Тақырып: Көркем шығармаларды талдау түрлері Жоспар: Прозалық және сюжетті шығармаларды талдау


Экспозиция – көркем шығармада оқиға дамып-өрістейтін орынды, ортаны, ол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру



бет2/8
Дата12.09.2020
өлшемі27,79 Kb.
#78181
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОП Әдебиет 04.09.2020

Экспозиция – көркем шығармада оқиға дамып-өрістейтін орынды, ортаны, ол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру. Экспозиция негізгі оқиға желісінің шиеленісіне тікелей байланысты болмай, соған кіріспе эпизод ретінде өз алдына оқшаулау тұрады. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» шығармасында оқиға ақ бас, соқыр қарт Әйтілестің: «Оқыңдар шулап!» деп қойып, іркіт сабасындай іркілдеген молда мен саудагер Рамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтатын әңгімесінен басталады. Мұны шығарманың экспозициясы (дайындығы) дейді.

Пролог – көркем шығарманың оқиға мазмұны мен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарманың идеясын дұрыс түсіндіру, мәнін ашу мақсатында қолданылады. Прологтың кіріспеден айырмашылығы онда сюжеттік құрылым, көркемдік нақыш басым болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет