Тақырып 1. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым. Мақсаты – педагогика ғылымы тәрбие, білім беру мен оқытудың заңдылықтары мен принциптері жөніндегі ғылым екендігін көрсету және оның категорияларының мәнімен таныстыру. Қарастырылатын сұрақтар:
1. Педагогикасөзі гректің «Paidos»- бала , «ago» жетелеу деген сөзінен шыққан. Сөзбе- сөз аударғанда бұл ежелгі Грециядағы ауқатты адамдардың балаларын жетелеп жүрген құлды айтқан. Біртіндеп педагогика сөзі кең мағынада «баланы өмірге жетелеуші», яғни тәрбиелеуші, оқытушы деген мағынаны білдіріді.