Білім беру - бұл әлеуметтік құбылыс ретінде дербес жүйе, оның негізгі функциясы қоғам мүшелерін оқыту және тәрбиелеу, белгілі бір білімді, идеяларды, адамгершілік құндылықтарды, іскерлік, дағдылар, мінез құлық нормаларын меңгеруге бағытталады, олардың мазмұны қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты және қоғамның материалдық техникалық даму деңгейін анықтайды (И.В.Сластенин).
Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшем көрсеткіштерінің өзгеру процесі.
Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі.
Ресей педагогы И.П. Подласый педагогикалық категориялар арасындағы байланысты төмендегідей көрсетеді: