5. Педагогикалық технологияларды іске асыру принциптері
Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай əдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса көңіл аудару аса маңызды: 1. Мұғалімнің педагогикалық кəсіби қабілетіне сену принципі; 2. Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пəннен бастауыш сынып оқушысының кепілді дайындығы болу принципі; 3. Оқу үдерісінің модульдік жобалау принципі; 4. Бастауыш мектептегі кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті жойып, бұрынғы дəстүрлі оқыту көздерін дұрыс арақатынаста үйлесімді пайдалану принципі; 5. Ұйымдастыру жəне оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы мəліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сəйкесттік принципі; 6. Бастауыш мектептің мұғалімдері мен оқушыларының оқу үдерісіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі; 7. Бастауыш сынып оқушыларының жалпы біліктілігінің нəтижесінде пəндік біліктілік əдістерін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принциптері; 8. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі; 9. Əр бастауыш сынып оқушысының жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі.