Тақырып: Оқушылардың оқытуда мультимедианы пайдаланудың әдістері Тексерген: Хакимова З. А орындаған:Әбілмұратұлы Н



бет3/3
Дата12.10.2023
өлшемі23,26 Kb.
#185081
1   2   3
Байланысты:
ОБӨЖ3

3) Мультимедиа әдістері
Мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеудің жеткілікті көп табиғи аспектілері бар. Кез келген оқушы Интернет желісінде өзінің жеке мультимедиалық сайтының болуын қалайды. Сонымен қатар, оқушылар электрондық пошта мен чатты қызыға қолданады. Интернеттің мұндай қызметтері оқушыларды коммуникативті қарым-қатынастың ерекше тəсілдерімен қамтамасыз етеді, оларға жаңа достар табуға, өзін-өзі дамытуға, өзін жария етуге көмектеседі. Осындай мақсаттарға жету үшін мультимедиа-технологияның элементтері қолданылады. Оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыру жəне жаңа білім мен технологиялық тəсілдерді тиімдірек меңгеру үдерісіне мультимедиа-ресурстарында түрлі проблемалық жағдайларды қолдану өз септігін тигізеді. Компьютерлік желілерде жұмыс істейтін пайдаланушылар проблемалық жағдайлармен жиі ұшырасып отырады. Мысалы, оқушылар олардың алдында мультимедиа-ақпараттың үлкен көлеміне жол ашылғандығын түсінеді, бірақ ақпаратпен танысу барысында бөлінген уақыт аралығында барлық ақпаратпен танысып үлегере алмаулары да мүмкін. Осындай жағдайда оқушылардың ақпаратты іздеу жəне өңдеу дағдылары жеткіліксіз болып шығады, 79 проблемалық жағдай туады, соның салдарынан осындай білік пен дағдыны мұғалімнің көмегіне жүгіну арқылы жетілдіріп отыруға деген қажеттілік туындайды. Проблемалық жағдайларды шешу қажеттілігі – оқушылардың мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеу мотивтерінің бірі. Жағдайдың мəселелі (проблемалы) болуы оқушылардың неғұрлым аз уақыт бөлігінде қажет мультимедиа-ақпаратты алуға деген қызығушылықтарының салдары болып табылады. Бұл үшін мұғалім оқушыларды жұмыс уақытын жоспарлауды үйретуі, іздеу жүйелері мен каталогтардың көмегімен бір тапсырманы бірнеше тəсілмен орындауды, алынған мультимедиа-ақпаратты сыни бағалауды үйрету керек.
Тек оқушылардың мультимедиа-ресурстарын қолдануға деген мотивациялары жоғары болған жағдайда ғана осындай ресурстарды мақсатты қолдануға нəтижелі оқыту мүмкін болады. Мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеу тəсілдерін оқыту сипаттамасын анықтау үшін оқушылардың мультимедиа-ақпаратпен жұмыс істеу барысындағы тəртіп мотивацияларының ерекшелігін қарастыру қажет. 77 Əдетте, мотив ұғымымен іс-əрекетке деген құлшынысын, адамның іс-əрекетінің қозғаушы күшін белгілейді. Мотив – қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру тілегі
Қолданылған әдебиеттер:

1.Байтұрсынова А. Шығармалары. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 147 б.


2.Реформатский А.А. Введение в языкознание. – М.: Учебно-пед. изд., 1960. – 254 с.
3.Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы: Мектеп, 1966. – 261 б.
4.Черникова Н.В. Семантические неологизмы в современном русском языке: (80-90 годы ХХ в.): Автореф. канд. дис. филол. наук. – М., 1977. – 22 с.
5.Гак В.Г. Метафора в языке и тексте. – М.: Наука, 1988. – 212 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет