Тест сұрақтары:
1. Өсімдіктің өсімді мүшесі
А) Жеміс В) Аталық С) Аналық Д) Жапырақ Е) Гүл
2. Гүлді өсімдіктердің суды буландыратын мүшесі
А) Сабағы В) Жапырағы С) Хлоропластары Д) Тамыры Е) Гүлі
3. Бейорганикалық заттарды сіңіріп, органикалық зат түзетін ағзалар
А) Жануарлар В) Өсімдіктер С) Кірпікшелі кебісше Д) Бактериялар Е) Амеба
4. Өсімдік сабағындағы буын дегеніміз
А) Бастама өркен В) Жапырақ өсетін жуандау жері С) Қабықтың жуандаған жері Д) Түбіртек Е) Өсу конусы
5. Жапырақтың сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі
А) Тақтасы В) Өткізгіш шоқтары С) Буын Д) Қынап Е) Сағағы
6. Сағақсыз жапырақты өсімдік
А) Итмұрын В) Жүгері С) Терек Д) Күнбағыс Е) Емен
7. Эвкалипт, қараған өсімдіктері жапырақтарын жапырақ сағағының көмегімен қырынан «бұрып» қояды. Себебі:
А) Күн сәулесі қыздырмау үшін В) Суды бөліп шығару үшін С) Қоректік заттарды ыдырату үшін Д) Су мен минералды тұздарды өткізу үшін Е) Қор жинау үшін
8. Сабақты орай орналасқан жапырақтың түтік тәрізді түп жағы
А) Жүйкелері В) Жапырақ тақтасы С) Қынабы Д) Бөбешік жапырақшалары Е) Сағағы
9. Жапырақ тақтасының негізгі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылып орналасуы
А)Булану В) Газ алмасу С) Жүйкелену Д) Қынап Е) Сағақты
10. Қынап жапырақты өсімдік
А) Бидай В) Жолжелкен С) Үйеңкі Д) Емен Е) Қарағай
11. Теректің жапырақтары
А) Қынапты В) Үшқұлақты күрделі С) Жай Д) Қауырсын тәрізді күрделі Е) Саусақ салалы күрделі
12. Күрделі жұп қауырсынды жапырағы бар өсімдік
А) Ақ мия В) Шаған С) Шетен Д) Итмұрын Е) Асбұршақ
13. Соя жапырақтары
А) Үшқұлақты күрделі В) Саусақ салалы күрделі С) Қынапты Д) Жай Е) Қауырсын күрделі
14. жапырағы доға жүйкелі өсімдік
А) үйеңкі В) Лимон С) Жөке ағашы Д) Терек Е) Інжугүл
15. Бидай жапырақтарының жүйкеленуі
А) Доғалы В) Қауырсынды С) Торлы Д) Күрделі Е) Параллель
16. Жолжелкеннің жапырағының жүйкеленуі
А) Қауырсын тәрізді В)Доғалы С) Саусақ салалы Д) Торлы Е) Қатарлас
17. Жапырақ жүйкелерінің негізгі қызметі
А) Көбею В) Беріктілік, серпімділік қасиет береді С) Тынысалу Д) Фотосинтез Е) Оттегін сіңіру
18. Жапырақта су мен минералды заттарды өткізеді
А) Өң В) Бағаналы жасушалар С) Борпылдақ жасушалар Д) Тыныс саңылауы Е) Жүйкелер
19. Жапыраққа жүйке арқылы өтеді
А) су, минералдар В) қант, крахмал С) оттегі, ионды газдар Д) Азот Е) Ауа, көмірқышқыл газы
20. Жапырақтың жүйкеленуі дегеніміз
А) Жапырақтардың сабаққа орналасуы В) Бір сағақтағы жапырақ саны С) Жапырақ пішіндерінің әр түрлілігі Д) Өткізгіш шоқтардың жапырақта орналасуы Е) Жапырақ жиектері
21. Жапырақ жүйкесі мына ұлпадан тұрады
А) Өткізгіш, тірек В) Қор жинаушы С) Түзуші Д) Фотосинтездеуші Е) Дәнекер
22. Жапырақ тақтасының үстіңгі және астыңғы жақ беттерін қаптайтын қабықша
А) Борпылдақ жасушалар В) Лептесіктер С) Бағаналы жасушалар Д) Өң Е) Жүйкелер
23. Жапырақтың жарық мол түсетін үстіңгі өңінің астына жанаса орналасқан жасушалары
А) өң жасушалары В) борпылдақ жасушалар С) жанаспалы жасушалар Д) бағаналы жасушалар Е) тыныс саңылауы
24. Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан екі жасуша
А) өң жасушалары В) борпылдақ жасушалар С) жанаспалы жасушалар Д) бағаналы жасушалар Е) тыныс саңылауы
25. Саңылау арқылы жапыраққа енеді
А) ауа В) жылу С) тыңайтқыш Д) крахмал Е) май
26. Лептесік дегеніміз
А) Жасушааралық қуыс В) Хлоропласт С) Жасушамен шектелген саңылау Д) Жапырақ алақаны Е) Жасыл жасушалар қабаты
27. Жапырақ өңі дегеніміз
А) Сүзгілі түтіктер В) Жабын ұлпадан тұратын қабықша С) Фотосинтездеуші жасушалар Д) Жапырақ алақаны Е) Жасыл жасушалар қабаты
28. Бағаналы және борпылдақ жасушалары бар мүше
А) Сабақ В) Тамыр С) Жапырақ Д) Гүл Е) Жеміс
29. Қоректенгенде ауаға үнемі оттегін бөліп шығарады
А) Вирустар В) Қоңыздар С) Саңырауқұлақтар Д) Өсімдіктер Е) Көбелектер
30. Жапыраққа күн сәулесі түскенде, хлоропластар ауадан сіңіреді
А) оттегі В) жылу С) су буы Д) күн Е) көмірқышқыл газы
31. Фотосинтез кезінде өсімдіктің ауадан сіңіреді
А) Азот В) Су буы С) Оттегі Д) Сутегі Е) Көмірқышқыл газы
32. Өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген ғылым
А) С.Г.Навашин В) К.А.Тимирязев С) Н.В.Павлов Д) Роберт Гук Е) Ван Гельмонт
33. Фотосинтездегі хлорофилдің ролін алғаш сипаттаған орыс ғалымы
А) Е.В.Гвоздев В) К.А.Тимирязев С) С.Г.Навашин Д) Н.И.Вавилов Е) Н.В.Павлов
34. Жапырақта органикалық зат түзу үшін қажетті бейорганикалық заттар
А) Су, минералды тұздар, көмірқышқыл газы, оттегі В) Су, көмірқышқыл газы, оттегі С) Ауа Д) Оттегі, су Е) Көмірқышқыл газы, су, жарық
35. Фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілетін зат
А) Май В) Минералды тұздар С) Дәрумендер Д) Ақуыз Е) Глюкоза
36. Асбұршақ жапырақтарының түрөзгерісі
А) Мұртшалар В) Қабыршақтар С) Орама жапырақ Д) Шырынды жапырақ Е) Тікенек
37. Жапырақтары мұртшаға айналған өсімдік
А) Кактус В) Пияз С) Итмұрын Д) Асбұршақ Е) Тары
38. Шырмалғыш сабақты өсімдік
А) Асқабақ В) Асбұршақ С) Терек Д) Құлмақ Е) Тары
39. Бозкілем, семізот, алоэ өсімдіктері су қорын жинайды
А) Гүлінде В) Пиязшығында С) Сабақта Д) Жапырақта Е) Тамырда
40. Су қорын жинайтын, түрі өзгерген жапырақ
А) Тікен жапырақ В) Мұртша жапырақ С) Шырынды жапырақ Д) Шірнелі жапырақ Е) Қабыршақ жапырақ
41. Сазда, батпақта, азот жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған
А) Қабыршаққа В) Ұстағыш құралға С) Тікенге Д) Шырынға Е) Мұртшаға
42. Шырынды жапырақты өсімдік
А) Жер алмұрты В) Бидайық С) Долана Д) Орамжапырақ Е) Асбұршақ
43. Жапырақтың гомологиясы
А) Бидайықтың тамырсабақтары В) Асбұршақ мұртшасы С) Пияздың пиязшығы Д) Қызылшаның жемтамыры Е) Картоптың түйнегі
44. Суды аз буландырады
А) мұртша жапырақ В) Қабыршақ жапырақ С) Бунақденелілерді ұстау құралына айналған жапырақ Д) Шырынды жапырақ Е) Тікен жапырақ
45. Ылғалды жерде өсетін өсімдік жапырақтары
А) Тікеннекке айналған В) Суды аз буландырады С) Ірі, қою жасыл түсті Д) Бозғылт сұр түсті Е) Жапырақ тақталары майда
Тақырып түйіні:
Жапырақ
1. Өсімдіктің өсімді мүшесі: жапырақ
2. Жапырақтың жасушалық құрылысы: өң, мезофилл, жүйкелер
3. Жапырақтың құрылысы: жапырақ алақаны (тақтасы), сағағы
4. Жапырақ алақанының санына қарай бөлінеді: жай және күрделі
5. Күрделі жапырақтарға: үш құлақты, саусақ салалы, жұп қауырсынды, тақ қауырсынды
6. Үш құлақты жапырақта өсімдіктер: беде, сояу
7. Саусақ салалы жапырақта өсімдіктер: атбас, талшын, бөрібұрршақ
8. Жапырағы жұп қауырсын тәрізді өсімдіктер: асбұршақ, сары қараған, қоянбүршақ
9. Жапырақтары тек қауырсын тәрізді өсімдіктер: қызыл мия, ақ мия, итмұрын аққараған, шаған, шетен, грек жаңғағы
10. Жапырақ сағағына қарай: сағақты, сағақсыз
11. Жапырақтың сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі: сағағы
12. Сағақты жапырақты өсімдік: тал,терек,қайың
13. Сағақсыз жапырақты өсімдік: жүгері, бидай, алоэ
14. Эвкалипт, қараған өсімдіктері жапырақтарын жапырақ сағағының көмегімен қырынан «бұрып» қояды. Себебі: күн сәулесі қыздырмау үшін
15.Сабаққа орналасқан жапырақтың түтік тәрізді түп жағы: қынабы
16. Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылып орналасуы: қынап
17. Гүлді өсімдіктердің суды буландыратын мүшесі: жапырағы
18. Бейорганикалық заттарды сіңіріп, органикалық зат түзетін ағзалар: өсімдіктер
19. Өсімдік сабағындағы буын дегеніміз: жапырақ өсетін жуандау жері
20. Қынап жапырақты өсімдік: бидай
21. Теректің жапырақтары: жай
22. Күрделі жұп қауырсынды жапырағы бар өсімдіктер: асбұршақ
23. Соя жапырақтары: үшқұлақты күрделі
24. Сабаққа жапырақтары орналасуына қарай, қауырсын тәрізді торлы өсімдіктер: алма, терек, алмүрт, өрік
25. Сабаққа жапырақтары қарама қарсы орналасатын өсімдіктер: гүлшетен, қалампыр, жалбыз
26.Сабаққа жапырақтары топтанып өсетін өсімдіктер: Сарыағаш, қызылбояу, талгил (олеандр), қарға көз
27. Жапырағы доға жүйкелі өсімдік: інжугүл
28. Бидай мен жүгерінің жапырақтарының жүйкеленуі: параллель
29. Жолжелкеннің, інжугүлдің жапырақтарының жүйкеленуі: доғалы
30. Үйеңкі, гүлшетен, үпілмәлік (кене дән), бегония жапырақтарының жүйкеленуі: саусақ салалы, торлы
31. Тал,терек, алма,алмұрт жапырақтарының жүйкеленуі: қауырсын тәрізді торлы
32.Жапырақ жүйкелерінің негізгі қызметі: беріктілік, серпімділік қасиет береді
33. Жапырақта су мен минералды заттарды өткізеді: жүйкелер
34. Жапырақта жүйке арқылы өтеді: су, минералдар
35. Жапырақтың жүйкеленуі дегеніміз: өткізгіш шоқтардың жапырақта орналасуы
36. Жапырақ жүйкесі мына ұлпадан тұрады: өткізгіш, тірек
37.Жапырақ тақтасының үстіңгі және астыңғы жақ беттерін қаптайтын қабықша: өң
38. Жапырақтың жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса орналасқан жасушалары: бағаналы жасушалар
39. Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір бірімен жанасқан екі жасуша: жанаспалы жасушалар
40. Саңылау арқылы жапыраққа енеді: ауа
41. Лептестік дегеніміз: жасушамен шектелген саңылау
42.Жапырақ өңі дегеніміз: жабын ұлпадан тұратын қабықша
43.Бағаналы және борпылдақ жасушалары бар мүше: жапырақ
44. Афтотрофты қоректенгенде ауаға үнемі оттегін бөліп шығарады: өсімдіктер
45. Жапыраққа күн сәулесі түскенде, хлоропластар ауадан сіңіреді: көмірқышқыл газын
46. Фотосинтез кезінде өсімдіктің ауадан сіңіретіні: көмірқышқыл газы
47.Өсімдіктер органикалық заттарды топарықтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген ғалым: Ван Гельмонт
48. Фотосинтездегі хлорофильдің ролін алғаш сипаттаған орыс ғалымы: К.А.Тимирязев
49.Жапырқта органикалық зат түзу үшін қажетті бейорганикалық заттар: көмірқышқыл газы, су, жарық
50. Фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілетін зат: глюкоза
51.Асбұршақ жапырақтарының түр өзгерісі: мұртшалар
52.Жапырақтары мұртшаға айналған жапырақ: асбұршақ
53. Бозкілем, семізот, алоэ өсімдіктері су қорын жинайды: жапырақта
54. Су қорын жинайтын, түрі өзгерген жапырақ: шырынды жапырақ
55.Сазда, батпақта,азот жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған: ұстағыш құралға
56. Шырынды жапырақты өсімдік: орамжапырақ (қырыққабат)
57.Жапырақтың гомологиясы: асбұршақ мұртшасы
58.Суды аз буландырады: тікен жапырақ
59. Ылғалды жерде өсетін өсімдік жапырақтары: ірі, қою жасыл түсті
60. Егер өсімдік бойында су жеткілікті болса, онда лепестік: күндіз ашық, түнде жабық болады
61. Судың булану процесі: транспирация
62. Жапырақтың түрөзгерістері: тікен, мұртша, қабыршақ,жетілмеген, шырынды, бунақденелілерді аулау құралға айналған жапырақтар
63.Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналған өсімдіктер: Сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған
64.Жапырақ түктері тікенге айналған өсімдік: итмұрын
65. Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы: малға жем болудан қорғану, суда аз буландыру
66. Жапырақтың жиегі тікенекті болатын өсімдіктер: түйе тікен, шағыр тікен
67. Жапырағы мұртшаға айналған өсімдіктер: асбұршақ, үрмебұршақ
68.Жапырақтары қабыршаққа айналған өсімдіктер: пиязшық, бүршік, жүгері собығы
69. Қорғаныштық қызмет атқаратын жапырақтар: қабыршақты жапырақтар
70.Жапырақты жетілмеген өсімдіктер: сексеуіл, жүзгін, арамсояу,сұңғыла
71.Бунақденелілермен қоректенетін өсімдіктер (жапырақ тақтасы ұстағыш құралға айналған): шықшылдық, шыбынжұт
Тест тапсырмалары:
1. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ
А) Жапырақ В) Гүл С) Өркен Д) Бүршік Е) Тамыр
2. Өркеннің ең ұшындағы бүршік
А) Қосалқы бүршік В) Жанама бүршік С) Төбе бүршік Д) Қолтық бүршік Е) Бұйыққан бүршік
3. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік
А) Жанама В) Қысқарған С)Бұйыққан Д) Қосалқы Е) Төбе
4. Қосалқы бүршіктердік дамитын орны
А) Жапырақта, тамырда, сабақта, тамырсабақта В) Жапырақ қолтығы С) Гүлде Д) Өркен буынында Е) Өркен ұшында
5. Тыныштық күйге ауысқан бүршік
А) Бұйыққан В) Жанама С) Қысқарған Д) Қосалқы Е) Төбе
6. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде дереу белсенді өсетін бүршік
А) Бұйыққан бүршік. В) Қосалқы бүршік С) Қолтық бүршік Д) Жанама бүршік Е) Төбе бүршік
7. Қосалқы бүршіктің бұйыққан бүршіктен айырмашылығы
А) Өсімдіктің кез келген жерінен өсіп шығады В) Жапырақтың сабаққа орналасқан жерінен өсіп шығады С) Жапырақ қолтығынан өсіп шығады Д) Буын түбінен өсіп шығады Е) Жапырақтан өсіп шығады
8. Өсу бүршігінде болмайды
А) Қабыршақ В) Алғашқы жапырақтар С) Алғашқы сабақшалар Д) Гүлшанақ Е)
Қабыршақ, алғашқы жапырақтар
9. Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік
А) Гүл бүршігі В) Өсу бүршігі С) Алғашқы сабақшалар Д) Қосалқы бүршік Е) Бұйыққан бүршік
10. Гүлшанақтың орналасуы
А) бастама бүршікте В) генеративті бүршікте (гүл бүршік) С) кез келген бүршікте Д) түрі өзгерген өркенде Е) вегетативті бүршікте
11. Жапырақ шығармайтын көпжылдық жер асты өркен
А) Сояу В) Шырынды сабақ С) Тамырсабақ Д) Пиязшық Е) Түйнек
12. Буынында түрі өзгерген қабыршақ жапырақтары бар жерасты өркен
А) қаудан В) Шырынды сабақ С) Тамырсабақ Д) Пиязшық Е) Түйнек
13. Тамырсабағында түрі өзгерген жапырақтар
А) Мұртшалар В) тікенектер С) орама жапырақтар Д) қабыршақтар Е) шырынды жапырақтар
14. Түрі өзгерген мүше арқылы көбею
А) Жапырақ В) Тамыр С) Сабақ Д) Тамырсабақ Е) Ақ қабықша
15. Тамырсабақтары арқылы көбейетін өсімдіктер
А) Құлпынай В) Інжугүл С) Қызғалдақ Д) Сарымсақ Е) Картоп
16. Түрін өзгерткен жапырақтар мен түбіртектен тұрады
А) пиязшық В) шырынды сабақтар С) сояу Д) түйнек Е) тамырсабақ
17. Түрі өзгерген жер асты өркен
А) Пиязшық В) Шырынды сабақ С) Сояу Д) Мұртша Е) Бүршік
18. Өзгерген өркен
А) Бүршік В) Түйнек С) Пиязшық Д) Түбіртек Е) Мұртша
19. Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік
А) Картоп В) Шие С) Лалагүл Д) Сәбіз Е) Күріш
20. Қызғалдақты көбейту жолы
А) Пиязшық арқылы В) Түйнек арқылы С) Сұлатпа өркен арқылы Д) Мұртша арқылы Е) Тамырсабақ арқылы
21. Картоптың түрі өзгерген жерасты өркені
А) Тамырсабақ В) Шырынды сабақ С) Түйнек Д) Сояулар Е) Пиязшық
22. Түйнек деген
А) Қыстырма бүршік В) өсу конусы С) өзгерген өркен Д) Түбіртек Е) Жерасты тамыр
23. Вегетативті жолмен көбею
А) Жыныс жасушалары арқылы В) Жеміс арқылы С) Ұрық арқылы Д) Тұқым арқылы Е) Өсімді мүшелер арқылы
24. Жас өркендері арқылы көбейеді
А) қызғалдақ В) пияз С) тал Д) картоп Е) қойбүлдірген
25. Телу дегеніміз
А) өсімдіктерді тұқыммен көбейту В) бір өсімдік бөлігін екінші өсімдік бөлігіне будандастыру С) қалемшелер арқылы көбейту Д) тамыр арқылы көбейту Е) өсімдіктердің тамырларын ұластыру
26. Дәмді,
суыққа төзімді, зиянкестерге шыдамды өсімдіктер іріктемесін алу үшін қолданылатын әдіс
А) тамырсабақ арқылы көбейту В) түйнек арқылы көбейту С) телу арқылы көбейту Д) мұртшалармен көбейту Е) пиязшықтарымен көбейту
27. Бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру
А) кесінділеп телу В) көзшелеп телу С) сұлатпа өркендер Д) жас өркендер Е) жанастыра телу
28. Қыстық өркендері дайындайды
А) қыста В) жазда С) күзде Д) ыстықта Е) көктемде
29. Сабақ қалемшесінен өсірілетін өсімдік
А) картоп В) қарақат С) қалуен Д) бегония Е) бүлдірген
30. Қалемшені дайындайды
А) 4-5 сабақтан В) бір бүршігі бао өркеннен С) ең ұзын өркеннен Д) 3-4 жапырақтан Е) 3-4 бүршігі бар өркеннен
Тақырып тұжырымы:
Өркендер мен бүршіктер, вегетативті көбею
1.Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ: өркен
2. Өркеннің ең ұшындағы бүршігі: төбе бүршік
3. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік: жанама
4. Қосалқы бүршіктердің дамитын орны: жапырақта, тамырда, сабақта,тамырсабақта
5. Тыныштық күйге ауысқан бүршік: бұйыққан
6. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде дереу белсенді өсетін бүршік: бұйыққан
7. Қосалқы бүршіктің бұйыққан бүршіктен айырмашылығы: өсімдіктің кез келген жерінен өсіп шығады
8.Өсу бүршігінде болмайды: гүлшанақ
9.Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік: гүл бүршігі
10.Гүлшанақтың орналасуы: генеративті бүршікте (гүл бұршақ)
11.Жапырақ щығармайтын көп жылдық жер асты өркен: тамырсабақ
12. Буынында түрі өзгерген қабыршақ жапырақ жерасты өркен: тамырсабақ
13.Тамырсабағындағы түрі өзгерген жапырақ: қабыршақ
14. Түрі өзгерген мүше арқылы көбею: тамырсабақ
15. Тамырсабақтары арқылы көбейетін өсімдіктер: інжугүл
16. Түрін өзгерткен жапырақтар мен түбіртектен тұрады: пиязшық
17. Түрі өзгерген жерасты өркен: пиязшық
18.Өзгерген өркен: мұртша
19. Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік: лалагүл, қызғалдақ, сарымсақ, сүмбілшаш
20.Жапырақ арқылы көбейетін өсімдік: бегония, қоғажай
21.Картоптың түрі өзгерген жерасты өркені: түйнек
22.Түйнек: түрі өзгерген өркен
23.Түйнек арқылы көбейтеді: картоп пен нарғызгүлді
24.Вегетативті жолмен көбею: өсімді мүшелер арқылы
25. Жас өркендері арқылы көбейеді: тал
26.Телу дегеніміз: бір өсімдік бөлігін екінші өсімдік бөлігіне будандастыру
27.Дәмді, суыққа төзімді,зиянкестерге шыдамды өсімдіктер іріктемесін алу үшін қолданылатын әдіс: телу арқылы көбейту
28.Бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру: кесінділеп телу
29. Қыстық өркендерді дайындайды: күзде
30.Сабақ қалемшесінен өсірілетін өсімдік: қарақат
31.Қалемшені дайындайды: 3-4 бүршігі бар өркеннен
32. Телу әдісін қолданған ғалым: И.Мичурин
33. Мұртшалары арқылы көбейтеді: құлпынай, қойбүлдірген