Тақырып: Мукоциллиарлы клиренске (муколитиктер) әсер ететін заттар. Қақырық түсіретін дәрілік заттар. Классификациясы. Әсер ету механизмі. Фармакокинетикасы. Дәрілік заттар таңдау. Фармакотерапияның негізгі принцптері


Қақырық түсіретін дәрілердің жіктелуі



бет3/16
Дата07.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#85368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
№ 3 ИӨЖ

Қақырық түсіретін дәрілердің жіктелуі.
Әсері рефлекторлы
Тікелей әсерлі (резорбтивті) 
  • Әсері рефлекторлы
  • Бұл дәрілердің құрамында алколоидтар мен бірге өсімдік сапониндері бар. Дәрілерді ішке қабылдағанда асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Бұл кезде рефлекторлы түрде бронх бездерінің секрециясы жоғарлайды, жыбырлағыш эпителийлердің белсенділігі жоғарлайды да, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып, тұқырланып жөтел мен бөлінуі жеңілденеді.
  • Тамақтан ½ сағ. бұрын белгіленеді.
  • Термопсистің тамыры (тұнба, құрғақ сығынды)
  • Дәрілік жалбыз тікеннің тамыры (тұнба, сығынды, мукалтин препараты)
  • Мия тамыры (сығынды, кеуде элексирі, Доктор Мом)
  • Киікоттың тамыры (қайнатпа)
  • Өгейшөптің жапырағы (тұнба)
  • Терпингидрат Натрий бензоаты

Термопсис шөбі (Мышатник шөбі). Бұл шөптің құрамындағы алкалоидтар асқазан рецепторларын тітіркендіреді, тыныс алуды қоздырады, содан соң рефлексті жолмен кеңірдек бездерінің сөл бөлуі көбейеді. Қақырықтың сұйық болып және көп шығуы жеңілдейді. Егер мөлшерін біраз көбейтіп жіберсе құстырады. Бұл уланудың алғашқы белгілері. Термопсисті жас балаларға беру өте қауіпті.
Термопсис көбінесе тұндырма ретінде қолданылады және кепкен экстракты, ұнтағы, түймедағы бар.
Rp.: Herbae Thermopsidis 0,01
Natrii hydrocarbonatis 0,25
D.t.d. № 10 in tab.
S. 1 түймедақтан күніне 3-4 реттен.
Мукалтин(Mucaltinum) - алтей шөбін кептіріп, үгіп ұнтақ және түймедақ түрінде мөлшері 50 мг күніне 1-2 рет ас алдында қолданылады.
Rp.: Inf.red. Аlthaeae 3,0-100 ml
Sir.Althaeae 20 ml
M.D.S. 1 шай қасықтан
Глицерам(Glycyrramum) мия тамырынан алынған глицирриздық қышқыл. Бұл дәрі бүйрек үсті безінің гликокортикоидтық гормонын белсендіреді, сол арқылы қабынуға қарсы әсеріне және өкпеден қақырықты шығаруға ықпалын тигізеді.
Бұлардың мөлшері: 50 мг кептірген сығыны ас алдында 1-2 түймедақтан 2-4 рет күніне беріледі.
Rp.: Extracti Glycyrrhizae sicci 0,05
D.t.d. № 50 in tab.
S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 рет.
  • Тікелей әсерлі (резорбтивті)
  • Тікелей әсер ететін препараттар ішекте сіңіріліп, бронх шырышында белсенді бөлініп, бронх бездеріне тікелей әсер етіп және олардың секрециясын күшейтеді. Ол қақырықтың сұйғырақ болып жөтелмен бөлінуін күшейтеді. Na(K) I NaHCO3
  • Аммоний хлориді
  • Кәдімгі әніс жемісі (тұнба, әніс майы, тамшысы)
  • Тасшөп (тұнба, сұйық сығынды, пертуссин препараты)
  • Аңдыз тамыры мен тамырсабағы (қайнатпа)
  • Жұпаргүл шөбі (тұнба)
  • Қарағайдың бүршігі (қайнатпа)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет