тақырып. Қорлар есебі (ХҚес ) Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым Материалдар қозғалысы есебін құжаттау ХҚес 2 «Босалқылар»



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі40,61 Kb.
#82577
  1   2   3
Байланысты:
Қорлар есебі 2 МСФО в с БУХ


3-тақырып. Қорлар есебі (ХҚЕС 2)
1 Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым
2 Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
3 ХҚЕС 2 «Босалқылар» стандарттарының негізі принциптерін сипаттау


1.Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым.
Тауарлы – материалды босалқылар ағымдағы активтер сапасында үш негізден: босалқылардан, материалдар мен шикізаттардан және аяқталмаған өндірістен құралады.
«Тауарлы – материалды босалқылар» сөйлеміне немесе терминіне экономикалық тұрғыдан сипаттама беретін болсақ онда: тауарлар деп – сату үшін басқадай ұйымдардың өндірген дайын өнімдерін, бұйымдарын осы ұйымның сатып алуын атаймыз; материалдар деп – ұйымдар меншігіндегі өндірістік және шаруашылықтық әрекеттер мен қызметтерге жұмсалынатын материалдар жиынтығын және қаптаушы заттар-ды айтамыз; босалқылар деп - ұйымдардың шаруашылық және өндірістік қызметіне жұмсалынатын, сондай-ақ сатуға арналған, сақтауда тұрған құндылықтар жиынтығын айтамыз; аяқталмаған өндіріс деп – толығымен арнаулы технологиялық кезеңдерден (циклдан) өтпеген дайын өнімдер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсетуге, ары қарай өңдеуге жататын, қоймаға жөнелтіле қоймаған өнімдерге жұмсалған шығындарды айтады. (Босалқылар құрамына кіретін дайын өнімдер есебі жеке тарауда қаралды.)
Тауарлы-материалды босалқылар (тауарлар, шикізаттар, материалдар, отындар ж.б.) еңбек құралдарына жатады.Бұлар, еңбек құралы ретінде еңбеккерлердің жұмыс күшімен қосыла отырып, өндірістік процестің қалып-ты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ТМБ өндірістік процес-тің объектісі түрінде және сыртқа сату үшін де танылады.
Өндірістік процестің ең соңғы нәтижесі дайын өнімдер шығару, жұмыстар орындау және қызметтер көрсету болып табылады. 
Орындалған жұмыстарға сыртқы пайдаланушылардың тапсырысына сай осы ұйымның көмекші бөлімшелерінен, цехтардан босатылған су, электр қуаты, бу, тасымалдау қызметі сондай-ақ өз өндірісінде және күрделі құры-лыстар салу үшін орындалған жұмыстар жатады.
Көрсетілген қызметтерге – жүктерді тасымалдау, көліктерді уақытша жалға беру, тасымалдау-экспедициялық және тиеп-түсіру операциялары, байланыс және телефон, телеграф, теледидар қызметтерін көрсету т.с.с. жатады.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарындағы № 2«Босалқылар» стандарттарында қаралған принциптерді сипаттай отырып, тиесінше:
шикізаттар мен материалдар;
дайын өнімдер;
тауарлар;
аяқталмаған өндіріс;
- басқалай босалқылар, босалқыларды есептен шығару тақырыптарын жеке-жеке қарастыруды жөн деп санадық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет