on тізімі (начать с ...) бірінші беттің номері жұп немесе тақ болатынын анықтайды.

3. Label (наклейки) компакт дискімен бірге болатын 800 – ден астам стандартты наклейкалар пакетінен наклейканы таңдауға мүмкіндік береді. Егер де керекті нұсқа жоқ болса, Customize Label бөлуді баптау батырмасына шертіп, ашылған сұхбат терезесінде бөлу параметрлерін болады.

4. Background (фон) – бұл пункт беттің фонын таңдауға мүмкіндік береді. Ауыстырғыштар көмегімен 3 нұсқаны таңдауға болады.

  • No Background (фон жоқ)

  • Solid (бір түсті фон)

  • Bitmap (растрлік форматтағы бейне).

Print and Export Background туы фонды экспорттауға және қағазға шығаруға мүмкіндік береді. Егер ту орналатылмаса, онда фон экранда көрінеді де, қағазға басылмайды және экспорттағанда сақталмайды.

Object Manager (объектілер диспетчері) терезесін қолдану. Күрделі құжаттармен жұмыс істегенде объектілер арасында ыңғайлы түрде ауысу үшін Object Manager терезесі қолданылады. Бұл терезеде иерархия түрінде құжаттағы бар барлық беттер, қабаттар және объектілер орналасады. Бұл терезе көмегімен қабаттағы объектілердің орналасуын өзгертуге болады. Объектілерді ерекшелеуге, топтастыруға, көшірмесін алуға және де контурдың түсін өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл терезені ашу үшін Window > Docker > Object Manager командасын орындау керек. Object Manager терезесінде ерекшеленген объект жұмыс аймағында да ерекшеленеді. Үнсіз келісім бойынша әрбір қабат (Laуer) реттік номер жазуымен белгіленеді. Қолданушы қабаттың атауын өзгерте алады. Ол үшін қабаттың атауының үстінен екі рет шерту керек.

Қабаттың атауының сол жағындағы көздің белгішесі осы қабаттағы орналасқан объектілерді көрінбеуіне әсер етеді. Принтер белгішесі осы қабатта орналасқан объектілерді қағазға басуға рұхсат етеді немесе тыйым салады. Қарындаш белгісі осы қабатта орналасқан объектілерді өңдеуге рұхсат етеді немесе тыйым салады. Терезеде құжат туралы қандай ақпарат көрсетілетінің анықтау үшін және құжатты өңдеу үшін келесі басқару элементтері қолданылады.



Show Object Property (объектінің қасиетің көрсету) - объектінің атауының қасында объект туралы ақпарат жазылады (контурдың түсі және қалыңдығы, құюдың түсі).

Edit Across Layer қабаттар арасында өңдеу, терезеде қай қабат ерекшеленгеніне байланыссыз кез – келген қабаттағы объектіні өңдеуге мүмкіндік береді.

Layer Manager View (түрлер диспетчері) – бұл режимді қолданғанда терезеде тек қабаттар ғана көрсетіледі.

New Layer - жаңа бос қабат құрады

New Master Layer - бұл жаңа шаблон бет құрайды.

Delete – ерекшеленген қабат, объект немесе объектілер тобын жояды.

Объектіні бір қабаттан екінші қабатқа ауыстыру немесе көшірмесін алу үшін терезе менюінің Move to Layer немесе Copy to Layer командаларын орындауға болады.



Объектілерді туралау және бекіту. Snap to Grid кнопкасы бойынша объектілерді тор бойынша туралау режимі іске қосылады. Тордың параметрлерін баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document Grid терезесінде баптауға болады. Freguency (жиілік, частота) – көлденеңінен және тігінен өлшем бірлігіне келетін тор сызықтарының жиілігін орнатады. Spacing (арақашықтық) – тордың қадамы. Show Grid (торды көрсету) – торды көрсету немесе алып тастау. Snap to Grid (торды бекіту) – торды сызықтарға бекіту. Show Grid as Lines ( тор сызықтарын пунктермен көрсету). Show Grid Dots (тор сызықтарын нүктемен көрсету)

Жоғары сапалы құжат құру үшін, жұмысты тез және жоғары деңгейде жүргізу үшін белгілі ережелерді сақтау керек. Күрделі құжаттардың макетін құру үшін келесі кеңестерді орындаған жөн.



  1. Құжатты жоспарлау – яғни, бейне қай мақсатпен құрылады және соңғы нәтиже қандай болады екенін анықтау.

  2. Эскиз құру – жұмыстың алдында қағазға графиканың және мәтін элементтерінің орналасуын көрсетіп алу.

  3. Шаблон дауындау – бұл объектілерді туралауды жеңілдету.

  4. Құжатты құру.

  5. Алдын ала қағазға шығарып, нәтижені көру.

  6. Құжатты қағазға немесе плёнкаға шығару.


Тақырып. Объектінің формасын өзгерту. Контурды және құюды өңдеу

CorelDraw –да әрбір объектің екі негізгі атрибуты бар: Outline (контур), Fill (құю). Контур немесе абрис деп объектінің формасын анықтайтын сызықты атайды. Құю контурмен шектелген аймақтын түстік параметрлерін анықтайды. Құю тек тұйық объектілерде болады.

Контурдың параметрлерін баптау -Outline Pen батырмасы көмегімен ашылатын Outline Pen сұхбат терезесінде жүргізіледі.



Контурдың параметрлері:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет