2.Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
Материалдар қозғалысы есебін жүргізу үшін көптеген бастапқы құжаттар қолданылады. Мұндағы құжаттар материалдар есебін жүргізу жөніндегі негізгі ережелер, сондай-ақ ақпараттарды компьютерлік жүйемен өңдеу талаптарына жауап берерліктей сапада болуы керек.
Нарықтық қатынастар жағдайына сай бизнеске қатысушы жақтар, өздеріне тән алыс-беріс операцияларын сенімді жүргізу үшін, ең әуелі ресми түрде рәсімделген келісім-шартқа отыратындығына байланысты, материал-дар алушы ұйымдар мен материалдар қоюшы ұйымдар арасында тікелей келісім-шарт жасалынғаны жөн. Келісім-шарт қоюшылармен алушылар ара-сындағы өзара жауапкершілікті сақтау мен екі жақты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге арналады. Келісім-шарт құжатына материалдардың аталуы, саны, бағасы, қоюдың мерзімі, есеп айырысудың тәртібі, тасымалдаудың жолдары, келісімде қаралған шарттардың бұзылған-дығына қойылған шаралар, қабылдап алудың тәртібі т.с.с. жазылады.
Қоюшы ұйымдар белгілі бір материалдарды сатып алушыларға жөнел-те отырып, бірдей уақытта бұларға төлемдік тапсырма – талабы құжатын жөнелту және жолдама құжаттарын (сертификат, сапалық куәлік, шот-фактура, тауар тасымалдау накладнойлары, теміржол квитанциясы т.с.с.) бірге жіберді. Қоюшылардан алынған құжаттар арнайы мамандардың қатысуымен тексеріліп, бұдан соң түсетін немесе алынатын жүктерді тіркейтін жорналға жазылады. Материалдар алуға байланысты барлық құжаттар тексерілгеннен соң, алынған материалдар үшін ақша төлеу мәселесі де шешіледі. Бұдан соң құжаттар ұйым бухгалтериясына материалдар құнын төлеу үшін жіберіледі. Жүктерді қабылдап, кіріске алу үшін төлемділік тапсырма-талабы құжатына қосымша жасалған барлық құжаттар тіркеліп ұйымның қоймасына беріледі.
Темір жол стансаларынан, әуежайдан, кемежайдан, сондай-ақ жергілік-ті қоюшылардан алынатын материалдарды арнаулы тағайындалған ұйымның тауар жіберуші экспедиторы қабылдайды. Тауар қабылдау жұмысын жүргізу үшін ұйым бухгалтериясы экспедиторға сенімхат және тауар тасымлдау немесе басқада құжаттарды өзара қол қою арқылы береді.
Қолында сенімхаты бар жауапты адам осы ұйымның сенімді тұлғасы ретінде материалды құндылықтар алуға құқылы болып танылады.
Егер тасымалдаушы ұйымдардан түскен жүктерді қабылдап алу бары-сында келісім-шартта қаралған шаралардың кейбірі сақталмаған жағдайда (жүк жіберушінің тауарға салған қорғасын мөрі, есептен кем шыққан тауар-лар, бүлінген тауарлар, сыйымдылықтар, қаптар т.с.с.) жауапты экспедитор жүктерді тексеруден өткізуге құқылы болады. Тексеру қортындысы коммерциялық акт жасау арқылы рәсімделеді.Бұл құжат тасымалдаушы ұйымның немесе жүк жіберушінің материалдық жауапкершілігіне негіз бола алады. Актімен бекітілген, есептен кем шыққан материалдар орнын толтыру (бүлінген), жоғалған, ұрланған, жүктердің орнын толтыруға қойылған тілек-талап құжаты айыпты болып танылған темір-жол ұйымына немесе қоюшы-ларға тапсырылады.
Тауар тасымалдаушы экспедитор материалды құндылықтарды ұйым-ның қоймасына жеткізіп, қойма меңгерушісінің жауапкершілігне өткізеді. Материалдар санына, ассортиментіне, сапасына, жолдаушы құжаттардың дұрыстығына сәйкес келуі тексеріліп, қажет болған жағдайда зертханалық талдаудан өткізіледі.
Ешқандай ауытқушылық немесе айырмашылық фактілері болмаған жағдайда алынған материалдар «Кіріс ордері» ТМҚ-3 үлгіні жасау арқылы қоймаға кіріске алынады. (Тиісті үлгілер бастапқы құжаттар альбомында берілген).
Бұл үлгіні қоюшылардан немесе қайта өңдеуден түскен материалдарды кіріске алу үшін бір дана түрінде материалдар кіріске алынған күні жауапты адам рәсімдейді. Үлгідегі «куәлік нөмірі» бағанасы қымбат бағалы металдар мен тастар сияқты қымбат бағалы құндылықтар қабылдаған кезде толтырылады.
Егер материалдарды кіріске алған кезде құжаттар мен жеткізілген материалдар арасында ешқандай айырмашылықтар болмаған жағдайда, кіріс-ордерін жасамай-ақ қоюшының жіберген жолдаушы құжаттарына арнайы, төрт күл штамп басып рәсімдеуге болады. Мұндай жағдайда құжаттар саны азаяды және қағаздар үнемделіп, есеп жасаушылар жұмысы жеңілдейді.
Белгілі бір тұрақты қоюшылардан біртекті жүктер бір күн ішінде бір-неше рет түсетін болса, онда мұндай жүктерді (материалдар т.б.) жалпы массасымен бір күнде бірақ рет кіріске алуға болады. Әрбір жеке түскен материалдарға тиісті квитанциялар толтырылады.
Егер түскен материалдарың саны мен сапасы жолдаушы құжаттардағы мәліметтермен сәйкес келмеген жағдайда арнайы құрылған комиссия № 4 ТМҚ үлгідегі «Тауарлы-материалды құндылықтарды қабылдау жөніндегі акт» рәсімдеу арқылы кіріске алынады.
Бұл үлгі қошылардың жолдаушы құжаттарындағы мәліметтер бойынша анықталған сандық және сапалық айырмашылықтар пайда болған жағдайда және тауарлы-материалды босалқыларды қабылдауды рәсімдеу үшін, құжат-сыз түскен тауарлы-материалды босалқыларды қабылдау үшін қолданылады. Осы үлгідегі актіні міндетті түрде материалды-жауапты адамның және жөнелтуші (қоюшы) жақтың өкілдерінің немесе қызығушылық танытпайтын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қабылдау комиссиясы 2 дана етіп жасайды. Актінің негізінде қабылданған тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі осы актіге барлық қосымша құжаттарды (тауар тасымалдау накладнойлар т.б.) тіркеп, тауарлы-материалды босалқылар қозғалысы есебін ары қарай жүргізу үшін бірінші данасын ұйым бухгалтериясына, екінші данасын қоюшыларға арнайы хатпен жолданады. «Куәлік нөмірі» бағанасы қымбат бағалы металдар және тастар қабылдауда ғана қолданылады.
Нөмірі 4 ТМҚ үлгідегі акті бастапқы құжаттар рөлін атқарып, мұның негізінде құндылықтар кіріске алынады. Кіріс ордерлері қосымша жасалын-байды.
Орталықтандырылған автокөлікпен жеткізілетін материалдар бойынша қоюшылар 4 дана тауар тасымалдау накладнойын: материалдарды кіріс орде-рінсіз кіріске алу үшін сатып алушыларға; материалдарды есептен шығару үшін қоюшыларға; еңбек ақы есептеу үшін жүргізушілерге; көрсетілген қызметтің құнын автокөлік ұйымына төлеу үшін – банкке жіберіліп отырады.
Сонымен қатар, ұйым қоймасына өз цехтарынан түскен материалдар (жұмсалынбаған материалдар, негізгі қралдарды жоюдан түскен материал-дар, өндірістік ақаудан түскен материалдар т.с.с.) талап ету накладнойлары-мен (ішкі қозғалыс) кіріске алынады. Талап ету накладнойын материалды жауапты тұлға 2 дана етіп: бірінші данасы материалдар өткізуші жауапты адамның (қоймадан, цехтан) есебінен шығару үшін, екінші данасы материал-дарды (цехқа, қоймаға) материалдар алушыларға тапсырылады.
Материалдар тиісті өлшем бірлігімен таразылау, көлемін өлшеу, ұзын-дығын өлшеу арқылы кіріске алынады.
Сонымен, ұйымға алынған материалдар тиісті бастапқы құжаттармен: кіріс ордерлерімен, актілермен, тауар тасымалдау накладнойымен, талап ету накладнойымен т.б. рәсімделеді.
Қазіргі уақытта, бухгалтерлік есеп негізінен компьютерлік технология-мен жүргізілуіне сай, электрондық құжаттар (кейіннен қағазға жазылатын) заңдылық сапада болуы мүмкін. Электронды құжаттар көптеген қосымша мәліметтерден (тиісті заңнамаларға қайшы келмейтін) құралады.
Материалдардың талапқа сай сақталуы түгендеу шараларын жүргізу арқылы инвентаризация және тиісті салыстырмалы ведомостылар жасау арқылы тексеріледі.
Материалдардың нақтылы қолда барын анықтау, нақтылы қолда бар материалдардың саны мен сомасын бухгалтерлік есептегі мәліметтермен салыстыру, қабылданған материалдардың сандық, сапалық, сорттық т.б. жағынан ауытқушылық фактілерін келісім-шартта көрсетілген көрсеткіштер-мен (қою, сату, сатып алу, осыған тән басқа да құжаттардағы мәліметтермен) сәйкестендіру, материалдарды есептен шығару себептерін анықтау және қолда бар материалдарды ары қарай пайдалану жақтарын қарастыру, басқа да осыларға ұқсас жұмыстарды кешенді түрде жүргізу үшін тұрақты қызмет атқарушы түгендеу немесе тексеру комиссиясы құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |