«Ассоциация» әдісі - бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады, соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мысалы: жалпы сөз «Отбасы»: Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, т.б. Бұл әдіс арқылы тәрбиеші балалардың сөздік қорын тексере отырып, сауатты сөйлеуге дағды-ландыра алады.
Ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі – «Салыстыру» әдісі. Бұл тәсілдің басты мақсаты: объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Бұндай тапсырмалар арқылы баланың қиялы, логикалық ойлау қабілеті дамиды. Салыстыру арқылы байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйреніп, байқампаздығы артады.
«Топтау» әдісі - бұл әдісте балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |