Тақырып: Оқушылардың оқытуда мультимедианы пайдаланудың әдістері Тексерген: Хакимова З. А орындаған:Әбілмұратұлы Н



бет2/3
Дата12.10.2023
өлшемі23,26 Kb.
#185081
1   2   3
Байланысты:
ОБӨЖ3

2) Мультимедианы пайдалану
Мультмедиа технологиясының негізінде орындалатын білім беру жүйесінің көмегі арқылы компьютер экрандарында кез-келген қажетті хабарлармен жете таныса аламыз. Мұндай кезде бұл жүйе пайдаланушы адамның белгілі бір сюжеттің немесе жағдайдың өзіне керекті бөлігін таңдап алып көрінуіне де мүмкіншіліктер тудырады. Мультмедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты хабарларды эмоционалдық тұрғыдан қабылдаумен байланысты болып келетін білім берудің мотивациясын арттырумен және хабарларды өңдеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырумен айқындалады.
Оқушыларды сынып - сабақ жүйесі шегінде көптеген оқу пәндеріне оқыту арнайы кабинеттерде өтеді. Оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады. Сондықтан сынып - сабақ жүйесінің тиімділігін жоғарлату кеңістігі кабинеттерді оқытудың дидактикалық және техникалық құралдармен толықтырумен және сабақ типтері мен олардың модульдерін жүзеге асырумен байланыстырылады. Мультимедиа технологиясы, басқа бір нәрсе сияқты, бұл дидактикалық ізденістің екі бағытын қабылдауға мүмкіндік береді.
Төмендегі кестеде дүстүрлі оқыту мен мультимедиа технологиясы салыстырмалы түрде көрсетілген.
Ғылыми жəне оқу-əдістемелік жарияланымдарда оқу-танымдық іс-əрекеттерді басқарудың дəлелді мысалдары неғұрлым жиі сипатталады (жаңа материалды мазмұндау кезеңінде назарды белсендіруге бағытталған жедел бақылау; меңгерілген білім, білік жəне дағдыларды қайталау жəне бекіту кезеңінде компьютермен интербелсенді өзара əрекеттестік; аралық кезеңдердегі ағымдық бақылау жəне қол жеткізілген нəтижелердің қорытынды бақылауы; оқу үдерісінің өзін түзетумен қатар оқу материалын қайта құрылымдау жəне мөлшерлеу негізінде оның нəтижелеріне түзету енгізу). Жалпы орта жүйе үшін мультимедиа-ресурстарын құру жəне оларды практикалық қолданудың принципиалдық сұрағы оқушылардың маңызды қажеттіліктеріне негізделген позитивті мотивтер құруға арналған сəйкес əдістеменің мақсаттылығы болып табылады. Тек оқушылардың мультимедиа-ресурстарын қолдануға деген мотивациялары жоғары болған жағдайда ғана осындай ресурстарды мақсатты қолдануға нəтижелі оқыту мүмкін болады. Мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеу тəсілдерін оқыту сипаттамасын анықтау үшін оқушылардың мультимедиа-ақпаратпен жұмыс істеу барысындағы тəртіп мотивацияларының ерекшелігін қарастыру қажет. 77 Əдетте, мотив ұғымымен іс-əрекетке деген құлшынысын, адамның іс-əрекетінің қозғаушы күшін белгілейді. Мотив – қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру тілегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет