3. ХҚЕ 2 «Босалқылар» стандарттарының негізгі принциптерін сипаттау
Босалқылардың бухгалтерлік есебі бұларды сатып алудағы нақтылы өзіндік құнымен есепке алынады. Мұндағы ең негізгі мәселе – босалқыларды активтер түрінде тану және активтер алудағы шығындар мөлшерін анықтауға жұмсалған шығындар мен табыстар ара қатынасын алдағы кезеңдерде теңес-тіріп отыру.
Осы стандарт босалқылар сапасындағы төмендегі активтерді қарасты-рады:
қалыпты жағдайдағы қызмет барысында сатуға арналған босалқылық активтер;
өндіріске жұмсалынатын және сатуға арналған босалқылар;
өндірістік процеске немесе қызмет көрсетуге жұмсалынатын сақтауда тұрған шикізаттар және материалдар түріндегі активтер.
Босалқыларды бағалау. Қаржылық қорытынды есепте босалқылар екі өлшемнің: өзіндік құнымен және таза сату мүмкіндігі бағасының төменгі дәрежесімен алынған әділетті құнмен бағаланады.
Босалқылар бастапқы кезде сатылып алынғанда, өндірістік процеске жұмсалынғанда немесе сатылған кезде бағаланады.
Босалқылардың өзіндік құны бұларды сатып алудағы барлық шығындар, өндірудегі шығындар және басқадай шығындардан тұрады. Мұндай шығындар босалқыларды ағымдағы пайдалану дәрежесіне келтіру және бұларды сақтау орнына қою мақсатында жұмсалынады.
Босалқылар бүлінген, істен шыққан, физикалық және моральдық тозу, сату бағасының төмендеуі, яғни өзіндік құнынан төменгі бағамен сатылған т.б. жағдайларда, бұлардың бастапқыдағы өзіндік құнының орны толмайтын сипатта болады. Мұндай жағдайда босалқылардың таза сату бағасы мүмкіндігі анықталады немесе таза сату бағасы мүмкіндігі бойынша қайта бағаланады. Қайта бағалау айналыстағы материалды активтердің жекелеген түрлері немесе біртектес активтердің топтары бойынша жүргізіледі. Мұның үшін мына төмендегі тәртіптер:
егер активтер сатуға арналса, онда сатудың ағымдағы нарықтық баға-сының негізінде есептелінеді;
егер активтер екі жақты келісім бойынша сатуға арналса, онда бұлар келісім-шартта қаралған бағамен бағаланады. Келісім сыртында бағаланбай қалған активтер ағымдағы нарықтық баға бойынша қайта бағаланады;
егер дайын өнімдер өзіндік құны сомасына тең немесе өзіндік құны сомасынан жоғары бағамен сатылса, онда материалдар мен шикізаттар қайта бағаланбайды. Ал осы айтылғандарға кері жағдай туындаса, онда бұлар қалпына келтіру құны бойынша қайта бағаланады.
Қайта бағалаудағы айырым сомасы, осы айырым анықталған кездегі есепті кезеңнің шығындары құрамына жазылады. Егер босалқылар алдағы кезеңдер үшін сақтауда тұрса, онда әрбір алдағы кезеңдерде босалқылар жаңа таза сату бағасы мүмкіндігі бойынша қайта бағаланады. Бағаланған жаңа құн босалқылар өзіндік құнының төменгі дәрежесі бойынша анықталады.
Байырғы есептеу әдісін қолдану арқылы босалқылардың өзіндік құнын анықтау:
жеке шығындарды арнайы теңестіру жолымен;
орташа өлшеу құны бойынша;
бірінші түскен – бірінші жұмсалынған ФИФО – негізгі әдіс қолдану арқылы анықталады.
Таза сату бағасы мүмкіндігі әдісін қолдану – жұмыстарды орындауға және сатуға мүмкін болатын шығындарды шегеру арқылы босалқылардың мүмкін болатын сату бағасын анықтауға болады. Есепке алу сәтінде босалқылардың қандай мақсаттар үшін сақтауда қалғандығының есебін шығару керек.
Босалқыларды есептен шығару жеке баптар бойынша, сондай-ақ ұқсас немесе бірімен-бірі тығыз байланысты баптар топтастырылады және әрбір қызмет түрі жеке бап түрінде қаралады.
Пайда және шеккен зиян жөніндегі есептілікте сатылған босалқылар-дың өзіндік құны шығындар сапасында қаралады (есептен шығарылған көлем; босалқылардың жоққа айналуы; босалқылардың нормадан тыс шығындары; шығындарға таратылмаған өндірістік үстеме шығындар).
Маңызы қаржылық қорытынды есепте ашылуға жататын босалқылар:
босалқыларды бағалау үшін есеп саясатын, оның ішінде бұлардың өзіндік құнын есептейтін әдісті қолдану нәтижесі;
босалқылардың жалпы баланстық құнын және босалқылар категория-лары бойынша баланстық құнын көрсету;
топтарға бөлінген босалқылардың баланстық құнын көрсету;
босалқыларды есептен шығарғандағы қайтарылған босалқылардың құны мен көлемі;
есептен шығарылған босалқыларды қайта қалпына келтіргендегі пайда болған міндеттемелер;
міндеттмелерді қамтуға салынған босалқылардың баланстық құны;
егер босалқылар өз көлеміне, сипатына немесе қайдан және қалай пайда болуына қарай әдеттегіден тыс айырықша жағдайда есептен шығарылғандағы баланстық құны;
кезең ішінде шығындар құрамына есептен шығарылған босалқылардың өзіндік құны.
Кезең ішінде түскен табысқа тән операциялық шығындар, осы кезеңнің шығындары сапасында танылған болса, онда мұндай босалқылар өзінің сипаты бойынша жеке топтастырылады.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары талабына сай босалқылардың өзіндік құнын есептеу тәсілдері.
Босалқылардың өзіндік құнын есептеп шығару үшін төмендегі:
а)ФИФО: бірінші түскен – бірінші босатылған;
б) орташа өлшенген құнын анықтау;
в) шығындарды ерекше теңестіру сияқты әдістер қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қорлар есебін ұйымдастыру жүйесі
2. Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдар есебі
3. Қорларды қайта бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |