Тақырып Өсімдіктің вегетативті мүшелері. Жапырақ Жапыра қ Жапырақ



бет6/7
Дата26.03.2020
өлшемі3,08 Mb.
#60826
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 такырып жапырак.docx


Доғалы жүйкелену

жолжелкен, інжугүл




Сабаққа орналасуына қарай

Кезектесе

Терек, алма, алмұрт, өрік



Қарама-қарсы

Үйеңкі, гүлшетен, Қалампыр, жалбыз



Топтанып

Сарыағаш, қызылбояу, талгил (олеандр), қарға көз



Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы. Жапырақ ағаштың бір жылдық өркенінде түзіледі. Алдымен жапырақ ұшынан өседі. Өсуі 30-40 күнге созылады. Жапырақтың тіршілік ету мерзімі бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Кәдімгі қарағай қылқанының тіршілік ету ұзақтығы 2-4 жыл; Кавказ самырсыны 9-13 жыл; Тиса қылқаны 6-10 жыл; шыршада 5-12 жыл; тозды еменде 1-2 жыл, қаражидекте 1-4 жыл.
Жапырақтың ішкі құрылысы



Өң (үстіңгі, астыңғы)

тірі, бір-бірімен тығыз жанасып жатады. Астыңғы өңінде жанаспалы жасушалар орналасады (өсімдіктің өсетін жеріне, түріне байланысты кейде үстіңгі өңінде де кездеседі). Өң жасушаларында хлорофилл болмайды, сондықтан түссіз. Күн сәулесін өткізеді, қорғаныштық қызметін атқарады.

Жанаспалы жасушалар

жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан 2 жасуша. Жанасқан жерінде саңылауы бар. Бұл саңылау бірде ашылып, бірде жабылады. Саңылау арқылы жапыраққа ауа енеді. Атмосфераға су буы, оттегі және көмірқышқыл газы шығарылады. Жанаспалы жасушада болатын хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант (органикалық зат) түзіледі. Сол кезде қысым артып, күндіз саңылау ашылады. Түнде қант мөлшерінің азаюы қысымды төмендетіп, саңылау жабылады. Егер күндіз күн өте ыстық, желді болса, ылғалды сақтау үшін саңылау жабылып тұрады. Саңылау күзде күндіз де, түнде де жабық болады.

Лептесік

Лептесік арқылы заттар өсімдік ішіне түседі және сыртқа бөлінеді. Фотосинтез үшін қажет көмірқышқыл газы мен тыныс алуға керек оттек түседі. Сыртқа су (буланады) және оттек шығарылады.Жапырақта заттар тасымалданады. Жапырақтың суды буландыруы транспирация деп аталады.

Бағаналы жасушалар

Бағаналы жасушалар жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жатады. Бағана тәрізді ұзын, бір-біріне тығыз орналасқандықтан осылай аталады. Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан.

Борпылдақ жасушалар

Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болса – борпылдақ жасушалар деп аталады. Жапырақ жүйкелері де осы қабатта. Су мен минералды заттар жапыраққа жүйке арқылы өтеді.

Жүйкелер

Тірек және өткізгіш ұлпаларынан тұрады, жапырақ алақанын керіп тірек қызметін атқарады, су мен минералды заттар өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет