Тақырып: Логопедияның ғылыми негіздері



бет3/3
Дата02.07.2023
өлшемі24,29 Kb.
#179283
1   2   3
Байланысты:
Логопедияның ғылыми негізждері

Ашық ринолалия ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады. Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір шеті ашық қалса, онда ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстың үні жаңғырып естілетін болады. Бұндай жағдайда әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуезі өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде и мен у дыбысының үн әуездері көбірек өзгереді, өйткенібұл дыбыстардың артикуляциясындаауыз жолы басқаларына қарағанда көбірек тарылады. Е мен о дыбыстарын айтқанда үн әуездері білінер білінбес қана естіледі. Ал а дыбысының мұрыннан естілуі тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады. Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуездерінің бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық (свистящих) және ызық (шипящих) дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі ф, в, х. Сол сияқты ерін тіс п, б, д, т, к, қ, г, р және үнді л, р дыбыстарын айтқан кезде де үн әеуздері ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды. Ашық ринолалияда ұзақ созып айтқанда шығатын ауа ағымының әлсіздігі сондай, тіпті р дыбысын шығаруға тіл ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді. Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі мүмкін. Органикалық ашық ринолалия іштен туа біткен түрлеріне жұмсақ қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы соққының залалынан пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады. Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалды ашық ринолалия талма ауруы (истерия) ұстаған кезде өздігінен болатын ақау сияқты, ал кейде еліктеу сияқты болып көрінеді. Функционалды ашық ринолалияның бір түрі тамақ көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады. Ашық ринолалияның функционалды түрін тексергенде жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалмайды. Функционалды ашық ринолалияның белгісі, бұлда әдеттегісінше сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады, ал бұл уақытта тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды. Функционалды ашық ринолалия болжауы органикалыққа қарағанда едәуір қолайлы. Фониатриялық жаттығудан кейін мұрын жолды әуез жойылады, ал дыбыстардың айтылуынан бұзылуын дислалия келістіктеріне бұрын қолданылған тәсілдерді пайдаланып жояды. Ринолалиядағы таңдай мен еріннің іштен жырық болып туудың себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып саналады (хирургиялық, стоматология, ортодантия, отоларингология мед генетика және т.б). Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және істен дамыған ауыр кесел. Осы кеселдің салдарынан баланың дамуы барысында қатты функционалдық бұзылу пайда болады. Ерін мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреуінін жырылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылған бала сору қабілетінен мүлде айрылады. Баланы тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға шалдыққыш келеді. Жырық балалардың көпшілігі жоғарғы тыныс жолының қабынуы бронхитқа, қан азаю, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады. Бұндай балалардың лор мүшелерінде мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ көмей бездерінің өзгеруі сияқты патологиялық өзгерістер байқалады. Бұл балаларда мұрындарының ісіп қызаруға жиі болып тұрады. Ісіп қызару барысы мұрынның шырышты қабығына жұтқыншақтың Евстахиев түтігіне ауысып және орта құлақтың қабынуын қоздыруы да мүмкін. Жиі ісулердің созылмалы ауруға айналуы есту қабілетінің нашарлауына себепші болады. Есту қабілетінің төмендегі әр түрлі дәрежедегі жырық таңдай балалардың шамамен 60-70% сөйлеу тілін түсінуге аса қиындық туғызбайтын, шала еститіндермен айтарлықтай мүкістігі болар. Ерін мен таңдай құрылысының анатомиялық ауытқуы үстінгі жақ сүйектің дұрыс дамуына және қиқы-сиқы орналасқан тістердің дұрыс тістенбеуімен тығыз байланысты. Ерін мен таңдайдың құрылысының ақаулығынан пайда болған толып жатқан функционалды бұзылулар дәрігерлердің үнемі бақылап отыруын талап етеді. Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатрдың міндетіне жүктеледі. Ол нәрестенің күнделікті тамақтандыру ережесін, сақтандыру және емдеу шараларын жетекшілік етеді, қажет болған жағдайда қатынап немесе жатып емдеуге кеңес береді. Үстінгі ерінді хирургиялық емдеу жолымен қалпына келтіруді нәрестенің дүниеге алғашқы келген күндерінде перзентханада жасалады. Таңдайдың жарығына стоматолог-ортодент әр түрлі аспаптарды, соның ішінде хирургиялық емдеуге дейін тамақтануын жеңілдететін және сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасайтын абтураторды қолданады. Отоларинголог құлақтың мұрын жолының, мұрын жұтқыншақтың және көмейдің ауруларын анықтайды. Өзгерістерін емдеп алдағы болатын хирургиялық емдеу жұмысына дамылдайды. Ой өрісі дамуында ауытқуы бар және жүйке ауруы айқын білініп тұрған балаларға невропатолог кеңес береді. Таңдайдың жарығын қалпына келтіру үшін хирургиялық емдеуді көп жағдайларда мектеп жасына дейінгі балаға жасайды. Таңдайының жарығы бар балалар психикасының дамуының жағдайына байланысты психикасы дұрыс дамыған болса, ой өрісінің дамуы кемеуілдеген болса, ақыл ойы кем бала болып 3 түрге бөлінеді. Неврологиялық тексерудің көрсеткені не қарағанда бас миының зақымдалған белгісі әдеттегінше байқалмайды. Кейбір балаларда жекелеген неврологиялық болжаушы белгілері бар. Нерв жүйесінің функционалды бұзылуы балаларда едәуір жиі кездеседі, кейде айтарлықтай психогендік әлсіздігі, көтеріңкі қызбалығы да байқалады. Жоғарыдағы айтылғандардан басқа, таңдайдың іштен туа біткен жарығы баланың сөйлеу тілінің дамуына теріс ықпал етеді.
Ерін және таңдай жарықтарының сөйлеу тілінің дамымауының қалыптасуына әр түрлі роль атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты. Жарықтың мынадай түрлері кездеседі: үстінгі еріннің жырығы, үстінгі ерін және жақ сүйектер жырығы. Қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы. Үстінгі еріннің жырығы тіс түбі қызыл ет өскіні және таңдайдың бір жақты немесе екі жақты жырығы. Таңдайдың шырышты қабығы асты жырығы. Жырық ерін мен жырық таңдайда барлық дыбыстар мұрыннан немесе мұрын жолы реңімен айтылып, сөйлеу тілі түсініксіз етіп бұрып жібереді. Аузындағы асын жұтқанда мұрын жолына кетіп қалмас үшін бала жастайынан тілінің арт жағын көтеріп мұрын мұрын жолын жабатынды дағдыға айналдырған. Бұндай әдет баланың сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетін өзгертеді. Сөйлеген кезде бала әдеттегідей аузын ашады және тілінің үстін қалытағысынан жоғары көтереді. Тілдің ұшы осыған байланысты жеткілікті мөлшерде қимылданайды. Бұндай әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады, себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілген кезде ауыз қуысы мұрын қуысына ауа өтіп кететіндей жағдайда келеді де мұрын дыбысының реңін күшейтеді. П, б, ф, в дыбысын айтуға талаптанғанда ринолалиясы бар бала өзінің «тәсілін» қолданады. Дыбыстардың жұтқыншақ қағумен алмастырылуы ринолалияның ауыр түрімен шалдыққан баланың сөйлеу тілін өте өзгеше түрде сипаттайды. Көмекей қақпағы тілдің артқы жағына жинасқан кезде қақпақ жабылғандағы дыбысқа ұқсаған қағу пайда болады. Таңдайдың ақаулығының көлемі мен сөйлеу тілінің бұрмалауының бұлай жақын үйлесуі анықталған. Бұл балалардың мұрын және ауыз қуыстарының пішін үйлесімдерінің өзгешіліктеріндегі дербестіктерімен түсіндіріледі және әр бала өзінің сөйлеу тіліндегі дыбыстарды шығару қуысы мен толықтыру (компенсаторлық) тәсілдерінің байланыстарындағы анықтылығын жақсарту үшін пайдаланады. Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінің анықтылығы жасына және психологиялық дербестігіне байланысты. Сөйлеу тілі органдарының жұмыс істеуінде қауыпті өзгерістердің пайда болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық жұмысты операцияға дейін бастау қажет. Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың белсенділігін дайындайды, тілдің түбін қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық еттерінің қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының барлығы хирургиялық емдеудің және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі болып шығаруына қолайлы жағдай туғызады. Хирургиялық емдеу жұмысы аяқталғаннан кейін 15-20 күндей арнайы жаттығуларды қайталайды, бірақ сабаққа қонылатын ең негізгі мақсат жұмсақ таңдайдың қимылын одан әрі дамыту болады. Ринолалияға шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің қызметін зерттеудің нәтижесінде сөйлеу тілінің жасалу жағдайының анатомо-физиологиялық сапасының нашарлығын, сөйлеу тілінің қозғалтушы бір бөлігінің шектелуі тіл дыбыстарының дамуын кеселдендіріп қана қоймай, сонымен бірге көп жағдайда оның барлық бөлігіндегі жүйелердің аса қатты бұзылатынын көрсетеді. Ринолалия кезінде дауыстың бұзылуы және оларды түзету.
Ринофония мен ринолалия кезінде дауыстың бұзылуы көпжақты болып келеді. Осы аталмыш дауыс ырғағының өзгеруі-ашық назализация мұрынның жаман иісі, барлық сөздердің ұяң естілуі. Назализациясы мұрын мен ауыз шектелуінен пайда болады. Ол тіпті біршама акустикалық фонема сипатын өзгертеді. Дауыс бір сазды, нашар әлсін-әлсін шығады. Сондықтан тұтастай анатомиялық ақау және функционалдық ақау дауысты төмендетіп анық айтылуына кедергісін келтіріп, төмендетеді. Анатомиялық ақау, дыбыс шығару қозғалыс дисфункциясы тамақтағы суық тено үрдесіне шалдықтырады. 70-80% жасөспірімдер мен үлкендер де көрінеді. Бұл ауру дауысты қарлықтырып, әлсіздендіреді. Осы аталған патологиялық дауыс сапасы фонациялық тынығудың тереңдеп бұзылуы мен адамдардың тәртіп ерекшелігі, ринолалия мен ринофиямен ауыратындар. Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде ринолалия мен ринофияны түзету кешенінде дауысты түзету ең басты орын алады. Бұл шараның негізгі міндеттері тембрды бірқалыпқа келтіру, балалардың табиғи дауысын дамыту, дыбыс аппаратының ауруы кезінде тамақтың қозғалыс функциясын қайтадан қалпына келтіру керек және дұрыс дауыс тану дағдыларына тәрбиелеу. Балалардың дауысын жақсартуға септігін тигізетін пластикалық операцияға дейін ол физиологиялық және фонациялық тыныс алуды қалыптастыру, жұтыну мускулатурасындағы алдын-алу, дыбыстап айту қабілетін түзету. Операциядан кейін дыбыспен жұмыс гимнастикалық тыныстан тұрады. Дыбыстың жаттығулар 1 кезеңде дауысты фонемаларды қоюдан басталады.
2 кезеңде вокалдық жаттығулар жалғастырады негізгі міндеттері шешуде өз нәтижесін береді. Вокалдың жаттығулар арнайы үстіңгі ауыз органын созады. Балаға ауызын кең ашуға мүмкіндік береді. 2 кезеңде бұл жаттығулар дауысты дыбыстарды әнмен айту басында а мен э дыбысты 2-3 сабақта кейін о әрпі қосылады бір аптадан кеәін и және соңында ұ әрпі. Күнделікті сабақ кезінде мерзімі қысқарып отырады. Вокалдық жаттығуларға 3-4 сабақтарда дауыстыларды қайталау кіреді. Вокалдық жаттығуларды іріктеу әр үйренушіге арналған дифференциалды болу керек. Сонымен қатар міндетті түрде еш салмақсыз күшсіз болуы керек, яғни өз зиянын тигізбеген абзал. Қ. Г. Ермолаев пен Н. Ф. Лебедева айтқандай балалардың дауысын максималды түрде аяушылық көзқараспен талап етеді. Тек диапазонына сәйкес өлең айту, өлеңді айтқанда шектен тыс ноталарды қолданбауды талап етеді. Қысқа өлеңдерді айту, жай айту талап етеді. Одан кейін логопедиялық тілдік жаттығуларды орындауға үйрету. Жаңылтпаштарды және өлеңдерді таңдау біркелкі жолдары қысқа болу керек. Дұрыс айтылатын фонемаларды кіргізген жөн жеткілікті қатаң, үнді дауыссыз дыбыстардан болу керек. Логопедтің нұсқауымен қайталап отырады. Егер де бала жаттығуларды дұрыс орындамаған жағдайда, оның себеп-салдарын анықтау керек. Тілдің кинестизияның төмендеуінен болуы мүмкін, фонематикалық дыбыстың бұзылуы тіпті 7 жастан кіші балалардың туа біткен таңдай ауруларынан болады. Осындай жағдайда логопедке түзетуге сәйкес келетін жұмыстарды өткізу керек. Содан кейін фономедикалық жаттығуларға оралу керек. Дауыс күшін ұлғайту және оның диапазоның кеңейтіп вокалдық жаттығуларға жету оңай. Әр сабақты III және IV кезеңдерден дауысты дыбыстардан терцияны айтудан бастайды. Мұндай жағдайларда қарқынды жай немесе қатты немесе керісінше өзгертіпотырады. Содан кейін қысқа жолмен жарылған өлеңдерді айтуға кіріседі. Музыкалық жолдар, дауыс диапазонын кеңейту. Ринофия мен ринолалия кезіңде мына келесі талаптарға төтеп бере алу керек. Ринолалия кезінде дыбыстардың қойылым ерекшеліктері. Ринолалия кезінде потологиялық дыбыс беру (шығару) антрофоникалық және фонологиялық белгілер болады. Бірінші фонемаларды тежелеп айту ал екінші – бір фонемадан екінші фонемаға ауысады. Сондықтан дыбыстап айтуды түзету бойынша ұзақ уақытты алады. Органикалық ақаулар мен патологиялық артикуляциялық фонемалар артикуляциясын түзету көптеген тәжірибе бойынша қиындық одан сайын тууда. Әр дыбысты түзету
1) басқа дыбыстардың оларды бөле білу
2) белгілі артикуляциямен сәйкестендіру
3) дұрыс артикуляцияландыру өндіру
4) байланыс сөйлеу тілінде оны қолдана білу сияқты мәселелерді қарастырады.
Жоғарыда айтылғандай дыбыстық диффрегенациясына тәрбиелеу артикуляциялық қалыпты пайда болуына септігін тигізеді. Дыбыстық қойылымға кірісер алдында бала тілдегі фонеманы бөліп атай білуі керек. Дыбыстарды түзетуге кірісер алдында балаларға артикуляциямен фонемаларды туындату бойынша мүмкіндіктерін тексеруді өткізеді. Сонымен қатар еліктеу бойынша тиімді дыбыстарды айқындау. Бұл талаптар балалар организміндегі анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерге тән. Вокалдық жаттығуларды таңдай келе балалардың орта диапазоның сызбасы бойынша жетекшілік ету керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет